Пайдалануға Дайындау - 3M Secure Click Manual

Reusable half mask
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
^ Бұл белгілермен белгіленген ақпаратқа
ерекше назар аудару қажет
^ ЕСКЕРТУЛЕР МЕН
ШЕКТЕУЛЕР
• Бұйым пайдаланушыны ауамен
тасымалданатын белгілі бір ластағыш
заттардан қорғауға көмектесуі үшін бұйымды
тиісті түрде таңдап алу, оны пайдалануға
үйрету, пайдалану жəне бұйымға техникалық
күтім жасау қажет. Тыныс алу органдарына
арналған осы жеке қорғану құралдарын
пайдалану ережелерін сақтамау жəне / немесе
қауіпті ортада болудың барлық кезеңінде
өнімді дұрыс пайдаланбау қауіпті болуы
мүмкін. Адам денсаулығына зиян келтіреді
жəне ауыр немесе өмірге қауіпті ауруларға
əкеледі немесе жұмыс қабілеттілігін
жоғалтады.
• Өнімнің əрдайым осындай күйде болуын
қадағалаңыз:
- Қолданылу мақсатына сай жарамды екенін;
- Дұрыс киілгенін;
- Қауіпті ортада болған кезде үнемі
пайдаланылуын;
- Қажет болғанда ауыстыруға болатынын.
• Сəйкес келу мен тиісті түрде пайдалану
мақсатында жергілікті нормативтерді орындап,
барлық қамтамасыз етілген ақпаратты алыңыз.
Егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін қауіпсіздік
техникасы жөніндегі маманға немесе 3М өкіліне
хабарласыңыз.
• Жұмысқа кіріспестен бұрын қызметкер Еңбекті
сақтау жəне Қауіпсіздік техникасына сəйкес
қондырғыны қолдану бойынша оқудан өтуге тиіс.
• Атап өтілген жəне Техникалық паспортта
келтірілген пайдалану шарттарына байланысты
тек 3М ™ сүзгілерін, қосалқы бөлшектерін жəне
бұйымдарды пайдалаңыңыз.
• Бұл бұйымда ешқандай түрде түрлендірмеңіз
жəне өзгертпеңіз. Бұйымның тозған қосалқы
бөлшектерін тек 3М түпнұсқа қосалқы
бөлшектерімен алмастырыңыз.
• Бұйымға техникалық күтім жасауды, қызмет
көрсетуді жəне жөндеуді тек тиісті түрде үйретілген
қызметкерлер ғана жүргізулері тиіс.
• Тұрақты пайдаланылмаған кезде де пайдалану
алдында немесе ай сайын жақсылап тексеріп
отыру керек. Тексеру процедуралары бөлімінен
арнайы мəліметтерді қараңыз.
• Осы бұйымды оттегінің мөлшері 19,5%-дан аз
ортада пайдаланбаңыз (3М анықтамасы: кейбір
елдер оттегі мөлшерінің жеткіліксіздігіне қатысты
өз шектеулерін қолдануы мүмкін. Күмəніңіз болса,
кеңес сұраңыз).
• Оттегімен байытылған ортада пайдаланбаңыз.
• Белгісіз немесе өмірге жəне денсаулыққа тікелей
қауіп төндіретін (ӨДТҚ) атмосфералық ластағыш
заттар немесе химиялық сүзгілермен реакцияға
түсіп, жылу бөлетін ластағыш заттардан тыныс алу
мүшелерін қорғау құралы ретінде пайдаланбаңыз.
• Ұшқындар жəне/немесе жалын əсер ететін
жерде тиісті қорғану құралдарын
пайдаланыңыз.
• Жарылыс қауіпті ортада пайдалану қажет болған
жағдайда, 3М техникалық қызмет бөлімінен кеңес
алыңыз.
• пайдаланушының сақал немесе мұрт не
бетіндегі шаш болған кезде пайдалануға
болмайды, олар бет пен өнімнің түйісуін
нашарлатуы мүмкін, сол арқылы жақсы
қымталымға кедергі келтіреді.
• Келесі жағдайларда жұмыс аймағынан тез
шығыңыз:
a) Тыныстың қиындауы немесе тыныстың
көбеюіне қарсылық басталса.
b) Басыңыздың айналуы немесе басқа аурулар
пайда болса.
c) Ауызыңызда ластағыш заттардың дəмін, иісін
сезінсеңіз немесе теріңіз қыши бастаса.
d) Бетке киілетін бұйымға ауа ағыны төмендеуі
немесе тоқтауы.
e) Eгер жүйенің кез-келген бір бөлігі бүлінсе.
• Жергілікті реттеулер сүзгілерді пайдалануға сүзгі
класына байланысты жəне бетке киетін бұйымға
ерекше шектеулер салуы мүмкін. 3M™ бетке
киілетін бұйымы\сүзгі комбинациясы денсаулық
жəне қауіпсіздік стандарттармен, немесе кəсібіи
маманның ұсынысымен сəйкес болу керек.
• Бұйымның пайдаланушының терісіне тиюі мүмкін
бөліктерінің материалдары адамдардың
көпшілігінде аллергия туғызатыны туралы ақпарат
жоқ.
• Осы бұйымдардың табиғи резиналық латекстен
жасалған құрамдас бөліктері жоқ.
ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДАУ
ҚАПТАМАНЫ АШУ
Құрылғының бүтіндігін, зақымдалмағанын жəне
дұрыс жиналғанын тексеру.
Куəландыру
Қолданудың алдында осындай куəландыруды
өткізу ұсынылады:
1. Бет бөлігінде жарықтардың, жыртықтардың
жəне кірдің болмауын қадағалаңыз. Бет бөлігінің,
əсіресе шеткі жақтауларының тозбағанына көз
жеткізіңіз. Материал иілгіш, бірақ қатты болмауы
керек.
94

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents