Panasonic NN-ST27HMZPE Operating Instructions Manual page 89

Hide thumbs Also See for NN-ST27HMZPE:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
5. Микротолқынды пеш тағамдар мен
сусындарды жылытуға арналған.
Пешті тағамдық өнімдерді, газеттерді,
киімдерді, маталарды, губкаларды
және т.б. кептіру, жылытқыларды, аяқ
киімдерді қыздыру үшін пайдаланған
жағдайда, жарақат алу немесе өрт
шығу қауіптеріне алып келуі мүмкін.
6. Микротолқынды пешке арналған
ыдысты ғана пайдаланыңыз.
7. Пеш тек есігін жапқан кезде ғана
жұмыс істейді.
8. Пешті сақтауға қойған кезде, оның
ішіне ішкі жабдықтарынан басқа
заттарды салмаңыз, себебі ол кенеттен
іске қосылып кеткен жағдайда
зақымдалуы мүмкін.
9. Пештің ішіне тағам салмайынша, оны
қосуға болмайды.
Бұл құрылғының зақымдалуына алып
келуі мүмкін.
10. Түтіндеп кеткен жағдайда,
«Стоп/Қайта орнату» батырмасын
басып, есігін ашық қалдырыңыз және
қуат сымын ажыратыңыз немесе бүкіл
пәтердегі электрді өшіріңіз.
11. Пештің жарықтандыратын шамдарын
тек өндіруші арқылы оқытудан өткен
сервистік қызмет маманы ауыстыруы
қажет. Пештің сыртқы панелін өз
бетіңізше алуға тырыспаңыз.
Орнату
Микротолқынды пешті қарап шығыңыз
Пешті қаптама материалынан шешіп, алыңыз.
Пештің ешқандай жері майыспағандығын,
есік тиектерінің бүлінбегендігін, есікте
ешқандай сызаттың жоқтығын және т.б.
тексеріңіз. Қандай да бір ақауларды тапқан
жағдайда, дилерге дереу хабарласыңыз.
Зақымдалған микротолқынды пешті
орнатпаңыз.
Жерге тұйықтау жөніндегі нұсқаулар
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚАУІПСІЗДІК
МАҚСАТТАРЫ ҮШІН ПЕШТІ АУЫСТЫРУ
ҚАЖЕТ.
Егер желілік розетка жерге тұйықталмаған
болса, сатып алушы оны жерге тұйықталатын
розеткамен ауыстыруы қажет.
Жұмыс істеу кернеуі
Желідегі кернеу фирмалық жапсырмада
көрсетілген кернеуге сәйкес болуы тиіс. Кернеуі
көрсетілгеннен жоғары желіге жалғаған жағдайда,
тұтану немесе басқа да зақым алу жағдайлары
орын алуы мүмкін.
Пешті орнату
Бұл құрылғы тұрмыстық және соған ұқсас
қолданысқа арналған, мысалы:
• кәсіпорындардағы, кеңселердегі және басқа
да жұмыс мекемелеріндегі қызметкерлерге
арналған асүйлерде;
• ауылдағы үйлерде;
• қонақүй, мотельдер және басқа да
мекендеуге арналған орындарда;
• «түнеуге және таңғы ас ішуге» арналған
қонақүйлерде пайдалануға арналған.
1. Пешті еденнен 85 см төмен болмайтын
тегіс, берік әрі тұрақты беткейге
орнатыңыз.
Пеш бөлек орнатылуы тиіс. Оны шкаф
ішіне орнатуға болмайды.
2. Орнатылған пештің штепсельдік ашасын
розеткадан суыру арқылы немесе
автоматты сөндіргішті өшіру арқылы
оңай токтан ажыратуға болатынын
ескеріңіз.
3
KAZ

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Nn-st25hbzpe

Table of Contents