Hilti BX 3-ME Original Operating Instructions page 399

Hide thumbs Also See for BX 3-ME:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 21
6.3
Қондыруды орындау
ЕСКЕРТУ
Ұшқыш бөлшектерден жарақат алу қаупі бар! Қондыру барысында астыңғы беттен бөлектенген
материалдан және шеге таспасынан бөлшектердің лақтырылып қалуынан дене мен көзге жарақат
тигізу қаупі бар.
▶ Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз және әрқашан қорғауыш көзілдірік пен қорғауыш
қолғап киіңіз. Тікелей жақындықта орналасқан басқа адамдар да қорғаушы көзілдірік пен каска
тағуы тиіс.
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі бар! Қондыру құралын дене мүшесіне қысқан кезде, төмендетудің қате іске
қосылуынан ауыр жарақаттар пайда болуы мүмкін.
▶ Қондыру құралын ешқашан қолыңыз не басқа дене мүшесімен қыспаңыз.
1. Қондыру құралын қосыңыз. → Бет 392
2. Қондыру құралын бетке тікбұрышты орнатып, бекіту бағыттауышын бекітілгенше басып тұрыңыз.
3. Қауіпсіздік босату құралын басып, аспаптан атуды орындаңыз.
4. Қондыру құралын орнатқаннан кейін астыңғы беттен толығымен көтеріңіз.
Егер бекіту бағыттауышы босатылмай 6 секундтан ұзақ бетке қысылған болса, қондыру құралы
автоматты түрде өшеді. Қосу⁄өшіру түймесін басу арқылы қондыру құралы қайта қосылуы
мүмкін.
Егер қондыру құралы 6 минуттан артық қолданылмаса, ол автоматты түрде өшеді.
6.4
Bluetooth функциясын өшіру
▶ Жарық диоды екі рет көк түспен жанғанша қосу/өшіру түймесін кем дегенде 5 секунд басып
тұрыңыз.
◁ Дерек тасымалы бұдан былай мүмкін болмайды.
▽ Bluetooth мүмкіндігі кейбір нарықтарда қолжетімсіз
Bluetooth пайдалануға рұқсат етілмеген ортада (мысалы, ауруханада) болған кезде, Bluetooth
функциясын ажыратуға болады.
6.5
Шегелерді қондыру құралынан шығару
6.5.1
Шегелерді қорап режимінде шығару
1. Шеге жапқышын бекітілгенше төмен тартыңыз.
2. Шегелерді қораптан астыға қарай шығарыңыз.
3. Шеге жапқышын берік ұстап тұрып, шеге жапқышын босату құралын басыңыз.
4. Шеге жапқышын шығару күйіне артқа бағыттаңыз.
6.5.2
Шегелерді жалғыз жиын режимінде шығару
▶ Бекіту бағыттауышына орнатылған шегені шығару үшін, қысылған шегелерді шығаруға сай әрекет
етіңіз (қараңыз → Бет 394).
6.6
Қысылған шегелер
Бөлек шегелер бекіту бағыттауышында қысылып қалуы мүмкін. X-NP ойғыш жинағының көмегімен
қысылған шегелерді бекіту бағыттауышынан шығара аласыз. Аталған керек-жарақ Hilti орталығында
немесе интернеттен www.hilti.com сайтында қолжетімді.
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі және қондыру құралының зақымдалуы.
түпнұсқа керек-жарақтардың орнына жарамсыз бөгде заттарды қолдану жарақат алуға және қондыру
құралының зақымдалуына апарып соғуы мүмкін.
▶ Қысылған шегелерді босату үшін тек ұсынылған ойғыш жинағын пайдаланыңыз.
2184328
*2184328*
Printed: 19.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5377483 / 000 / 02
7
Hilti компаниясымен ұсынылған
Қазақ
393

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents