Қазақ - Bosch UniversalChain 18 Original Instructions Manual

Hide thumbs Also See for UniversalChain 18:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 16
256 | Қазақ
Қазақ
Еуразия экономикалық одағына
(Кеден одағына) мүше
мемлекеттер аумағында
қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану
құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің
корпусында жəне қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы
бетінде көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім
қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен
бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған)
істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз
(сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш
нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана
жарамды болады.
Iстен шығу себептерінің тізімі
– қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз
– қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
– тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса,
пайдаланбаңыз
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
Пайдаланушының мүмкін қателіктері
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді
пайдаланбаңыз
– жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
– тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
– Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– орамасыз сақтау мүмкін емес
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150-69 (шарт 1) құжатын қараңыз
F 016 L94 153 | (23.06.2021)
– +5-ден +40 °C-қа дейін температурасында қоймада
өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы
ылғалдылық 80 % -дан аспауы тиіс.
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69
(5 шарт) құжатын оқыңыз
– Қоршаған орта температурасы −50 °С-тан +50 °С-қа
дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы
ылғалдылық 100 %-дан аспауы тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Белгілердің мағынасы
Қолдану нұсқаулығын оқыңыз.
Жауын жауып тұрғанда қолданбаңыз.
САҚТАНДЫРУ: Айналада тұрған адамдарды
құрал қолданған жерге жақындатпаңыз.
Шынжырлы араны әрқашан екі қолыңызбен
бекем ұстап жүріңіз.
Шынжырлы арадан кері соққы пайда бола
алуын ескере отырып, шапқы ұшына тиіп
кетуді болдырмаңыз.
Көз бен басты қорғайтын қорғаныс
құралдарын киіп жүріңіз.
Сырғанбайтын аяқ киімін киіңіз.
Қорғаныс қолғапшаларын киіңіз.
Электр құралын реттеп орнату, тасымалдау,
тазалау немесе қысқа уақыт бойы
бақылаусыз қалдыру алдынан алдымен
оның аккумуляторын шығарып алып
қойыңыз.
Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік
нұсқаулары
Осы электр құралының
ЕСКЕРТУ
жинағындағы ескертулерді,
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents