Bosch UniversalChain 18 Original Instructions Manual page 271

Hide thumbs Also See for UniversalChain 18:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 16
резервуарын босатып алуыңыз лазым. Шынжырлы
араны қайта қолдану алдынан алдымен май
резервуарының маймен толтырылып қойылғанын
тексеріп алыңыз.
Ара шынжыры мен шапқыны құрастырып орнату
(A1–A4 суреттерін қараңыз)
Тек түпнұсқа Bosch керек-жарақтарын
u
пайдаланыңыз.
Ара шынжыры мен шапқыны "Ара шынжырын керу"
тарауына сай тексеріңіз.
Тозып қалған шапқыны ауыстырып алыңыз.
Шынжырлы тісті дөңгелегін (20) тексеріңіз. Ол шамадан
тыс жүктелу арқылы тозып немесе зақымданып бұзылған
болса, оны техникалық қызмет көрсету және жөндеу
орталығы арқылы ауыстыртып алу қажет.
Ара шынжырын қайрау
Ара шынжырын қайрау бойынша тәжірибеңіз болмаған
жағдайда ара шынжырын ешқашан өзіңіз қайрамаңыз.
Ара шынжырын Bosch компаниясының ара
шынжырымен (F 016 800 489) ауыстырыңыз немесе ара
шынжырын Bosch компаниясының құралдары үшін
техникалық қызмет көрсететін арнайы орталықтарының
мамандары арқылы қайратып алыңыз.
Май автоматика жүйесін тексеру
Араны қосып, оны ұшымен картонға не қағазға қарай
қарата отырып, араны жерде ұстап тұрып, автоматтық
шынжыр майлау жүйесінің істеп тұрғанын тексеруіңізге
болады. Жерді арамен түртпей, 20 см қауіпсіздік
аралықты ұстанып отыруыңыз лазым. Осы әрекет
барысында үлкейіп тұратын май іздерінің көрінуі май
автоматика жүйесінің мінсіз түрде жұмыс істеп тұрғанын
білдіреді. Май резервуары толы болып тұрғанына
қарамастан ешбір май іздері көрінбесе "Қателерді
белгілеу" тарауын оқыңыз немесе Bosch компаниясының
техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.
Жұмыс барысынан кейін/Сақтау
Жарақаттануларға жол бермеу үшін шынжырды қорғау
құрылғысын (9) шапқы (11) үстінен орнатыңыз.
Ара шынжыры (12) жағымсыз соққылар немесе сызаттар
арқылы дөкір болып кетуі мүмкін.
Құралды сақтауға қою алдынан алдымен май
резервуарынан майды төгіп алыңыз.
Шынжырлы араның пластмассадан жасалған тұрқысын
жұмсақ қылшақ пен таза жүберекпен тазалаңыз. Су,
еріткіш және тегістеу бұйымдарын қолданбаңыз. Лас пен
кірді, әсіресе қозғалтқыштың желдету саңылауларындағы
кір мен ласты, толығымен кетіріңіз.
Жұмысқа 1 -3 сағат бойы қосылып тұрғаннан кейін
жапқышты (15), шапқыны (11) және ара шынжырын
(12) бөлектеп шығарып, олардың барлығын қылшақпен
тазалаңыз.
Жапқыш (15) астындағы аумақты,шынжырлы тісті
дөңгелегі (20) мен шапқы бекітілуін қылшақпен барлық
жабысып қалған заттардан тазалаңыз. Май бүріккішін
(21) таза бір шүберекпен тазалаңыз.
Bosch Power Tools
Нұсқау: Май бүріккіші (21) айналасындағы аумақты
қылшақпен тазаламаңыз, себебі автоматтық май
жүйесіндегі кір мен лас жиналып қалып, бітелу мен езіліп
қалуына апара алуы мүмкін.
Ағаш жоңқасы мен лас пен кір кетіріліп, май құбырлары
мен май жүйесі бітеліп қала алмайтындығын тексеріп
алыңыз.
Шынжырлы араның ұзақ уақыты бойы сақталып тұруы
қажет болса, ара шынжырын (12) және шапқыны (11)
тазалап алыңыз.
Шынжырлы араны әрқашан оның шынжыр қорғау
құрылғысымен бірге (9) қауіпсіз, құрғақ және балалар
қолы жете алмайтын жерде сақтаңыз.
Шынжырлы араның үстінен ешбір басқа заттарды
қоймаңыз.
Шынжырлы араның әрқашан оның май резервуарының
қақпақшасын (4) жоғарыға қарата қойып, көлденең
қойылуына назар аударыңыз.
Құралды оның сатылған қорабында сақтаған жағдайда
май резервуарын толығымен босатып алуыңыз қажет.
Электр құралда ешбір өзгерту жұмыстарын
өткізбеңіз. Рұқсат етілмеген түрде өзгерту жұмыстарын
өткізу электр бұйымыңыздың қауіпсіздігін төмендетіп,
шуылдар мен дірілдердің көбейіп кетуіне апара алады.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
Қазақ | 271
F 016 L94 153 | (23.06.2021)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents