Download Print this page

MSA 10102693 Use And Maintenance Instructions page 45

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 13
ҚАЗАҚША
P/N 10102429
ҚАЗАҚША
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Бұл нұсқаулықтарда сипатталған арқандар жұмыс барысында бірқалыпты ұстап тұратын және биіктіктен құлаудың алдын алуға
арналған жеке қорғаныс жабдығы (ЖҚЖ) болып табылады. Олар жекелей құлаудан қорғану жабдығының жұмыс барысында
шектейтін және бірқалыпты ұстап тұратын жүйесінде бекіту жүйесінің құрамдасы ретінде пайдалануға арналған және оны шектеуі
мен мақсатынан тыс пайдаланбау керек. Бұл жеке қорғаныс жабдығы (ЖҚЖ) 2016/425 (ЕО) Еуропалық нұсқамасына сәйкес
келеді. Сәйкестік декларациясын мына сілтеме арқылы табуға болады: https://MSAsafety.com/DoC.
Жұмыс күйі және бекіту жүйесі–бұл мына жағдайларда қолданылатын, құрамына қажетті қосқыштар кіретін компоненттер мен
ішкі жүйелердің жиынтығы:
(а) жұмысшыға екі қолымен еркін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, оны биіктікте жұмыс істеу кезінде тұрақтандыруға және аздап
сүйеп ұстау тұруға арналған. Жүйенің мұндай түрін жұмыс кезінде бекіту жүйесі немесе жай бекіту жүйесі не деп атайды
(б) жұмыс істеу кезінде құлап қалу қаупі мол жерлерге жұмысшының жақындауын болдырмау үшін оның қозғалысын шектеуге
арналған. Сақтандырғыш жүйелерінің бұл түрін ұстағыш жүйесі немесе қозғалысты шектеуші жүйелер деп атайды.
Бекіту жүйесіне сым арқан және сым арқан мен бекіткіш қосқыштарының элементтері немесе тіреу қосқыштары жатады. Мұндай
қосқыш элементтер негізінен бекіткішке немесе тіреу қосқышқа қосылған, бекіткішті айнала оратылған белдік пен орамдардың
D-пішінді тіреу шығыршықтарына бекітілген бекіткіш белбеуден тұрады. Дене қалпын бекіту жүйесі әрқашанда құлауды бәсеңдету
жүйесімен бірге қолданылуы қажет. Қозғалысты шектеу жүйесі қандай да бір D-пішінді шығыршыққа немесе тіреу қосқышқа
бекітілген сым арқаннан және ұзындығы бекітілген немесе келтірілген белбеуден тұрады.
Арматурадан жасалған бекіткіш сақтандырғыш белбеулерді пайдалану кезінде екі кішкене карабинді жамбастағы немесе белдегі
бекіту нүктелеріне денеңіздің алдыңғы жағындағы үлкен карабинді сым арқанға бекітіңіз. Үлкен карабинді ыңғайлы бекіткішке
қосыңыз. Жұмысшы бір мезетте құлауды бәсеңдету жүйесіне бекітілуі тиіс. (Сурет 4B)
Суретте (2, 3) көрсетілген ретпен, арқанды бекітіңіз және реттеңіз. Қолданар алдында барлық қосылған буындарын тексеріп, олар
жабық және берік тұрғанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс кезінде бекіту және/немесе реттеу элементтерін үнемі тексеріп отырыңыз.
Аталмыш нұсқаулықпен танысу және тұтынушыларға осы құралды пайдалануды кәсіби оқытудың жауапкершілігі MSA
компаниясының арқандарын пайдаланушыға жүктеледі. Сақтандыру құралдарын қолданар алдында тиісті дайындықтан өтіп,
оның жұмыс істеу принципін толық түсіну қажет.
Химиялық қауіпті факторлар, күннің ыстығы мен коррозия сақтандыру арқандарын зақымдауы мүмкін. Мұндай жағдайларда
тексерулерді жиі өткізу қажет. Температура -30°C 0-ден төмен және 50°C 0-ден жоғары болған жағдайларда сақтандыру белдігін
қолдануға тыйым салынады. Электр тогымен зақымдану қаупі туындаған кезде, қозғалыстағы құрал-жабдықтардың маңында
және шатқалдарға жақын жерлерде тиісті қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар.
Пайдаланушыда құтқару жоспары және оны жүзеге асыру құралдары болуы тиіс. Бұл жоспар күтпеген жағдайларда жедел
құтқару үшін қажетті жабдықтарды және арнайы оқуларды қарастыруы қажет.
Сақтандыру арқанын басқарып отыру үшін оны тіркеу арқылы таратуға кеңес беріледі. Бұл нұсқауды және тіркеу карточкасын
әрбір сақтандыру арқанымен бірге таратып, сақтау керек.
Сақтандыру арқандарына бекітілетін барлық компоненттер сәйкес келуі КЕРЕК. Осы сақтандыру арқанын MSA компаниясы
өндірген тіркелген компоненттерді ғана пайдаланыңыз. Осы сақтандыру арқанымен бірге қолданылатын компоненттер бойынша
нұсқаулық пен қауіпсіздік шараларын сақтау МІНДЕТТІ.
Бұйымды орташа пайдалану ұзақтығы 5 жылды құрайды. Дегенмен қажетті түрде сақтамау, дұрыс пайдаланбау, іске
қосылған құлаудан қорғау жүйесі, механикалық өзгерістер, химиялық заттармен (қышқылдар мен сілтілер) байланысу, жоғары
температуралардың әсер етуі сияқты факторлар бұйымның техникалық сипаттамаларын төмендетіп, оның пайдалану мерзімін
азайтуы мүмкін.
Биіктікте жұмыстар жүргізу үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамды болу қажет. Арқанды әдеттегі пайдалану кезінде
кейбір медициналық аурулар, сондай-ақ апатты жағдайларда (дәрі-дәрмектер қабылдау, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі және
т.б.) пайдаланушы қауіпсіздігіне зиян тигізуі мүмкін. Егер күмәндансаңыз қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз. Сақтандыру
арқанын жүкті әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қолдануға БОЛМАЙДЫ.
САҚТАНДЫРУ
Сақтандырғыш белбеулері құлауды бәсеңдетудің дербес жүйелерінде қолданылмауы тиіс. Баулардың бапталмайтын ұзындығы
үшін қолданушы жүйенің ұзындығы жылжудың ұсынылған шектеуіне сай екендігін тексеруі тиіс. Сым/белбеудің байланыс
элемент(тер)і EN 358 сійкестендірілуі тиіс.
Құлаудан қорғану үшін немесе биіктікке көтерілу кезінде белге оралған D–пішінді шығыршықты ешқашан пайдаланбаңыз.
Жамбас деңгейіндегі D-пішінді шығыршықты ТЕК жұмыс істеу қалпын белгілеу жүйесін (EN 358) қосу үшін ғана қолдану ҚАЖЕТ
және құлаудан қорғау жүйесі немесе биіктікке көтерілгенде ЕШҚАШАН қолданылмайды. Жұмыс қалпын белгілеудің қосымша
шаралары ретінде әрдайым белге оралатын D-пішінді шығыршықтың екеуін де пайдаланыңыз. Бекіту түріндегі байлау жүйелерін
жеке тәуелсіз сақтандыру жүйесімен толықтыру қажет. Ұстап тұратын арқанды жұмыс қалпын бекіту нүктесі бел деңгейінде
немесе белден жоғары орналасатындай етіп реттеңіз. Оның 0,6 м аспайтын шамада қатты тартылуын қамтамасыз етіңіз.
© 2019 MSA
Page 45

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

10102695101026891010269210102694