Candy CI3640 ELITE Instruction Manual page 61

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Ескертулер
1. Индукциялық пісіретін бетті білікті маман орнатуға тиіс. Бізде сіздің
пісіретін бетіңізді дұрыс орнатып беретін мамандар бар. Ешқашанда
пісіретін бетті орнатуды өз бетіңізбен жүзеге асырмаңыз.
2. Пісіретін бет тікелей ыдыс жуғыш машинаның, тоңазытқыштың,
мұздатқыштың, кіржуғыш машинаның немесе кірге арналған барабан
құрғатқыштың үстінде орнатылмауға тиіс, өйткені ондай жағдайда пісіретін
беттің электрондық компоненттеріне ылғалдың әсер етуінің нәтижесінде
олардың зақымдалуы орын алуы мүмкін.
3. Индукциялық пісіретін бет ол генерациялайтын жылудың оңтайлы сейілуі
қамтамасыз етілетіндей түрде орнатылған болуға тиіс.
4. Қабырға мен жұмыс бетінің үстінде орналасқан аумақ жылудың әсеріне
шыдайтын болуға тиіс.
5. Қатпарлы материал мен желім термикалық төзімді болуға тиіс.
Пісіретін бетті электр желісіне қосу
Пісіретін бетті қоректендіруші электр желісіне тек білікті маман қосуға тиіс.
Пісіретін бетті электр желісіне қосудан бұрын төмендегілерді тексеріңіз:
1. сіздің үйіңіздегі электр сымдарының жүктемелік қабілеті пісіретін бет тұтынатын
қуаттылық үшін жеткілікті болып табылуға тиіс.
2. электр желісінің кернеуі пісіретін беттің төлқұжаттық табличкасында көрсетілген
кернеуге сәйкес болуға тиіс.
3. қоректендіру бауы пісіретін беттің төлқұжаттық табличкасында көрсетілген
жүктемеге шыдайтын болуға тиіс.
Пісіретін бетті электр желісіне қосу үшін жалғастырғыш тетіктер мен үштіктерді
пайдаланбаңыз, өйткені бұл өрт шығуына әкеліп соғуы мүмкін.
Қоректендіру кабелі ыстық бөлшектерге жанаспайтын болуға және оның нүктелерінің
ешқайсысында температура 75˚С градустан аспайтындай орналасқан болуға тиіс.
Электриктің сіздің үйіңіздегі электр сымдарын пісіретін бетті қоректендіру үшін
пайдалануға болатынын тексеруін сұраңыз. Электр сымдарындағы барлық өзгертуді
тәжірибелі электрик орындауға тиіс.
Қоректендіру кернеуі қолданыстағы электротехникалық ережелер мен
нормаларға сәйкес қосылуға тиіс немесе төменде көрсетілгендей, бір полюсті
автоматты ажыратқыш пайдаланылуға тиіс.
RU-33

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents