Panasonic NN-ST27HMZPE Operating Instructions Manual page 94

Hide thumbs Also See for NN-ST27HMZPE:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Жалпы нұсқаулық
ТАҒАМҒА АРНАЛҒАН ПЛЕНКА
Тағамға арналған пленка тағамда ылғалды сақтауға
мүмкіндік береді, соның арқасында тағамды
жылыту уақыты азаяды. Дегенмен тағамды
қыздырмас бұрын, артық будың шығуын
қамтамасыз ету үшін, плёнканы бірнеше жерінен
тескен жөн. Күйіп қалу жағдайларын болдырмау
үшін, тағамнан пленканы ашып алар кезде, мұқият
болыңыз.
ФОРМА
Формасы тегіс өнімдер біркелкі жылытылады.
Микротолқынды пеште тағамдар шаршы формалы
ыдысқа қарағанда, дөңгелек формалы ыдыста
жақсырақ дайындалады.
БАСТАПҚЫ ТЕМПЕРАТУРА
Өнімнің бастапқы температурасы төмен болған
сайын, оны қыздыруға көбірек уақыт кетеді. Бөлме
температурасындағы өнімді қыздырғанға қарағанда,
тоңазытқыштан алынған тағамды қыздыруға
көбірек уақыт кетеді. Пешке салғанға дейінгі
тағамдық өнімдердің температурасы 5...8 °C градус
шамасында болуы қажет.
СҰЙЫҚТЫҚТАР
Сұйықтықтарды жылытқан кезде, оларды ПЕШКЕ
САЛҒАНҒА ДЕЙІН, ЖЫЛЫТЫП ЖАТҚАН
КЕЗДЕ және ЖЫЛЫТЫП БОЛҒАННАН КЕЙІН
араластыру қажет. Ыдыстан шайқалып төгіліп
кетуін болдырмау үшін, суды жылытпас бұрын
және жылытып жатқанда араластыру қажет.
Қайнап болған сұйықтықты жылытпаңыз.
СҰЙЫҚТЫҚТЫҢ ШАМАДАН ТЫС ҚЫЗЫП
КЕТУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ.
АУДАРЫСТЫРУ ЖӘНЕ АРАЛАСТЫРУ
Кейбір тағамдық өнімдерді жылыту кезінде
араластырған жөн. Етті және құс етін жылытқан
кезде, оны басқа бетін де жылыту үшін аудару
қажет.
ОРНАЛАСТЫРУ
Өнімдердің бөлек бөліктерін, мысалы, тауықтың
кесілген бөліктерін немесе жанышталған еттерді
ыдысқа салғанда, олардың қалың жақтары
ортасынан алысырақ орналасуы керек.
ТАҒАМНЫҢ ДАЙЫН БОЛУ ДЕҢГЕЙІН
ТЕКСЕРУ
Дайындау барысында және рецепт бойынша
көрсетілген уақыт аяқталған кезде, тіпті
АВТОБАҒДАРЛАМА пайдаланылып жатса да,
тағамның дайындығын тексеріп отыру маңызды
болып табылады (кәдімгі духовканы
пайдаланғанмен бірдей). Егер тағам әлі дайын
болмаса, оны пешке қайта салып, дайын болғанша
әзірлеңіз.
ЫДЫС КӨЛЕМІ
Ыдыстың көлемі тағамды жылыту уақытына әсер
етеді. Сондықтан рецепт бойынша көрсетілген
ыдыс көлемін пайдалану қажет. Кішкентай ыдысқа
салынған тағамға қарағанда, үлкен ыдысқа
салынған дәл сол көлемдегі тағам тезірек жылып,
тезірек дайын болады.
ТАЗАЛАУ
Тағамның бөліктеріне микротолқынды сәулелену
әсер ететін болғандықтан, пешті таза ұстаған жөн.
Тамақтан қалған кетуі қиын дақтарды
микротолқынды пештерге арналған аэрозольды
тазалау құралдарын жұмсақ матаға жағып,
ысқылап кетіруге болады. Тазалап болғаннан
кейін, пешті құрғатып сүртіп шығыңыз.
8
KAZ

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Nn-st25hbzpe

Table of Contents