Candy CI3640 ELITE Instruction Manual page 40

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Индукциялық пісіретін бетте тамақ пісіру
Индукциялық пісіретін бетте тамақ пісіру заманауи, тиімді және үнемді тамақ
пісіру технологиясы болып табылады. Бұл тамақ пісіру технологиясы пісіретін
беттің шынысы арқылы өтетін жылуды емес, тікелей тамақ пісіретін ыдыста
жылу генерациясын негізге алады. Шыны тек ыдыстан жылу ауысуының
нәтижесінде қызады.
Өзіңіздің жаңа индукциялық пісіретін
бетіңізді пайдаланудың алдында
• Осы нұсқауды, «Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулар» бөліміне
ерекше назар аударып, оқып шығыңыз.
• Индукциялық пісіретін беттің үстінен онда қалған қорғаныштық таспаның
бәрін алып тастаңыз.
Сенсорлық басқару түймешіктерін
пайдалану
• Сенсорлық басқару түймешіктері сәл жанасқанға жауап қатады. Сондықтан
сіз оларға ешбір күш түсірмеуге тиіссіз.
• Түймешікке саусағыңыздың ұшын емес, саусағыңыздың басын тигізіңіз.
• Тигізу тіркелгеннен кейін, сіз дыбыстық сигналды естисіз.
• Басқару түймешіктерінің әрдайым таза, құрғақ болуын және олардың
қандай да бір заттармен (мысалы, асүй ыдыс-аяғымен немесе киім
түрлерімен) көлегейленбеуін қадағалаңыз. Басқару түймешігінде тіпті өте
жұқа су қабатының болуы басқару түймешігінің жұмысының бұзылуына
әкеліп соғуы мүмкін.
темір қазан
магниттік тізбек
шыны-қыш тақта
индуктивтілік орауышы
индукцияланған токтар
RU-12

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents