Candy CI3640 ELITE Instruction Manual page 41

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Лайықты ас үй ыдыс-аяғын таңдау
• Тек индукциялық пісіретін бетте тамақ пісіру үшін
жарайтын ас үй ыдыс-аяғын пайдаланыңыз.
Қазанның түбінде немесе оның қапталымында
индукциялық қыздыру символы болуға тиіс.
• Сіз ыдыс-аяқтың жарамдылығын магниттің көмегімен тексере
аласыз.
Магнитті қазанның табанына тақаңыз. Егер магнит тартылатын
болса, онда ыдыс-аяқ индукциялық пісіретін бетте пайдалану үшін жарамды.
• Егер сізде магнит жоқ болса:
1. Өзіңіз тексеруді қалайтын қазанға азғантай көлемде су құйыңыз.
2. «Тамақ пісіруді бастау үшін» бөлімінде суреттелген қадамдарды орындаңыз.
3. Егер
индикаторы жыпылықтамаса, ал су ысыса, онла ыдыс-аяқ индукциялық
пісіретін
бетте пайдалану үшін жарамды болып табылады.
• Төменде тізімі берілген материалдардан жасалған асүй ыдыс-аяғы индукциялық пісіретін
бетте пайдалану үшін жарамсыз: ферромагниттік материалдан жасалған табаны жоқ тат
баспайтын болат, алюминий немесе мыс, шыны, ағаш, фарфор, қыш немесе фаянс.
Түбі тегіс емес немесе ойысқан асүй ыдыс-аяғын пайдаланбаңыз.
Қазанның немесе табаның табаны тегіс болып табылатынына, индукциялық
пісіретін бетке жақсы қабысатынына және ыдыс-аяқтың диаметрі қыздыру
аумағына тең екеніне көз жеткізіңіз. Диаметрі таңдап алынған қыздыру
аумағына сәйкес келетін ас үй ыдыс-аяғын пайдаланыңыз. Диаметрі таңдап
алынған қыздыру аумағынан сәл асатын ыдыс-аяқ пайдаланылған кезде,
электр энергиясын пайдаланудың максималды тиімділігі қамтамасыз етіледі.
Диаметрі одан кем ыдыс-аяқ пайдаланылатын кезде электр энергиясын
пайдаланудың тиімділігі төмендейтін болады. Диаметрі 140 мм-ден кем
қазанды пісіретін бет ажыратпауы мүмкін. Қазанды міндетті түрде қыздыру
аумағының тура ортасына қойыңыз.
Сіз қазанды индукциялық пісіретін беттен алатын уақытта, әрдайым оны
пісіретін бетпен сырғытпаңыз, тек көтеріңіз, әйтпесе, сіз пісіретін бетке сызат
түсіруіңіз мүмкін.
13
RU-13

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents