Panasonic NN-ST27HMZPE Operating Instructions Manual page 96

Hide thumbs Also See for NN-ST27HMZPE:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Микротолқынды пеште пайдалануға жарамды ыдыс-аяқ
ПЛАСТИК ЫДЫС
Көптеген пластик ыдыстарды микротолқынды пештерде
пайдалануға болады. Тек микротолқынды пештерде
пайдалануға арналған пластик ыдыстарды ғана
пайдаланыңыз. Меламиннен жасалған ыдыстарды
пайдаланбаңыз, себебі олар балқып кетуі мүмкін.
Құрамында қанты немесе майы көп өнімдерді, сондай-ақ,
ұзақ уақыт дайындауды талап ететін өнімдерді (мысалы,
ажарланбаған күріш) дайындау үшін пластик ыдысты
пайдаланбаңыз. Маргарин немесе йогурт ыдыстарын
тағамды жылыту үшін пайдаланбаңыз, себебі олар
қыздырған кезде балқып кетеді.
ҚАҒАЗ ЫДЫС
Пісірілген тағамдарды және бекондарды олардан сұйықтық шашырамас
үшін ақ қағаз майлықтармен (қағаз сүлгілермен) жабуға болады (ТЕК
ҚЫСҚА УАҚЫТҚА ЖЫЛЫТУ КЕЗІНДЕ). ҚАҒАЗ СҮЛГІНІҢ
БӨЛІКТЕРІН ҚАЙТА ПАЙДАЛАНУҒА БОЛМАЙДЫ. Синтетикалық
талшықтары бар қағаз сүлгілерді пайдаланбаңыз. Қағаз сүлгілердің
қаптамасында микротолқынды пештерде пайдалануға жарамды екендігі
туралы көрсетілгеніне көз жеткізіңіз. Балауыз жағылған немесе
пластикпен жабылған шыныаяқтарды пеште пайдалануға болмайды,
себебі олардың қақпақтары пеште балқып кетуі мүмкін. Қызуға төзімді
қағазды тәрелкенің астына төсеу үшін пайдалануға болады. Сондай-ақ
онымен майлы өнімдерді жабуға болады. Бір рет пайдаланылатын ақ
түсті қағаз тәрелкелерді тек микротолқынды режимде қысқа уақытқа
қыздыру үшін ғана пайдалануға болады.
АҒАШТАН, САБАННАН ТОҚЫЛҒАН ЫДЫС
Бұндай ыдысты микротолқынды пеште қолдануға болмайды. Ұзақ
уақыт бойы және тұрақты пайдаланған жағдайда ол жарықшақтанып
кетеді.
АЛЮМИНИЙ ФОЛЬГА
Еттің мұзын еріткен кезде, ет жиектерін жұмсақ алюминий фольганың
кішігірім бөлігімен жабуға болады. Микротолқынды сәулелер
фольгадан өтпейтіндіктен, ол осы аймақтарды шамадан тыс ысып
кетуден қорғайды.
Ұшқындау немесе пештің зақымдалуын болдырмау үшін, фольга пештің
ішкі бөліктеріне тиіп тұрмау керек.
КӨМЕШТЕУГЕ АРНАЛҒАН ПАКЕТТЕР
Ұзақ уақыт бойы көмештеу кезінде, еттің кесілген бөлігінің жиегін жабу
үшін пакетті кесуге болады. ОСЫНДАЙ ПАКЕТТЕРДЕ БОЛАТЫН
МЕТАЛЛ ТҮЙРЕУІШТЕРДІ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
10
KAZ

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Nn-st25hbzpe

Table of Contents