Philips Avent SCD580 User Manual page 67

Hide thumbs Also See for Avent SCD580:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Түнгі жарық
Бұл тыныштандыру мүмкіндігі түнгі жарықты қосуға неемсе өшіруге және түнгі жарық таймерін
орнатуға мүмкіндік береді.
1
Түнгі жарық мүмкіндігін таңдап, түнгі жарық опциялары бар мәзірді ашыңыз (Cурет 12).
2
Түнгі жарық таймерін 5-20 минутқа орнатуға немесе түнгі жарықты үздіксіз қосып қоюға
болады. Растау үшін OK түймесін басыңыз. Дисплейде түнгі жарық белгісі пайда
болады (Cурет 13).
Егер түнгі жарық таймерін орнатсаңыз, түнгі жарық автоматты түрде өшеді. Егер түнгі
,
жарықты үздіксіз қосып қойсаңыз, оны тыныштандыру мәзірінде немесе нәресте
бөлігіндегі Q түймесін басу арқылы өшіріңіз.
Бесік жыры
Бұл тыныштандыру мүмкіндігі бесік жырын ойнату опцияларын таңдауға және бесік жыры
таймерін орнатуға мүмкіндік береді.
1
Бесік жыры мүмкіндігін таңдап, бесік жыры опциялары бар мәзірді ашыңыз (Cурет 14).
2
Бесік жыры опциялары мәзірінде алдын ала сақталған бесік жырларының тізімінен бір
бесік жырын таңдауға болады. Сонымен қатар, барлық алдын ала сақталған бесік
жырларын ойнату үшін «Play all» (Барлығын ойнату) опциясын таңдауға да болады.
Сонымен қатар, нәресте бөлігіне жалғанған аудио жабдығымен «Aux» (Көмекші)
опциясын таңдап, бір әнді таңдауға да болады.
3
Бесік жыры таймерін 5-20 минутқа орнатуға немесе бесік жырларын үздіксіз ойнатуға
болады. Таймердің орнатылған параметрін растау үшін OK түймесін басыңыз. Дисплейде
бесік жыры белгісі мен ойнатылып жатқан бесік жыры көрсетіледі.
,
Егер таймерді орнатсаңыз, бесік жыры функциясы белгіленген уақыттан кейін өшеді. Егер
үздіксіз ойнатуды таңдасаңыз, бесік жыры функциясын тыныштандыру мәзірінде немесе
нәресте бөлігіндегі K түймесін басу арқылы өшіріңіз.
Проектор
Бұл тыныштандыру мүмкіндігі нәресте бөлігінде проекторды қосуға және проекция ұзақтығын
бағдарламалауға мүмкіндік береді.
1
Проектор мүмкіндігін таңдап, проектор опциялары бар мәзірді ашыңыз. (Cурет 15)
2
Проектор опцияларына қол жеткізу үшін көрсеткіні опциялар жолына қаратып, OK
түймесін басыңыз.
3
Проектор таймерін 5-20 минутқа орнатуға немесе түнгі проекторды үздіксіз қосып
қоюға болады. Растау үшін OK түймесін басыңыз. Дисплейде проектор белгісі пайда
болады (Cурет 16).
Егер проектор таймерін орнатсаңыз, проектор автоматты түрде өшеді. Егер проекторды
,
үздіксіз қосып қойсаңыз, проекторды тыныштандыру мәзірінде немесе нәресте
бөлігіндегі проектор түймесін басу арқылы өшіріңіз.
ҚазаҚша
67

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents