Жеткізілім Жиынтығы - BRAYER BR1200WH Instruction Manual

Table blender
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
28
KZ
бойынша қосылады. Блендерді өшіру үшін « »
«ICE CRUSHING» түймесін тағы басыңыз.
• Жұмыстың қарқынды тәртібін « » «PULSE» қосу
үшін «PULSE» түймесін басып, ұстап тұрыңыз,
осы кезде түйменің көмескі жарығы жанады.
• Жұмысты аяқтағаннан кейін тұтқаны (9) «OFF»
күйіне орнатып, желілік бау айырын розеткадан
шығарыңыз.
• Ескертпе: — егер азықтарды өңдеу қиындаса,
онда блендер тостағанына (3) аздаған су, шырын,
сорпа ж.с.с. қосуға болады.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМІ
• Тостағанды (3) алдын-ала жуып алыңыз, ол үшін
тостағанға (3) су құйып, аздап бейтарап жуатын
құралдан қосыңыз.
• Тостағанды (3) оған өлшейтін стакан (1) орна-
тылған қақпақпен (2) жабыңыз.
• Желілік баудың айырын электрлік розеткаға
салыңыз.
• Тұтқаны (9) «ON» күйіне орнатыңыз, осы кезде
тұтқадағы (9) көмескі жарық (8) жанады.
• Жұмыстың қарқынды тәртібін « » «PULSE» қосу
үшін «PULSE» түймесін басып, ұстап тұрыңыз,
осы кезде түйменің көмескі жарығы жанады,
«PULSE» түймесін бірнеше секундтан кейін
жіберіңіз.
• Тостағанды (3) жууды аяқтағаннан кейін тұтқаны
(9) «OFF» күйіне орнатып, желілік бау айырын
розеткадан шығарыңыз.
• Тостағаннан (3) қақпақты (2) шешіңіз.
• Тостағанды (3) моторлық блоктан (7) шешіңіз, жу-
атын ерітіндіні төгіп тастаңыз, оны жуып, шайып,
артынан кептіріңіз.
• Өлшейтін стаканды (1), қақпақты (2) бейтарап
жуатын құрал қосылған жылы сумен жуыңыз,
шайыңыз және кептіріңіз.
ҰСАҚТАҒЫШ-ПЫШАҚТАРДЫ (5) ШЕШУ ЖӘНЕ
ОРНАТУ
• Ұсақтағыш-пышақтарды (5) шешу үшін бекіткішті
(6) бағыттың сағат тіліне қарсы бұрап, шешіңіз.
Ұсақтағыш-пышақтарды (5) және тығыздайтын
төсенішті (4) шығарыңыз (1-сурет).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Ұсақтағыш-пышақтар (5)
өткір және қауіп тудырады. Ұсақтағыш-пышақтар-
ды (5) абайлап қолданыңыз.
• Ұсақтағыш-пышақтарды (5) (тек қана пышақ
жағынан), тығыздайтын төсенішті (4) бейтарап
жуатын құрал қосылған жылы сумен жуыңыз,
шайыңыз және кептіріңіз.
• Блендер тостағанын (3) бейтарап жуатын құралы
бар жылы сумен жуыңыз, шайыңыз және құрғатып
сүртіңіз.
• Тығыздайтын төсенішті (4) ұсақтағыш-пышақтарға
(5) орнатыңыз.
• Ұсақтағыш-пышақтарды (5) тостағанға (3) ор-
натыңыз, бекіткішті (6) орнатып, оны сағат тілі
бойынша бұраңыз (1-сурет).
• Бекіткішті (6) бұраған кезде төсенішті (4) бүлдір-
меу үшін асыра күш салмаңыз.
• Моторлық блоктың корпусын (7) дымқыл жұмсақ
матамен сүртіп, артынан құрғатып сүртіңіз.
• Моторлық блоктың корпусын (7) және шешілетін
бөлшектерді тазалау үшін абразивтік тазалау
құралдары мен еріткіштерді пайдалануға тыйым
салынады.
• Моторлық блоктың корпусын (7) кез-келген
сұйықтыққа салуға, оны және оның шешілмелі
бөлшектерін ыдыс жуатын машинаға салуға
тыйым салынады.
САҚТАУ
• Құралды сақтауға алып қоярдың алдында оны
тазалап алыңыз.
• Құралды салқын және құрғақ жерде, балалардың
және мүмкіндігі шектеулі адамдардың қол жетімсіз
жерінде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗІЛІМ ЖИЫНТЫҒЫ
1.
Үстелүстілік блендер — 1 дана.
2.
Нұсқаулық — 1 дана.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
• Қуаттандыру кернеуі: 220-240 В, ~ 50/60 Гц
• Номиналдық тұтыну қуаттылығы: 1600 Вт
KZ
• Тостағанның мөлшері: — 1,8 литр
• Максималдық жұмыс уақыты: — 1 минут
КӘДЕГЕ АСЫРУ
Қалдықтардың бақыланбай пайдаға
асыруынан қоршаған ортаға немесе
адамдардың денсаулығына зиян келтір-
меу үшін құралдың немесе қуаттандыру
элементтерінің (егер жиынтыққа кірсе)
қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін оларды
әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз,
аспапты және қуаттандыру элементтерін одан әрі
пайдаға асыру үшін арнайы орындарға жіберіңіз.
Бұйымдарды қайта өңдеу кезінде пайда болатын
қалдықтар белгіленген тәртіп бойынша артынан
қайта өңделетін міндетті жинауға тиесілі.
Берілген өнімді қайта өңдеу туралы қосымша
ақпаратты алу үшін жергілікті муниципалитетке, тұр-
мыстық қалдықтарды қайта өңдеу қызметіне немесе
өзіңіз осы өнімді сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
Өндіруші алдын-ала ескертусіз, құралдың дизай-
нын, конструкциясы мен оның жалпы жұмыс ұста-
нымдарына әсер етпейтін техникалық сипаттама-
ларын өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
Құралдың қызмет ету мерзімі — 3 жыл
29

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents