Бұрандакесу Шыбығының Дайындамасы/Болт Бұрандасын Кесу; Сол Жақтан Бұранда Кесу - RIDGID 535M Manual

Manual / auto chuck threading machines
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
8. Қолыңызды айналатын құбырдан алыс ұстаңыз.
Күймешенің құрылғыға тимейтініне көз жеткізіңіз.
Бұранда дайын болған кезде бастиекті ашыңыз (егер
бастиек автоматты түрде ашылмаса). Кескіштер
іске қосылған кезде құрылғыны Кері (REV) күйінде
пайдаланбаңыз.
9. Аяқ қосқыштан аяғыңызды шығарыңыз.
10. КЕРІ/ӨШІРУ/АЛҒА қосқышын ӨШІРУ күйіне жылжытыңыз.
11. Бастиекті құбырдың аяқ жағына жылжыту үшін күймеше
айналғысын бұраңыз. Бастиекті оператордан жоғары
тұратындай көтеріңіз.
12. Құбырды құрылғыдан шығарып, бұрандаларды
тексеріңіз. Бұл құрылғыны бұранда фитингтерін
қатайту немесе босату үшін қолдануға болмайды.
Бұрандакесу шыбығының дайындамасы/
Болт бұрандасын кесу
Болт кесу құбыр кесу процесіне ұқсас. Шыбықтың диаметрі
бұранданың ең үлкен диаметрінен асып кетпеуі тиіс.
Болттарды кесу кезінде, сәйкес кескіштермен бастиекті
пайдалану қажет. Болттарды қажеттілігіне қарай ұзын етіп
кесуге болады, алайда, күймешенің құрылғыға тимеуін
қадағалау қажет. Егер ұзын бұрандалар кесу қажет болса:
1. Күймешені көшіріп болған соң, бастиекті жауып
қойыңыз, аяғыңызды аяқ қосқыштан шығарып, КЕРІ/
ӨШІРУ/АЛҒА қосқышын ӨШІРУ күйіне келтіріңіз.
2. Қол патронымен құрылғылары үшін: Жұдырықшаны
ашыңыз және күймеше мен жұмыс бөлшегін құрылғы
шетіне жылжытыңыз. Шыбықты қайта қысыңыз және
бұранда кесуді жалғастырыңыз.
3. Автоматты патронмен құрылғылар үшін: КЕРІ/ӨШІРУ/
АЛҒА қосқышын КЕРІ күйіне жылжытыңыз және жұмыс
бөлшегін босату үшін аяқ қосқышты түртіңіз. Күймеше
мен жұмыс бөлшегін құрылғы шетіне жылжытыңыз.
Шыбықты қайта қысыңыз және бұранда кесуді жалғастырыңыз.
Сол жақтан бұранда кесу
Сол жақтан кесу оң жақтан кесу процесіне ұқсас. Сол
жақтан кесу үшін, сол жақтан бұрандакесу жиынтығы, сол
жақтан пайдаланылатын бастиектер мен кескіштер қажет.
Кері күйде құрылғымен үңгіштеу үшін E-863 үлгісіндегі
үңгіш конусы (Санат №46660) қажет болады.
1. 535 қол патронымен құрылғылары үшін: Майдың
КЕРІ күйінде ағуы үшін сол жақтан бұрандакесу
жиынтығын (Санат №96517) жиынтық нұсқауларына
сәйкес орнатыңыз (2001 жылдан бұрын жасалған 535
бұрандакесу құрылғылары жиынтықты қажет етпейді).
999-998-086.09_REV. C
535 автоматты патронмен бұрандакесу құрылғылары
2. 535 автоматты патронмен құрылғылары үшін:
Майдың КЕРІ күйінде ағуы үшін 535 автоматты
ауыстыру клапандары жиынтығын (Санат №12138)
жиынтық нұсқауларына сәйкес орнатыңыз. Жиынтық
сол жақ немесе оң жақ май ағынын таңдау құралын
қамтиды. 24-суретті қараңыз.
24-сурет – Сол жақ немесе оң жақ май ағынын таңдау
Сол жақтан бұранда кесу құрылғының КЕРІ күйінде
айналуы барысында патрон қармауыштарының құбырды
ұстауын талап етеді.
a.
b.
c.
d.
e.
f.
g.
535 қол патронымен/
Оң жақтан бұранда кесу
құралы
КЕРІ/ӨШІРУ/АЛҒА (2/0/1) қосқышының ӨШІРУ (0) күйінде
болғанына және сымның шығыстан ажыратылғанына
көз жеткізіңіз.
Артқы қақпақты шешіңіз. Қақпақ бұрандаларын
босатыңыз және шешу үшін қақпақты айналдырыңыз
(25A-сурет).
E қысқыштарды және артқы айналатын өзек тіреуішін
шешіңіз (25B-сурет).
Істікшені сыртқа қарай қарайтындай етіп, артқы
айналатын өзек тіреуішін орналастырыңыз және
қайта орнатыңыз (25B-сурет).
Ұстап тұратын E қысқыштарын және артқы қақпақты
қайта орнатыңыз.
Құрылғы толық қайта құрылып, жұдырықша қақпағы
орнатылған кезде сол жақтан бұранда кесуге
дайындық ретінде жұдырықшаны ашу үшін КЕРІ/
ӨШІРУ/АЛҒА қосқышын АЛҒА күйіне қойыңыз. Осы
конфигурацияда бос жұдырықшаны ашу үшін АЛҒА
не КЕРІ күйінің пайдаланылуына қарай құрылғыны
сол жақтан және оң жақтан бұранда кесу үшін
пайдалануға болады.
Тек оң жақтан бұранда кесуге қайта аудару үшін
істікшенің ішке қарай қарайтындай етіп, артқы
айналатын өзек тіреуішін аударыңыз және қайта
орнатыңыз (25B-сурет).
559

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

535a

Table of Contents