Download Print this page

BRAYER BR1257 Instruction Manual page 36

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
36
KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛА-
НУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Құрылғыны пайдалану алдында пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз, оқыған соң
болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
• Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай, оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
• Құрылғыны дұрыс қолданбау оның бұзылуына,
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкелуі мүмкін және кепілдік жағдайы
болып табылмайды.
• Заттаңбада көрсетілген құрылғының жұмыс
кернеуі электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне
көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қондырмалармен үздіксіз
жұмыс уақытының ұзақтығы 30 секундтан
аспауы тиіс. Екі жұмыс циклынан соң, кемінде 3
минут үзіліс жасаңыз.
• Құрылғыны үй-жайдан тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
• Найзағай кезінде құрылғыны пайдалану ұсыныл-
майды.
• Құрылғыны соққыдан, құлаудан, дірілден және
басқа да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
• Желіге қосылған құрылғыны қараусыз қалдыр-
маңыз.
• Құрылғыны жылу көздерінің, жылыту аспапта-
рының немесе ашық оттың тікелей жанында
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға тый-
ым салынады.
• Құрылғыны ас үй раковинасына жақын, жуынатын
бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су толты-
рылған сыйымдылықтарға жақын жерде пайдалан-
баңыз.
• Егер құрылғы суға құлап кетсе, дереу қуаттандыру
бауының ашасын электр розеткасынан сурыңыз,
содан кейін ғана құрылғыны судан алып шығуға
болады. Құрылғыны тексерту немесе жөндету үшін
сервис орталығына жүгініңіз.
• Қуаттандыру бауы ыстық беттерге және жиһаздың
өткір жиектеріне тиюін болдырмаңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін неме-
се тазалау алдында электр желісінен сөндіріңіз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратқан кезде тек
қуаттандыру бауының ашасынан ұстаңыз және оны
электр розеткасынан абайлап шығарыңыз, қуаттан-
дыру бауынан тартпаңыз — бұл оның зақымдануы-
на әкелуі және қысқа тұйықталуын тудыруы мүмкін.
• Құрылғы корпусына, қуаттандыру бауына және
қуаттандыру бауының ашасына сулы қолыңызбен
тиіспеңіз.
• Құрылғыны алғаш пайдалану алдында өнімдермен
түйісетін, барлық шешілмелі қондырмалар мен
сыйымдылықтарды жақсылап жуыңыз.
• Жеткізілім жиынтығына кіретін бөлшектерді ғана
пайдаланыңыз.
• Құрылғының айналып жатқан бөлшектеріне
тиіспеңіз. Блендер-қондырмасы пышағының немесе

Advertisement

loading