Panasonic NN-ST27HMZPE Operating Instructions Manual page 92

Hide thumbs Also See for NN-ST27HMZPE:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қауіпсіздік шаралары
Қақпақтар
Микротолқынды пешке тағамды салмас бұрын,
құмыралардың, ыдыстардың және
контейнерлердің қақпақтарын ашып салыңыз.
Егер қақпағын ашпай қалдырсаңыз, ішінде пайда
болған бу мен қысым тамағы бар ыдыстың
жарылуына алып келуі мүмкін (тіпті
микротолқынды пешті өшіргеннен кейін де).
Балаларды тамақтандыруға арналған
бөтелкелер және консервілер
Балаларды тамақтандыруға арналған бөтелкелерді
пешке емізіксіз және қақпақсыз салу қажет.
Бөтелкенің түбіндегі сұйықтыққа қарағанда
жоғарғы жағындағы сұйықтық ыстығырақ
болады, сондықтан температурасын тексермес
бұрын, бөтелкені сілкіп, ішіндегісін әбден
араластыру қажет. Баланы тамақтандырмас
бұрын, бала күйіп қалмас үшін бөтелкенің
ішіндегісінің температурасын тексеріңіз. 23-бетті
қараңыз
Пісірілген жұмыртқалар
Қабығы ашылмаған жұмыртқаларды қайнатуға
немесе қайнап пісірілген жұмыртқаларды
микротолқынды пеште ысытуға болмайды, себебі
олар тіпті жылыту процесін тоқтатқаннан кейін де
жарылып кетуі мүмкін.
Қабығы бар азық-түліктер
Борқылдақ емес қабығы бар азық-түліктерді
(картоп, жұмыртқа сарысы, сосиска және т.б.)
дайындау кезінде, олар жарылып кетпес үшін,
оларды алдын ала тесіп алуға кеңес беріледі.
Қағаз және пластик
Пластик немесе қағаз қаптамасы бар азық-
түліктерді жылыту кезінде, жылыту процесін
қадағалап отыру қажет, себебі қатты қызып
кеткен жағдайда пластик немесе қағаз тұтанып
кетуі мүмкін. Пешке тағамдық өнімдерді салмас
бұрын, барлық металл сым түйрегіштердің
барлығын алып тастаңыз. Олар қаптаманың
ішінде болуы мүмкін және пештің ішінде ұшқын
шашырауға себеп болуы мүмкін.
Пешке шикізаттан жасалған қағазға (мысалы,
орама қағаздар немесе қағаз сүлгілер) оралған
өнімдерді салмаңыз, себебі қағазда ұшқын
шашуға алып келетін қоспалар болуы мүмкін
немесе пеш іске қосылған кезде, қағаз тұтанып
кетуі мүмкін. Тек қағазда «Микротолқынды
пештерде пайдалану кезінде қауіпсіз» деген
сияқты арнайы жапсырмасы бар болған жағдайда
ғана, бұндай өнімдерді пешке салуға болады.
Сұйықтықтар
Микротолқынды пеште сұйықтықтарды жылытқан
кезде, олар қайнау температурасынан жоғары көзге
көрінетін көпіршіктер шығармай-ақ жылиды.
Нәтижесінде пештен ыдысты шығарар кезде, қайнап,
шалпылдап шашырауы мүмкін. Сондықтан келесі
ережені ұстаныңыз:
Бүйірі тегіс және мойны жіңішке ыдыстарды
a)
пайдаланбаңыз.
Сұйықтықтың шамадан тыс қызып кетуіне жол
b)
бермеңіз.
Сұйықтықты екі рет араластырыңыз: бірінші рет
c)
— сұйықтық құйылған ыдысты пешке салмас
бұрын, екінші рет — жылыту үшін орнатылған
уақыттың жартысы өткен кезде.
Сұйықтық жылығаннан кейін, оны пеште кішкене
d)
уақытқа қалдырыңыз, содан кейін араластырып,
пештен мұқият шығарыңыз.
Шыжып тұрған майда қуыру
Тағамдық өнімдері қайнап тұрған майда қуырмаңыз.
Ұшқын шашырау
Металл ыдысты пайдаланғанда немесе сәйкес
келмейтін салмақтағы порцияны дайындаған кезде,
кенеттен ұшқын шашырауы мүмкін.
Микротолқынды пештегі ұшқындау көк түсті
жарқыл сияқты болуы мүмкін. Ұшқындау
жағдайында пешті дереу өшірген жөн. Пеш қараусыз
қалған кезде болған ұшқындау оның зақымдалуына
себеп болуы мүмкін.
Етке арналған термометр
Еттің немесе құс етінің дайын болу деңгейін анықтау
үшін, етке арналған термометрді пайдалануға болады. Бұл
үшін тағамды пештен алдын ала шығарып алу қажет. Егер
тағам дайын болмаса, оны пешке қайта салып, ұсынылған
қуаттылық деңгейінде бірнеше минутқа қойып
дайындаңыз. Тағамды дайындау кезінде микротолқынды
режим қосылып тұрғанда, етке арналған кәдімгі
термометрді пештің ішінде пайдалануға болмайды.
6
KAZ

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Nn-st25hbzpe

Table of Contents