Bosch UniversalChain 18 Original Instructions Manual page 265

Hide thumbs Also See for UniversalChain 18:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 16
Құралдың автоматты түрде өшірілгенінен кейін
қосқыш/өшіргіш түймешігін қайта баспаңыз. Бұл
аккумулятордың зақымдауына апаруы мүмкін.
Аккумуляторды кәдеге жарату туралы нұсқауларын
ескеріңіз.
Қуаттандыру барысы
Құрал желі айыры электр розеткасына енгізіліп,
аккумуляор (17) қуаттандыру құралына енгізілген сәтте
қуаттандыру барысы басталады.
"Ақылды" қуаттандыру әдісі арқасында аккумулятордың
қуаттандыру күйі автоматты түрде белгіленіп отырып,
аккумулятор температурасы мен кернеуіне қарай отыра
оңтайлы түрде қуаттандыру тоғы таңдалып отырылады.
Осының арқасында аккумулятор қорғалып, қуаттандыру
құралында сақталғанда әрқашан толығымен қуаттанған
қалпында қала береді.
Көрсеткіш элементтерінің (AL 1810 CV)
мағынасы
Аккумулятор заряды индикаторының жыпылықтауы
Зарядтау процесі аккумулятор заряды
индикаторының жыпылықтауы арқылы
белгіленеді.
Аккумулятор заряды индикаторының үздіксіз жануы
Аккумулятор заряды индикаторының
үздіксіз жануы аккумулятордың толық
зарядталғанын немесе аккумулятор
температурасы рұқсат етілген зарядтау
температурасының диапазонынан тыс және сондықтан
аккумуляторды зарядтау мүмкін емес екендігін білдіреді.
Рұқсат етілген температура диапазонына жеткеннен кейін
аккумулятор зарядталады.
Аккумулятор салынбаған жағдайда, аккумулятор заряды
индикаторының үздіксіз жануы желілік ашаның
розеткаға енгізілгенін және зарядтағыш құрылғының
жұмыс істеуге дайын екендігін білдіреді.
Көрсеткіш элементтерінің (AL 1830 CV)
мағынасы
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің жасыл
түспен (тез) жыпықтап тұруы
Жылдам қуаттандыру барысы
аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің
жасыл түспен тез жыпықтап тұруы арқылы білдіріледі.
Ескертпе: Жылдам қуаттандыру функциясы тек
аккумулятор температурасының лайықты ұйғарынды
деңгейде болғанында ғана қолданыла алынады,
"Техникалық мәліметтер" тарауын қараңыз.
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің жасыл
түспен (баяу) жыпықтап тұруы
Аккумулятордың қуаттандыру күйі шамамен
80% жеткенде, аккумулятордың
Bosch Power Tools
қуаттандыру көрсеткіші жасыл түспен баяу жыпықтап
тұрады.
Аккумуляторды дереу пайдалану үшін шығарып алуға
болады.
Жасыл түсті аккумулятор зарядталуының жасыл
жарық диодының үздіксіз жануы
Жасыл түсті аккумуляторды зарядтау жарық
Full
диодының үздіксіз жануы аккумулятордың
толық зарядталғанын білдіреді.
Аккумуляторсыз жарық диодының үздіксіз жануы
айырдың розеткаға салынып зарядтау құралы жұмыс
істеуге дайын екендігін білдіреді.
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің қызыл
түспен тұрақты жануы
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің
қызыл түспен тұрақты жануы
температурасы ұйғарынды қуаттандыру температуралық
аумағынан тыс болғанын білдіреді, "Техникалық
мәліметтер" тарауын қараңыз. Ұйғарынды температура
деңгейі орнатылған сәттен кейін қуаттандыру құралы
автоматты түрде жылдам қуаттандыруға ауысады.
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің қызыл
түспен жыпықтап жануы
Аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің
қызыл түспен жыпықтап жануы
қуаттандыру барысында пайда болған басқа
ақаулықтарын білдіреді, "Қателер – себептері мен көмек"
тарауын қараңыз.
Қуаттандыру бойынша нұсқаулар
Аса ұзақ уақыт бойы қуаттандыру немесе қуаттандыру
циклдарының бірінен кейін бірін қайта бірнеше рет ешбір
үзіліссіз өткізу арқылы қуаттандыру құралы қызып кетуі
мүмкін. Осындай қуаттандыру барыстары ешбір түрде
қаупті болмайды, қуаттандыру құралында техникалық
ақауының бар болуын білдірмейді.
Қуаттандырылғанынан кейін жұмыс циклдарының
айтарлықтай қысқарып қалуы аккумулятордың тозып
қалғанын және оны ауыстыру керектігін білдіреді.
Кәдеге жарату бойынша нұсқауларын ұстаныңыз.
Ара шынжырын құрастырып орнату және
керу
Шынжырлы араны тек қана толығымен
u
құрастырып орнатқаннан кейін электр тоқ желісіне
қосыңыз.
Ара шынжырын ұстағанда және қолданғанда
u
әрқашан қорғау қолғаптарын киіп жүріңіз.
Шапқы мен ара шынжырын құрастырып орнату (A1–
A4 суреттерін қараңыз)
Тек қана қалыңдығы 1,1 мм (ойық ені) болған
u
жетекші элементі бар болған ара шынжырларын
пайдаланыңыз.
– Бөлшектерінің барлығын қораптан баяу шығарып
алыңыз.
Қазақ | 265
F 016 L94 153 | (23.06.2021)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents