Жұмыс Жылдамдықтарын Ауыстыру - RIDGID 535M Manual

Manual / auto chuck threading machines
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
535 қол патронымен/
535 автоматты патронмен бұрандакесу құрылғылары
ашыңыз. Қол патронымен құрылғылар үшін алдыңғы
жұдырықша айналғысын сағат тілі бағытында бұраңыз
(16-суретті қараңыз). Автоматты патронмен құрылғылар
үшін КЕРІ/ӨШІРУ/АЛҒА (2/0/1) қосқышын КЕРІ (2) күйіне
жылжытыңыз,аяқ қосқышты басып босатыңыз.
2. Құрылғы алдынан 2' (0,6 м) қысқалау құбырды енгізіңіз.
Ұзындау бөлігінің бұрандакесу құрылғысының артынан
тыс созылуы үшін ұзындау құбырларды екі шетімен
енгізіңіз. Құбыр тұғырларының дұрыс орналасқанын
растаңыз.
3. Егер қажет болса, құбырды белгілеңіз. Кесілетін
аумақ немесе үңгіштелетін немесе бұранда кесілетін
шеті жұдырықша алдынан шамамен 4" (100 мм)
болатындай құбырды орналастырыңыз. Егер жақындау
болса, күймеше бұранда кескен кезде құрылғыға соғып,
құрылғыны зақымдауы мүмкін.
4. Құбырды қысыңыз.
Қол патронымен құрылғылары үшін: Құбырға жабу
үшін артқы ортасы бойынша туралау құрылғысын
сағат тілі бағытына қарсы бұраңыз (құрылғы артынан
қарағанда). Құбырдың қармауыштарда ортасы бойынша
тураланғанына көз жеткізіңіз. Бұл құбыр тіреуін
жақсартады және тәуір нәтижелер береді.
16-сурет – Құбырды қысу
Құбырға жабу үшін алдыңғы жұдырықша айналғысын
сағат тілі бағытына қарсы бұраңыз (құрылғы алдынан
қарағанда, 16-сурет). Құбырдың ендірмелерде ортасы
бойынша тураланғанына көз жеткізіңіз. Құбырды
алдыңғы жұдырықшаға бекіту үшін айналғыны
қайта-қайта және күштеп сағат тілі бағытына қарсы
айналдырыңыз.
Автоматты патронмен құрылғылар үшін: КЕРІ/
ӨШІРУ/АЛҒА (2/0/1) қосқышын АЛҒА (1) күйіне
жылжытыңыз және аяқ қосқышты басыңыз. Құрылғы
автоматты түрде ортасы бойынша тураланады және
құбырды немесе дайындаманы ұстайды. Егер құбыр
ортадан тыс қысылса, босату және қайта қысу үшін
құрылғыны КЕРІ күйінде іске қосыңыз. Айналатын
құбырды ұстамаңыз. Автоматты патронмен құрылғылар
тек айналған кезде құбырды ұстайды.
556
Жабу
Ашық
5. Құрылғы және құбыр басқаруын сақтау үшін дұрыс
жұмыс орнын таңдаңыз (17-суретті қараңыз).
• Құралдарға және қосқышқа қатынасу ыңғайлы
құрылғының
КЕРІ/ӨШІРУ/АЛҒА
жағында тұрыңыз.
• Аяқ қосқышын басқара алатыныңызды тексеріңіз.
Аяқ қосқышты әлі баспаңыз. Апат орын алған
жағдайда аяқ қосқышты босатып алуыңыз керек.
• Орнықтылықты тексеріңіз және созылу қажет
емес екеніне көз жеткізіңіз.
17-сурет – Жұмыс күйі
Жұмыс жылдамдықтарын ауыстыру
535 бұрандакесу құрылғылары бір және бірнеше
жылдамдықты нұсқаларда жеткізіледі. Кесу және үңгіштеу
үшін кез келген жылдамдықты пайдалануға болады.
Бұрандакесу жылдамдығын таңдау
• Ең көп 36 айн/мин – Ең көп 2" құбыр бұрандасын кесуге,
болт бұрандасын кесуге, тот баспайтын болаты және өте
қатты материал сияқты айналу кезі жоғары қолдануға
жарамды.
• 46 айн/мин – Ең көп 2" құбыр бұрандасын кесуге
жарамды. Жылдамдығы жоғары кескіштерді пайдалану
кеңес етіледі.
• 54 және 58 айн/мин – Ең көп 11/4" құбыр бұрандасын
кесуге жарамды. Жылдамдығы жоғары кескіштерді
пайдалану кеңес етіледі.
• 58 айн/мин жоғары – Бұранда кесуге жарамды емес.
Тек кесу және үңгіштеу үшін пайдаланыңыз.
қосқышының
999-998-086.09_REV. C

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

535a

Table of Contents