Philips Avent SCD580 User Manual page 66

Hide thumbs Also See for Avent SCD580:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
66
ҚазаҚша
Проектор
Проекторды қосу арқылы баланы төбеге проектормен түсірілетін түсті жарық өрнектерімен
тыныштандыруға болады.
1
Проекторды қосу үшін проекторды қосу/өшіру түймесін басыңыз. Ата-ана бөлігінің
дисплейінде проектор белгісі пайда болады (Cурет 5).
,
Алты түрлі өрнек бар. Бірінші өрнек 2 секундта толық қарқынына дейін күшейеді.
Ол 8 секунд түсіріліп, келесі өрнек күшейгенше 2 секундта әлсірейді. Әр үлгі 10 секунд
түсіріледі. Өрнектер белгіленген уақыт бойы қайталанады (Cурет 6).
2
Проекторды өшіру үшін проекторды қосу/өшіру түймесін қайта басыңыз.
ата аналар бөлігіне пейджинг жіберу
Ата-аналар бөлігін жоғалтып алсаңыз, ата-аналар бөлігін табу үшін нәресте бөлігіндегі FIND
(ТАБУ) түймесін басыңыз. Бұл функция тек ата-аналар бөлігі қосылып тұрғанда жұмыс істейді.
1
Нәресте бөлігіндегі FIND (ТАБУ) түймесін басыңыз, ата-аналар бөлігі пейджер дыбысын
шығарады (Cурет 7).
2
Пейджинг дыбысын тоқтату үшін, FIND (ТАБУ) түймесін қайта басыңыз немесе
ата-аналар бөлігіндегі кез келген түймені басыңыз. Пейджинг дыбысы автоматты түрде
2 минуттан кейін тоқтайды.
Батарея күйінің жарығы
1
Нәресте бөлігі батареямен іске қосылғанда және батареяда жеткілікті заряд болғанда
батарея күйінің жарығы тұрақты жасыл болып жанады.
2
Нәресте бөлігі батарея қуатымен жұмыс істеп тұрған кезде батареялардың заряды
азайып бара жатқанда батарея күйінң шамы тез жыпылықтайды. Батареялардың заряды
азайғанда оларды ауыстырыңыз.
ата-аналар бөлігіндегі функциялар мен кері байланыс
Тыныштандыру мәзірі
Ата-ана бөлігінде барлық тыныштандыру мүмкіндіктері үшін бөлек тыныштандыру мәзірі бар:
түнгі жарық, бесік жыры және проектор. Оны ашу үшін, тыныштандыру түймесін басыңыз. Бұл
экран нәресте бөлігінде түнгі жарықты, бесік жырларын және проекторды қашықтан іске қосуға
мүмкіндік береді.
1
Тыныштандыру мәзірін ашу үшін, тыныштандыру түймесін басыңыз (Cурет 8).
2
Көрсеткіні бір тыныштандыру мүмкіндігіне қарату үшін + және - түймелерін
қолданыңыз (Cурет 9).
3
Тыныштандыру мүмкіндігі өшірулі тұрғанда оны қосу немесе ол қосулы тұрғанда оны
өшіру үшін, OK түймесін басыңыз. Мүмкіндік қосулы тұрғанда мүмкіндіктің белгісінің
үстінде қанатша болады. Мүмкіндік өшірулі тұрғанда мүмкіндіктің белгісінің үстінде
айқыш болады (Cурет 10).
4
Мүмкіндік опцияларының мәзірін ашу үшін, көрсеткіні опциялар жолының жоғарғы
жағына апарып, OK түймесін басыңыз. Опциялар жолындағы тармақтарды таңдау үшін
- және + түймелерін қолданыңыз (Cурет 11).
5
Тыныштандыру мәзірінен шығу үшін, тыныштандыру түймесін басыңыз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents