Hilti DC-SE20 Operating Instructions Manual page 181

Slitting machine
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 11
датпай ұстаңыз. Айналып жатқанын-
да немесе кері соққы пайда болуы
мүмкін болғанда, ешқашан аралау төсе-
мін бөлшектен шығаруға, артқа шығаруға
тырыспаңыз. Аралау төсемінің сына-
лануының себебін табыңыз да, оны тиіс-
ті шаралармен жойыңыз.
c) Егер бөлшекте тұрып қалған араны қай-
тадан қосқыңыз келсе, онда алдымен
аралау орнында аралау төсемін ортаға
келтіріңіз жəне төсем тістерінің еркін-
дігін тексеріңіз. Сыналанған аралау төсе-
мі араны қайта қосқанда бөлшектен
шығуы немесе кері соққы тудыруы мүмкін.
d) Аралау төсемі сыналанғанда кері соққы
қаупін азайту үшін үлкен тақталар ті-
ректерде жатуы керек. Үлкен тақталар
өз салмағынан иілуі мүмкін. Тақталар
аралау орны жанында да, жиегінде де ті-
ректерде екі жағынан жатуы керек.
e) Өтпес немесе зақымдалған аралау
төсемдерін пайдаланбаңыз. Өтпес не-
месе дұрыс емес тексерілген тістері
бар аралау төсемдері өте тар аралау
орны нəтижесінде артық қажалуға, ара-
лау төсемінің сыналануына жəне кері
соққыға əкеледі.
f) Кесу алдында кесу тереңдігі жəне ара-
лау бұрышы орнату құрылғысын бе-
рік бекітіңіз. Аралау кезінде күйге кел-
тіру өзгерсе, аралау төсемі сыналанып,
кері соққы тудыруы мүмкін.
g) Жасырын диапазонда, мысалы, дайын
қабырғада, "батырумен" кесуді орын-
дау кезінде əсіресе сақ болыңыз. Ба-
татын аралау төсемі аралау кезінде жа-
сырын нысанда бұғатталып, кері соққыны
тудыруы мүмкін.
Printed: 08.07.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069486 / 000 / 01
2.3 Дрельдермен жұмыс істегендегі
қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулар
a) Əр қосу алдында төменгі қорғауыш
қақпақтың мүлтіксіз тұйықталуын тек-
серіңіз. Төменгі қорғауыш қақпақтың
қозғалысы шектелген жəне ол бірден
жабылмайтын болса, араны пайда-
ланбаңыз. Ешқашан төменгі қорғауыш
қақпақты ашық күйінде сыналамаңыз
жəне байламаңыз. Егер ара кездейсоқ
еденге құласа, төменгі қорғауыш қақпақ
бүгілуі мүмкін. Барлық аралау бұрыш-
тарында жəне кез келген аралау тереңді-
гінде қорғауыш қақпақтың еркін жүруін
жəне аралау төсемінің аралау төсемі-
нің басқа бөліктеріне тиюін болдырмауды
қамтамасыз етіңіз.
b) Төменгі қорғауыш қақпақ үшін серіппе
қызметін тексеріңіз. Төменгі қорғауыш
қақпақ жəне серіппе дұрыс емес қыз-
мет еткенде, электр құралды жұмыс-
ты бастау алдында техникалық қыз-
мет көрсету орталығына жіберіңіз.
Зақымдалған бөліктер, жабысатын қал-
дықтар немесе жиналған жоңқа төмен-
гі қорғауыш қақпақтың баяу іске қосы-
луының себебі болып табылады.
c) Батырып жəне тік емес бұрышпен
аралауды орындағанда, араның бағыт-
тауыш тақтасы бүйірлік ауытқудан
қорғалуы керек. Бүйірлік ауытқу аралау
төсемінің сыналануын тудырып, кері
соққыға əкелуі мүмкін.
d) Алдын ала аралау төсемін қорғау қақ -
пағымен жаппай тұрып араны верс-
такқа немесе еденге қоймаңыз. Қорғал-
маған аралау төсемі шыққан кезінде ара-
ны кесу бағытына қарсы жылжытады
жəне жолында тұрғанның барлығын ара-
лайды. Бұл кезде араның шығу ұзақтығын
ескеріңіз.
