Philips PerfectCare PSG7014/10 User Manual page 42

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 4
Қазақ
44
Үтік табанын қақтан тазалау
Құрылғының қаспағын ұдайы кетіріп тұрмасаңыз, оның табанында қаспақтың жиналып қалуына
байланысты қоңыр дақтар түзілуі мүмкін. Табанды қаспақтан тазарту үшін келесі ресімді орындаңыз.
Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ресімді екі рет орындауға кеңес береміз.
1 Құралдың суығанын тексеріп, үтік табанын ылғал шүберекпен тазалаңыз.
2 Үтіктің түпқоймасынан үтікті және су ыдысын алыңыз.
3 EASY DECALC тұтқасын алыңыз да, суды EASY DECALC тесігі арқылы ағызыңыз.
4 Құрылғыны, EASY DECALC тесігі жоғары қарап тұратындай ұстап тұрыңыз да, тесікке бөтелкеден
немесе саптыаяқтан 500 мл су құйыңыз. (20-сурет).
Ескертпе. Суды шүмектің өзінен жылытқышқа құймаңыз.
Ескертпе: құрылғыны еңкейткен кезде ауыр салмағын ескеріңіз.
Ескерту: хош иісті суды, кептіргіштен алынған суды, сірке суын, крахмалды, қақ
түсіру заттарын, үтіктеу заттарын, химиялық түрде қағы түсірілген суды немесе басқа
химикаттарды пайдаланбаңыз, өйткені олар судың шашырауына, қоңыр дақтарға әкелуі
немесе құрылғыны зақымдауы мүмкін.
5 EASY DECALC тесігін жоғары қаратып, EASY DECALC тұтқасын өз орнына қойыңыз да, оны бекіту
үшін сағат тілімен бұраңыз (21-сурет).
6 Құрылғыны тұрақты және тегіс бетке кері салыңыз. Су ыдысын жартылай толтырыңыз. Құралды
қосып, 5 минут күтіңіз.
7 Қалың матаның бірнеше бөлігін үтікті алға және артқа қозғалту арқылы 3 минут бойы үтіктеу
кезінде бу шығарғышты басып тұрыңыз (22-сурет).
Ескерту: Табаннан ыстық, ластанған су (шамамен 100-150 мл) асып төгіледі.
8 Су табаннан шығуын тоқтатқан болса, тазартуды доғарыңыз.
9 Құрылғыны бірден пайдалануды тоқтатыңыз. Болмаса, қақ кетіру аяқталғаннан кейін құрылғыны
ажыратыңыз.
Сақтау
1 Құралды өшіріп, розеткадан ажыратыңыз.
Ескертпе: су ыдысын қолданған сайын, оның суын төгіп тұрған жөн.
2 Үтікті үтік түпқоймасына қойыңыз да, оны тасымалдау бекітпесін босату түймесін басу арқылы
бекітіңіз (23-сурет).
3 Құралды суытып қойыңыз.
4 Бу жеткізу шлангысын бүгіп, бу жеткізу шлангысын сақтау орнына салыңыз (24-сурет).
5 Қуат сымын бүгіп, Velcro таспасымен бекітіңіз.
6 Үтік түпқоймаға бекітілгенде үтіктің тұтқасынан ұстап бір қолмен алып жүруге болады.
Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құралда орын алуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинақталған. Егер төмендегі
ақпараттың көмегімен мәселені шеше алмасаңыз, www.philips.com/support торабына кіріп,
жиі қойылатын сұрақтар тізімін қараңыз немесе еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз.
Мәселе
Үтік табанынан кір су,
қоңыр дақтар немесе ақ
ұлпалар шығады.
Себебі
Құрал ішінде қақ тұрған,
себебі ол мерзімді түрде
қақтан тазартылмаған.
Шешім
Құрылғы мен табандағы қаспақты
кетіріңіз («Тазалау және күту» бөлімін
қараңыз).

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Perfectcare 7000 seriesPerfectcare psg7024/20

Table of Contents