Hilti BX 3-ME Original Operating Instructions page 400

Hide thumbs Also See for BX 3-ME:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 21
АБАЙЛАҢЫЗ
Ұшқыш бөлшектерден жарақат алу қаупі бар! Болт бағыттауышының айналасында бөгде заттар
болған кезде немесе бекіту элементтері бекіту бағыттауышына қысылған кезде, қондыру барысында
ұшып шығатын бөлшектер салдарынан жарақаттар пайда болуы мүмкін.
▶ Ешқашан басқа қондырмаларды қолмен босату арқылы аспаптағы ақаулықтарды жоюға
әрекеттенбеңіз!
6.6.1
Қысылған шегелерді босату
1. Бекіту бағыттауышын алып тастаңыз. → Бет 390
2. Бекіту бағыттауышын ойғыш жинағының көмегімен кіріс төлкесіне салыңыз.
3. Қысылған шегені ойғыш пен балға арқылы бекіту бағыттауышынан шығарыңыз.
4. Бекіту бағыттауышын енгізіңіз. → Бет 391
7
Күту және техникалық қызмет көрсету
7.1
Аккумуляторлық аспаптарға күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар !
▶ Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын
әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Аспапқа қызмет көрсету
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
Желдету ойықтарын құрғақ қылшақпен жайлап тазалаңыз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
Аккумуляторды май мен майлағыштан таза күйінде ұстаңыз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Ылғалдың кіруін болдырмаңыз.
Техникалық қызмет көрсету
Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын тексеріңіз.
Зақымдалған және/немесе ақаулы аккумуляторлық аспапты қолданбаңыз. Бірден Hilti қызмет
көрсету орталығына жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
Қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен шығын
материалдарын қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен
өнімге арналған керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді:
www.hilti.group | АҚШ: www.hilti.com
7.2
Аспап шығыңқы жерінің ішкі жағын тазалау
1. Бекіту бағыттауышын алып тастаңыз. → Бет 390
2. Аспап шығыңқы жерінің ішкі жағын тазалаңыз.
3. Бекіту бағыттауышын енгізіңіз. → Бет 391
8
Аккумуляторлық аспаптарды тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
АБАЙЛАҢЫЗ
Тасымалдау кезіндегі кенет іске қосылу !
▶ Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып тасымалдаңыз!
394
Қазақ
Printed: 19.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5377483 / 000 / 02
2184328
*2184328*

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents