Бастиекті Орнату Және Пайдалану; Бастиекті Алып Тастау/Орнату; Жылдам Ашылатын Бастиектер - RIDGID 535M Manual

Manual / auto chuck threading machines
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
535 қол патронымен/
535 автоматты патронмен бұрандакесу құрылғылары
13. Бұрандакесу құрылғысының дұрыс жұмыс істеп
тұрғанын тексеріңіз. Қолыңызбен қозғалмалы
бөлшектерді ұстамай:
• КЕРІ/ӨШІРУ/АЛҒА (2/0/1) қосқышын АЛҒА (1) күйіне
жылжытыңыз. Аяқ қосқышты басыңыз және босатыңыз.
Күймеше шетінен қараған кезде жұдырықша сағат тілі
бағытына қарсы айналуы қажет (22-суретті қараңыз).
КЕРІ күйіне қайталаңыз – жұдырықша сағат тілі
бағытында айналуы қажет. Егер бұрандакесу құрылғысы
дұрыс бағытта айналмаса немесе аяқ қосқышы құрылғы
жұмысын басқармаса, оны жөндегенше құрылғыны
пайдаланбаңыз.
• Аяқ қосқышты басып тұрыңыз. Қозғалмалы бөлшектерде
тура келмеушілік, қысылу, оғаш дыбыстар немесе басқа
да қалыптыдан тыс жағдайлардың бар-жоқтығын
тексеріңіз. Аяқ қосқыштан аяғыңызды шығарыңыз.
Егер орынсыз жағдайлар анықталса, жөнделгенше
құрылғыны пайдаланбаңыз. 535 автоматты патронмен
құрылғысында АЛҒА күйінде айналдырудың патронды
жауып, КЕРІ күйінде айналдырудың оны ашатынын
растаңыз.
• Бастиекті пайдалану күйіне қойыңыз. Аяқ қосқышты
басып тұрыңыз. Бастиектен өтетін май ағынын тексеріңіз.
Аяқ қосқыштан аяғыңызды шығарыңыз.
14. КЕРІ/ӨШІРУ/АЛҒА қосқышын ӨШІРУ күйіне жылжытыңыз
және құрғақ қолмен құрылғыны ажыратыңыз.
Бастиекті орнату және пайдалану
535 қол патронымен/535 автоматты патронмен бұрандакесу
құрылғыларын құбыр және болт бұрандаларын кесу үшін
әр түрлі RIDGID бастиектерімен пайдалануға болады.
Осында Жылдам ашылатын, өздігінен ашылатын және
жартылай автоматты бастиектер туралы ақпарат берілген.
Басқа қол жетімді бастиектер жөнінде RIDGID каталогын
қараңыз.
Құбыр үшін әмбебап кескіштерді пайдаланатын бастиектер әрбір
мына құбыр өлшемінің ауқымы үшін бір кескіштер жиынын
талап етеді: (1/ 8 "), (1/4" және 3/ 8 "), (1/2" және ¾") және (1" және 2")
аралығында. NPT/NPSM кескіштерін NPT бастиектерінде, ал
BSPT/BSPP кескіштерін BSPT бастиектерінде пайдалану керек –
Жұдырықша тақтасы әрбіреуіне белгіленеді.
Болт кескіштерін пайдаланатын бастиектер әрбір нақты
бұранда өлшемі үшін арнайы кескіштер жиынын талап
етеді.
Жылдамдығы жоғары кескіштер 40 айн/мин және одан
жоғары жылдамдықтарда бұранда кесуге кеңес етіледі.
Бастиек үшін қол жетімді кескіштерді RIDGID каталогынан
қараңыз.
552
Кескіштерді өзгерткеннен/реттегеннен кейін бұранда өлшемінің
дұрыстығын растау үшін сынақтық бұранданы кесіңіз.
Бастиекті алып тастау/орнату
Бастиек тіреуін күймешедегі жалғау ойығына енгізіңіз/
алып тастаңыз. Барынша енгізілген кезде бастиек орнында
болады. Орнатылған кезде бастиекті құбырмен туралау
үшін оны тіреуде айналдыруға болады немесе кескіш
немесе үңгіш пайдалануына мүмкіндік беру үшін оны
жоғары және жолдан тыс тербелтуге болады.
Жылдам ашылатын бастиектер
Жылдам ашылатын бастиектер 811A және 531/532 үлгісіндегі
болтты қамтиды. Жылдам ашылатын бастиектер пайдаланушы
белгілеген бұранда ұзындығы үшін қолмен ашылады және
жабылады.
Байлам
Тығырық тілшігі
Өлшем тетігі
Тастау тетігі
Құлыптау істікшесінің тесігі (Сол жақ бастиектер)
4-сурет – Жылдам ашылатын бастиек
Кескіштерді енгізу/ауыстыру
1. Бастиекті сандарын жоғары қаратып қойыңыз.
2. Тастау тетігін АШЫҚ күйіне жылжытыңыз (5-сурет).
Тастау тетігі
Ашық
5-сурет – Ашық/жабық тетік күйі
Қамыт тетігі (Дара бастиектердегі
алты қырлы сомын)
Баған
Кескіштер
Тастау тетігі
Жабық
999-998-086.09_REV. C

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

535a

Table of Contents