Түпнұсқа Нұсқаулар Аудармасы - Dremel Moto-Saw MS20 Original Instructions Manual

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ТҮПНҰСҚА НҰСҚАУЛАР АУДАРМАСЫ
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН БЕЛГІЛЕР
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫҢЫЗ
КӨЗДІ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
ЕСТУ МҮШЕСІН ҚОРҒАЙТЫН БҰЙЫМДЫ
ПАЙДАЛАНУ
ЕКІ ЕСЕ ОҚШАУЛАУ (ЖЕРГЕ ТҰЙЫҚТАЛҒАН
СЫМ ҚАЖЕТ ЕМЕС)
ЭЛЕКТРЛІК ҚҰРАЛДАРДЫ, АКСЕССУАРЛАРДЫ
ЖӘНЕ ҚАПТАМАНЫ ТҰРЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚ
МАТЕРИАЛМЕН БІРГЕ ҚОҚЫСҚА ТАСТАМАҢЫЗ
МЕХАНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕСКЕРТУЛЕР
НҰСҚАУЛАРЫН ОҚЫҢЫЗ. Ескертулер мен
нұсқауларды орындамау салдарынан ток соғуы, өрт
шығуы және/немесе ауыр жарақаттауы мүмкін.
Барлық ескертулер мен нұсқауларды болашақта
қарау үшін сақтап қойыңыз.
Ескертулердегі "қуат құралы" термині желі арқылы
жұмыс істейтін (сымды) қуат құралын немесе батарея
арқылы жұмыс істейтін (сымсыз) қуат құралын білдіреді.
ЖҰМЫС ОРНЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
a. Жұмыс орны таза әрі жарық жақсы тусетін
болуы қажет. Жұмыс орнының таза емес және
қараңғы болуы салдарынан оқыс оқиғалар орын
алады.
b. Қуат құралдарын тұтанғыш сұйықтықтар,
газдар орналасқан немесе шаңды жер сияқты
жарылысқа қауіпті орталарда пайдаланбаңыз.
Қуат құралдары шаң немесе түтінді тұтандыруы
мүмкін ұшқындар шығарады.
c. Қуат құралын пайдаланған кезде балалар мен
айналадағы адамдар алшақ тұруы қажет. Басқа
нәрсеге алаңдау салдарынан зейін жоғалтуыңыз
мүмкін.
ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК
ТЕХНИКАСЫ
a. Механикалық құралдың штепселі розеткаға
сәйкес келуі қажет. Ешқашан штепсельді
өзгертпеңіз. Ешқандай адаптер штекерін
жерге тұйықталған қуат құралдарымен
пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген штепсельдер мен
сәйкес келетін розеткалар электр тогының соғу
қаупін азайтады.
b. Құбырлар, радиаторлар, газ плиталары және
тоңазытқаштар сияқты жерге тұйықталған
БАРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
ЕСКЕРТУЛЕРІ МЕН
заттарға денеңізді тигізбеңіз. Денеңіз жерге
тұйықталса, электр тогының соғу қаупі жоғары.
c. Қуат құралдарын жаңбыр астына немесе
ылғалды жерлерге қоймаңыз. Қуат құралына су
кірсе, электр тогы соғуы мүмкін.
d. Сымды орынсыз пайдаланбаңыз. Ешқашан
сымды қуат құралын тасу, тарту немесе қуат
көзінен ажырату үшін пайдаланбаңыз. Сымды
ыстық жерден, май, өткір шеттер немесе
жылжымалы бөлшектерден алшақ ұстаңыз.
Зақымдалған немесе шатасқан сымдар электр
тогының соғу қаупін арттырады.
e. Қуат құралын далада пайдаланған кезде,
далада пайдалануға болатын ұзартқыш сымын
пайдаланыңыз. Далада пайдалануға болатын
сымды пайдаланғанда электр тогының соғу қаупі
азаяды.
f.
Ылғал жерде механикалық құралды
пайдалануға тура келсе, жерге аққан жағдайда
токты ажыратқашпен (ELCB) қорғалған
жабдықты пайдаланыңыз. Жерге аққан жағдайда
токты ажыратқашты пайдаланғанда электр
тогының соғу қаупі азаяды.
ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК
a. Қуат құралын пайдаланған кезде абай болыңыз,
не істеп жатқаныңызға қараңыз және зейін
қойыңыз. Шаршап тұрсаңыз немесе есірткі,
ішімдік немесе дәрі-дәрмек қабылдаған
болсаңыз, қуат құралын пайдаланбаңыз. Қуат
құралдарын пайдаланған кезде алаңғасарлық
салдарынан жеке ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
b. Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз.
Әрқашан көзді қорғау бұйымын киіңіз. Шаңнан
қорғайтын маска, сырғанамайтын арнайы аяқ-
киім, каска немесе есту мүшесін қорғайтын бұйым
сияқты қорғаныс жабдығын тиісті жағдайларда
пайдаланғанда жеке жарақат алу қаупі азаяды.
c. Құралды абайсыз іске қоспаңыз. Құралды
көтеру немесе тасымалдау арқылы қуат көзіне
және/немесе батареяға қоспас бұрын қосқыш
өшірулі екенін тексеріңіз. Қуат құралдарын
қосқышынан ұстап тасымалдау немесе қосқыш
қосулы күйде қуаттандыру салдарынан оқыс
оқиғалар орын алуы мүмкін.
d. Қуат құралын іске қоспас бұрын барлық
сомынды бұрайтын кілтті алып тастаңыз.
Қуат құралының айналатын бөлігіне бекітілген
сомынды бұрайтын кілт жеке жарақат алуға
әкелуі мүмкін.
e. Қатты тартпаңыз. Дұрыс тұрыңыз және тепе-
теңдікті сақтаңыз. Бұл кездейсоқ жағдайларда
қуат құралын жақсырақ басқаруға мүмкіндік береді.
f.
Тиісті түрде киініңіз. Кең киім кимеңіз және
әшекей тақпаңыз. Шашыңызды, киіміңізді және
қолғабыңызды жылжымалы бөлшектерден
алшақ ұстаңыз. Кең киім, әшекей немесе ұзын
шаш жылжымалы бөлшектерге ілініп қалуы
мүмкін.
g. Шаңды тарту қосылымы мен шаңды жинау
контейнері үшін құрылғылар қамтамасыз
етілсе, олар жалғанғанына және тиісті түрде
пайдаланылатынына көз жеткізіңіз. Осы
құрылғыларды пайдалану шаңның қауіпті
әсерлерін азайтуы мүмкін.
ҚУАТ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ
a. Қуат құралына күш түсірмеңіз. Қолдану
мақсатына сәйкес қуат құралын пайдаланыңыз.
87
KZ

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Moto-sawMs20

Table of Contents