Қазақша | 215 - Bosch AKE 30-19 S Original Instructions Manual

Hide thumbs Also See for AKE 30-19 S:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 18
OBJ_BUCH-1238-002.book Page 215 Wednesday, December 7, 2016 2:54 PM
Қaзақша
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану
құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің
корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде
көрсетілген.
Импорттаушы контакттік мәліметін орамада табу мүмкін.
Өнімді пайдалану нұсқаулығына қосымша
(тек Еуразия экономикалық қауымдастығы
шеңберінде Кеден одағына мүше
мемлекеттер аумағында ғана қолданылады)
 «Қауіпсіздік нұсқаулары» бөлімінің өнімді
пайдалану нұсқаулығында берілген қауіпсіздік
техникасы бойынша нұсқаулармен мұқият
танысыңыз.
 Төмендегі қосымша ақпаратты мұқият оқыңыз.
 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың
толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе
энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің
ақаулануы салдарынан электр құралының
жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда,
бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған
жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру)
қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан
шығарыңыз немесе алып - салмалы
аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы
бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен
бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған)
істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз
(сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен
істен шығу себептерінің тізімі
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді
пайдаланбаңыз
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
– тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса,
пайдаланбаңыз
– жауын –шашын кезінде сыртта (далада)
пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
– қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз
– қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
– тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Bosch Power Tools
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– орамасыз сақтау мүмкін емес
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Белгілердің мағынасы
Қолдану нұсқаулығын оқыңыз.
Электрбұйымның жауын-шашын
астында шығарылуына не жауын
астында қалуына жол бермеңіз.
Параметрлерді орнату немесе күту
және жөндеу жұмыстарын орнату
алдынан немесе электр кабелі
зақымданған не кесілген жағдайда
электрбұйым айырын дереу
шығарып алыңыз.
Электрбұйымды қолданған уақытта
әрқашан қорғау көзәйнектері мен
қорғау құлаққаптарын киіп жүріңіз.
Кері соққы тежеуіші мен шығару
тежеуіші арқасында ара шынжыры
қысқа уақыт ішінде тоқтатыла
алынады.
Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік
нұсқаулықтары
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
ЕСКЕРТУ
және ескертпелерді оқыңыз. Техни-
калық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді
сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары
мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған «Электр
құрал» атауының желіден қуат алатын электр құралдарына
(желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын
электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Қазақша | 215
F 016 L81 142 | (7.12.16)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ake 35-19 sAke 40-19 s

Table of Contents