2.4 Адамдардың қауіпсіздігі
a) Қорғауыш құлаққапты қолданыңыз.
Шу əсерінің нəтижесінде есту қабілеті
жоғалуы мүмкін.
b) Əрқашан аспапты екі қолмен тұтқыш-
тарынан берік ұстаңыз. Майланған
тұтқыштарды дереу тазалаңыз, олар
құрғақ жəне таза болуы керек.
c) Егер аспап шаң пайда болатын жұмыс-
тарда шаңсорғыш құрылғысыз қол-
данылса, респираторды қолданыңыз.
d) Құлауды болдырмау үшін желілік
кабельді, ұзартқыштарды жəне сору
шлангысын аспаптан артқа жəне асты-
мен тартыңыз. Бұл жұмыстарды жүргі-
зу кезінде оларға шалыну қаупін азай-
тады.
e) Аспаптың жасырын электр сымдарын
немесе желілік кабельді зақымдау қау-
пі болғанда аспапты изоляцияланған
беттерінен ұстаңыз. Ток өткізетін зат-
тарға тигенде аспаптың қорғалмаған металл
бөліктері кернеу астында болады. Бұл
электр тогының соғуына əкелуі мүмкін.
f) Балалар оларға аспаппен ойнауға
тыйым салынғаны туралы білуі керек.
g) Аспап тиісті нұсқау алусыз балалар-
дың немесе денесі əлсіреген тұлғалар-
дың пайдалануына арналмаған.
h) Құрамында қорғасын бар материалдар-
ды, ағаштың кейбір түрлерін, минерал-
дарды жəне металлдарды өңдеу кезінде
пайда болатын шаң денсаулыққа қауіп
тудыруы мүмкін. Мұндай шаңның бөлшек-
терімен дем алу немесе оған тию аллер-
гиялық реакциялардың жəне/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуы-
на əкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мыса-
лы, еменді немесе шамшатты өңдеу кезін-
де пайда болатын шаң) канцерогенді деп
есептеледі, əсіресе ағашты өңдеу үшін
қолданылатын қосымша материалдар-
мен (хром қышқылының тұзы, ағашты
қорғау заттары) тіркесімде. Құрамында
асбест бар материалдарды өңдеуді тек
мамандар орындауы керек. Мүмкін бол-
са жарамды шаңсорғыш аппаратты қол-
даныңыз. Шаңды оптималды кетіру
үшін бұл электр құралды Hilti компа-
ниясы ағаш үгінділерін жəне/немесе
минералдық шаңды тазалау үшін ұсы-
нылған тиісті тасымалданатын шаңсорғ -
ышпен тіркесімде қолданыңыз. Жұмыс
аймағының жақсы желдетілуін қамта-
масыз етіңіз. P2 класты сүзгісі бар рес-
пираторды кию ұсынылады. Мате-
риалдарды өңдеу бойынша күшіндегі
ұлттық нұсқауларды орындаңыз.
i) Жұмыс уақытында қолдар терлемеуі
үшін саусақтарды босату жəне жат-
тықтыру үшін үзілістер жасаңыз.
2.5 Электр құралына күтіммен қарау
жəне оны дұрыс пайдалану
a) Өңделетін бөлшекті берік бекітіңіз.
Бөлшекті бекіту үшін струбциналарды
немесе қысқышты қолданыңыз. Бұл
оны қолмен ұстап тұрудан сенімдірек
жəне аспапты екі қолмен ұстауға бола-
ды.
b) Ауыстырмалы аспаптың қысу қыс -
қысына сай екеніне жəне оған берік
бекітілетініне көз жеткізіңіз.
c) Электрмен қамтуда кідірістер болған-
да: аспапты өшіріңіз жəне кабельді
желіден ажыратыңыз. Бұл электрмен
қамту қалпына келтірілгенде аспаптың
өздігінен қосылуын болдырмайды.
2.6 Электр қауіпсіздігі
a) Жұмысты бастау алдында жұмыс
орнында жасырын электр сымдары-
ның, газ жəне су жүргізетін құбырлар-
дың бар-жоғын тексеріңіз – мысалы,
179

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents