Philips Avent SCD580 User Manual page 71

Hide thumbs Also See for Avent SCD580:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
5
Таймер 00:00 мәніне жеткенде тамақтандыру таймерінің ескерту параметрі өшеді де,
дисплейде таймер белгішесі жыпылықтап, «TIMER END» (Таймер аяқталды) хабары
жылжып өтеді (Cурет 26).
6
Таймерді тоқтату үшін тамақтандыру таймері ішкі мәзірінде «Тоқтату және қайта
орнату» опциясын таңдап, растау үшін OK түймесін басыңыз.
Тамақтандыру таймерін қайталатын етіп орнату
1
Бірдей орнату уақытынан кейін тамақтандыру таймерін өшетін ету үшін таймерді
орнатқаннан кейін тамақтандыру таймері ішкі мәзірінде «Timer repeat» (Таймерді
қайталау) опциясын таңдаңыз. Растау үшін OK түймесін басыңыз.
2
«Repeat ON» (ҚАЙТАЛАУДЫ ҚОСУ) немесе «Repeat OFF» (ҚАЙТАЛАУДЫ ӨШІРУ)
опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз. Дисплейде таймерді қайталау белгісі көрінеді
3
«Қайталауды қосу» параметрі орнатылса, тамақтандыру таймері ескертуді тоқтатқаннан
кейін қайтадан кері санауды бастайды.
Тамақтандыру таймерінің ескертуін орнату
1
Ескертуді орнату үшін тамақтандыру таймері ішкі мәзірінде «Timer Alert» (Тамақтандыру
таймерінің ескертуі) опциясын таңдаңыз. Растау үшін OK түймесін басыңыз.
2
Ескерту опцияларының бірін таңдаңыз. Қол жетімді опциялар: тек дыбыс, дыбыс пен
діріл және тек діріл.
3
Ескертуді тоқтату үшін кез келген пернені басыңыз немесе ескерту автоматты түрде 2
минуттан кейін тоқтайды.
4
Таймерді тоқтату үшін тамақтандыру таймері ішкі мәзірінде «Тоқтату және қайта
орнату» опциясын таңдап, растау үшін OK түймесін басыңыз.
Температура
16°C/61°F және 20°C/68°F аралығындағы температурада нәресте жақсы ұйықтайды. Ең төменгі
және ең жоғарғы температура ауқымын және бір ескертуді орнатуға болады.
1
Температура ішкі мәзірін ашу үшін мәзірден «Температура» тармағын таңдаңыз. Растау
үшін OK түймесін басыңыз.
2
Температура ішкі мәзірінен «Температура ауқымы» тармағын таңдап, растау үшін OK
түймесін басыңыз.
3
+ және - түймелерін пайдаланып 10°C/50°F пен 19°C/66°F аралығындағы ең төмен
температура ауқымын және 22°C/72°F пен 37°C/99°F аралығындағы ең жоғарғы
температура ауқымын орнатыңыз. Растау үшін OK түймесін басыңыз.
4
Температура ішкі мәзірінен «Ескерту» тармағын таңдаңыз. Растау үшін OK түймесін
басыңыз.
5
Ескерту опцияларының бірін таңдаңыз. Қол жетімді опциялар: тек дыбыс, дыбыс пен
діріл, тек діріл және тек дисплей. Растау үшін OK түймесін басыңыз. Дисплейде
температура ескертуі белгісі көрінеді.
6
Температура ішкі мәзірінен «Температура шкаласы» тармағын таңдап, растау үшін OK
түймесін басыңыз.
7
«Celsius» (Цельсий) немесе «Fahrenheit» (Фаренгейт) опциясын таңдап, растау үшін
OK түймесін басыңыз. Дисплейде орнатылған шкаладағы температура көрсетіледі.
Егер температура орнатылған ауқым ішінде болса, температура ескерту белгісінде
екі сегмент болады.
ҚазаҚша
71

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents