Жеке Қауіпсіздік; Электр Құралын Пайдалану Және Оған Күтім Көрсету - RIDGID 535M Manual

Manual / auto chuck threading machines
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
535 қол патронымен/
535 автоматты патронмен бұрандакесу құрылғылары
• Электр құралдарын жаңбыр немес ылғал жағдайлар
әсерінде қалдырмаңыз. Электр құралына судың енуі
электр тогының соғу қаупін арттырады.
• Сымды теріс жолмен пайдаланбаңыз. Сымды
электр құралын тасу, тарту немесе желіден ажырату
үшін мүлдем пайдаланбаңыз. Сымды қызудан,
майдан, өткір жиектерден немесе қозғалатын
бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Зақымданған немесе
шатысқан сымдар электр тогының соғу қаупін
арттырады.
• Электр құралын сыртта іске қосқан кезде сыртта
пайдалануға жарамды ұзартқыш сымды пайдаланыңыз.
Сыртта пайдалануға арналған сымды пайдалану электр
тогының соғу қаупін азайтады.
• Электр құралын дымқыл орында пайдалануға тура
келсе, жерге қысқа тұйықталу ажыратқышымен
(GFCI) қорғалған қуат көзін пайдаланыңыз. GFCI
пайдалану электр тогының соғу қаупін азайтады.
Жеке қауіпсіздік
• Сақ болыңыз, не істеп жатқаныңызды бақылаңыз
және электр құралын пайдаланған кезде саналы түрде
әрекет етіңіз. Шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь
немесе дәрі әсерінде болғанда электр құралын
пайдаланбаңыз. Электр құралдарын пайдаланған кезде
зейіннің бір сәт аууы ауыр дене жарақатына әкелуі
мүмкін.
• Жеке қорғаныш жабдығын пайдаланыңыз. Үнемі көзді
қорғау құралын киіп жүріңіз. Шаңға қарсы респиратор,
таймайтын қорғаныш аяқ киімі, дулыға немесе құлақ
тығыны сияқты белгілі бір жағдайларда пайдаланылатын
қорғаныш жабдығы дене жарақаттарын азайтады.
• Еріксіз іске қосылудың алдын алыңыз. Қуат көзіне
және/немесе батареяға қоспас бұрын, құрылғыны
көтеру немесе тасымалдау алдында қосқыштың ӨШІРУ
күйінде екеніне көз жеткізіңіз. Электр құралдарын
саусақты қосқыштың үстіне қойып тасымалдау немесе
қосқышы ҚОСУЛЫ электр құралдарына қуат беру оқыс
жағдайларға әкеледі.
• Электр жабдығын ҚОСУ алдында реттегіш кілтті
немесе бұранданы алып тастаңыз. Электр құралының
айналмалы бөлігіне бекітулі қалған бұранда немесе
кілт дене жарақатына әкелуі мүмкін.
• Созылып қол жеткізу әрекетін орындамаңыз. Дұрыс
адымдаңыз және үнемі тепе-теңдікті сақтаңыз. Бұл
күтпеген жағдайларда электр құралының басқаруын
жақсартуға мүмкіндік береді.
• Тиісті түрде киініңіз. Бос киім кимеңіз немесе әшекей
тақпаңыз. Шашыңызды және киіміңізді қозғалмалы
бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Бос киім, әшекей немесе
ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
546
• Егер шаң сору және жинау нысандарын жалғау
құрылғылары берілген болса, олардың қосылғанына
және тиісті түрде пайдаланылатынына көз жеткізіңіз.
Шаң жинағышты пайдалану шаңға қатысты қауіптіліктерді
азайтуға мүмкіндік береді.
• Құралдарды жиі пайдаланудан олармен таныс
болуыңыз
сақтығыңызды
қауіпсіздігінің қағидаларының еленбеуіне жол
бермеңіз. Абайсыз әрекет әп-сәтте ауыр жарақатқа
себеп болуы мүмкін.
Электр құралын пайдалану және оған күтім
көрсету
• Электр құралына күш түсірмеңіз. Қолдану үшін
тиісті электр жабдығын пайдаланыңыз. Тиісті
электр құралы жұмысты дұрыс және өзіне арналған
жылдамдықта қауіпсіз орындайды.
• Егер қосқыш оны ҚОСПАСА және ӨШІРМЕСЕ, электр
құралын пайдаланбаңыз. Қосқышпен басқарылмайтын
кез келген электр құралы қауіпті және оны жөндеу керек.
• Реттеулер орындау, қосалқы құралдарды ауыстыру
немесе электр құралдарын сақтау алдында ашаны
қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе алынбалы
болса, батарея жинағын электр құралынан алып
тастаңыз. Мұндай алдын алу қауіпсіздік шаралары
электр құралының байқаусызда іске қосылу қаупін
азайтады.
• Пайдаланылмайтын электр құралдарын балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз және электр құралымен
немесе осы нұсқаулармен таныс емес адамдарға
онымен жұмыс істеуге рұқсат етпеңіз. Электр құралдары
оқудан өтпеген пайдаланушылар қолында қауіпті болады.
• Электр құралдарына қызмет көрсетіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің тура келмеушіліктерін немесе қысылып
қалуын, бөлшектердің сынуын және электр құралының
жұмысына әсер етуі мүмкін басқа жағдайларды
тексеріңіз. Егер зақымданса, электр құралын
пайдаланбас бұрын жөндеңіз. Көптеген оқыс
оқиғалар дұрыс қызмет көрсетілмеген электр
құралдарына байланысты орын алады.
• Кескіш құралдарды өткір, әрі таза күйінде ұстаңыз.
Өткір жиектері бар тиісті түрде қызмет көрсетілетін
кескіш құралдар әдетте жабыспайды және оларды
басқару оңай.
• Электр құралын, керек-жарақтарды және құрал
қашауларын жұмыс жағдайлары мен орындалатын
жұмысты ескере отырып, осы нұсқауларға сәйкес
пайдаланыңыз. Электр құралын өзге мақсаттарда
пайдалану қауіпті жағдайдың орын алуына әкелуі
мүмкін.
жоғалтып,
құрал
999-998-086.09_REV. C

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

535a

Table of Contents