ҚАЗАҚ
қатар құрылғы іркілістермен жұмыс істесе,
немесе ол жоғарыдан түсіп кетсе, немесе
басқаша жолмен зақымданса пайдалануға
тыйым салынады.
•
Құрылғыны жөндеу үшін немесе желілік
бауды айырбастау үшін туындыгерлес
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•
Еттарқыш үй жағдайында ғана
пайдалануға арналған.
ЕТТАРТҚЫШТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Негізгі жəне қосымша жұмыс істеу
жылдамдықтары – негізгі жұмыс істеу
жылдамдығы етті майдалаудың барлық
тəсілдеріне пайдаланылады, қосымша
жылдамдық жұмсақ көкөністер мен сүйекті
жидектерді, мысалы, қызандарды, қызыл
қарақатты, қара таңқурайды, жəне т.с.с-
ларды өңдеу үшін арналған. Жылдамдықты
көзбен бақылау үшін əрбір режимнің басқару
батырмаларының əртүрлі көмескілеуі
болады: негізгі жұмыс істеу жылдамдығы көк
түспен, қосымша жылдамдық қызыл түспен
сүйемелденеді.
Кері айналу қызметі (REVERSE) – берілген
азық-түлікті өңдеу барысында пайда болған
кептелістерді жою үшін арналған.
Азық-түлікке арналған астауша – азық-
түлікті өңдеу уақытында олардың ыңғайлы
орналасуын қамтамасыз етеді жəне азық-
түлікті бастиек аузына жүктеуді жеңілдетеді.
Үлкендігі əртүрлі саңылаулары бар екі
торша – азық-түлікті ұсақтаудың əртүрлі
дəрежесіне арналған.
Арнайы жабдықтар – шұжықтарды толтыруға
жəне «кеббе» əзірлеуге арналған.
Көкөністер мен жидектерден шырынды
сығуға арналған қондырма
Жұмсақ көкөністер мен сүйекті жидектерден
шырын дайындауға сізге мүмкіндік береді.
Қызып кетуден қорғаныс жүйесі –
еттартқыш электр моторының өып кетуден
қорғанысын қамтамасыз етеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
•
Желіге қосу алдында, құрылғының
сөндірілгеніне көз жеткізіңіз.
•
Етті тартудың алдында барлық сүйектер
мен артық майлар алынғанына міндетті
түрде көз жеткізіңіз.
1677 Instrukz.indd 22
1677 Instrukz.indd 22
•
Жеткізілім жинағына кіретін итергішті
пайдаланыңыз. Азық-түлікті қандай да бір
заттармен немесе саусақпен итермеңіз.
•
Ешбір жағдайда еттартқыштың корпусын
суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз.
•
«Кеббе» (17, 18) жəне шұжықтарды
толтыруға (15, 16) арналған
қондырмаларды пайдаланған кезде
торшаларды (10, 13) жəне пышақты (13)
орнатуға болмайды.
•
Еттарқышпен қатты талшықтары бар
тағамдық азық-түлікті (мысалы зімбір
немесе желкек) өңдеуге тырыспаңыз.
•
Кептелістердің пайда болуына жол бермеу
үшін етті итергенде аса күш салмаңыз.
•
Егер қандай да бір кептеліп қалған
қатты бөлшек шнектің жəне пышақтың
айналуының тоқтауына əкелсе, дереу
Құрылғыны сөндіріңіз жəне жұмысты
жалғастыру алдында оны алып тастаңыз.
•
Кері айналуға (REVERSE) көшкен кезде
батырмасын (8) басып еттартқышты
сөндіріңіз, жəне 5-6 секундтық үзілістен
кейін батырманы (7) (REV) басыңыз.
ЕТТАРТҚЫШТЫ ƏЗІРЛЕУ
•
Еттартқышты шығарыңыз жəне барлық
қаптайтын материалдарды алып тастаңыз,
корпусты дымқыл матамен сүртіңіз.
•
Барлық алынбалы бөлшектерді бейтарап
жуғыш заты бар жылы сумен жуыңыз,
шайыңыз жəне құрастыру алдында
жақсылап кептіріңіз.
ЕТТАРТҚЫШПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
(жалпы ережелер)
•
Еттартқыш сүйегі жоқ етті өңдеуге тек үй
жағдайында арналған.
•
Алғашқы іске қосу алдында электр
желісіндегі кернеу құрылғының жұмыс істеу
кернеуіне сəйкес келетініне көз жеткізіңіз.
•
Құрылғыны құрастырыңыз жəне жазық
құрғақ бетке орнатыңыз.
•
Корпустағы желдетілетін саңылаулар
бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
•
Желілік баудың айыртетігін ашалыққа
қосыңыз.
•
Еттартқыш бастиегінің (3) астына сəйкес
ыдысты қойыңыз.
22
01.08.2011 18:26:29
01.08.2011 18:26:29