Жұмысқа Дайындау; Тағам Өнімдерін Ұсақтауға Арналған Пышақ / Шағын Уатқыш; Сұйық Азық Өнімдерін Шайқауға / Араластыруға Арналған Қондырма - Scarlett SC-HB42F63 Instruction Manual

Food processor-blender
Table of Contents

Advertisement

Қуат көзіне қосу сымы өткір жиектер мен ыстық заттарға тиіп тұрмауын қадағалаңыз.
Қуат көзіне қосу сымын тартқыламаңыз, ширатпаңыз және ешқандай затқа оны орамаңыз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін, азық-түлік пен қондырмаларды алып шықпас бұрын аспапты электр
желісінен ажыратыңыз да, электр қозғалтқыш толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
ЕСКЕРТУ:Саптамаларды қосудан өшіру батырмасын басып, саптаманы шешіңіз.
ЕСКЕРТУ: Аспапты асыра толтыруға немесе азық-түліксіз пайдалануға тыйым салынады. Үздіксіз жұмыс
істеуге рұқсат етілген уақыттан асырып жібермеңіз.
Процессорды ыстық азық-түлік салмаңыз (> 70 ºC).
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис
орталығына апарыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан «XXXX»
– жасап шығарылған жылы.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Ең алғаш рет пайдаланар алдында барлық алмалы бөліктерді жуғыш зат қосылған жылы сумен жуыңыз
да, әбден құрғатыңыз. Қозғалтқыш бөліктің сыртын сәл дымқыл жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Қозғалтқыш бөлікті кез келген сұйық заттарға батыруға және оны сумен жууға тыйым салынады.
БАТЫРЫЛАТЫН БЛЕНДЕР
Блендер езбе көжелерді, түрлі тұздықтар мен асқатықтарды, сондай-ақ балалар тағаын дайындау үшін,
сан алуан түрлі коктейльдерді араластыру үшін аса қолайлы.
Блендер саптамасын моторлы бөлігіне орнатыңыз, бекіту үшін оны сағат тіліне қарсы тірелгенге дейін
бұраңыз. Блендер саптамасымен жұмысты аяқтаған кезде, аспапты сөндіріңіз және оны электр
желісінен ажыратыңыз, тек содан кейін ғана саптаманы ауыстырыңыз.
Қоспаның төгілуін болдырмас үшін, іске қосар алдында блендерді араластыратын өнімдердің ішіне
батырыңыз.
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІН ҰСАҚТАУҒА АРНАЛҒАН ПЫШАҚ / ШАҒЫН УАТҚЫШ
Шағын уатқыш асшөп пен көкөністі, ірімшікті, жаңғақ түрлерінің көпшілігін, кептірілген жеміс-жидекті
ұсақтау үшін са қолайлы. Ет, ірімшік, пияз, сәбіз сияқты ірі өнімдерді алдын ала турап алу керек.
Жаңғақтың қабығын аршу керек, етті сүйегі мен сіңірінен ажыратып алу керек.
Уатқыш мұзды жару үшін, кофе дәндері, мускат жаңғағы, дәнді дақылдар сияқты аса қатты азық
өнімдерін ұсақтауға жарамайды.
Ескерту! Ұсақтауға арналған пышақтың жүзі өте өткір! Тек үстіңгі пластмасса бөлігінен ғана ұстаңыз!
Ұсақтауға арналған пышақты шараның ортаңғы істігіне орнатыңыз.
Шараға азық өнімдерін салыңыз.
Тостағанды тостаған жетегімен жабыңыз. Жетекті бекіту үшін, жетектегі бекіткіштер тостағандағы
саңылауларға түсуі қажет.
Моторлы бөлікті тостағанның жетегіне орнатыңыз және оны сағат тілі бойымен тірелгенге дейін
бұраңыз.
Ұсақтау кезінде бір қолыңызбен моторлы бөлікті, ал екінші қолыңызбен – ұсақтауға арналған
саптаманың тостағанын ұстаңыз.
Әрі қарай тостаған жетегін ажыратыңыз.
Абайлап ұсақтауға арналған пышақты алып шығыңыз.
Тек осыдан кейін ғана ұсақталған өнімдерді ұсақтауға арналған тостағаннан алыңыз.
СҰЙЫҚ АЗЫҚ ӨНІМДЕРІН ШАЙҚАУҒА / АРАЛАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРМА
Былғауышты кілегейді, жұмырқаның ағын, түрлі тәтті тағамдарды шайқап көпіршіту үшін пайдаланыңыз.
Бұл қондырманы ешқашан да қатты қамыр илеу үшін пайдалануға болмайды.
Бұлғауға арналған саптаманы жалғастырғышқа салыңыз, содан кейін сағат тіліне қарсы бұрай отырып,
моторлы бөлікке орнатыңыз.
Жұмысты бастар алдында бұлғауышты бұлғанатын өнімдері бар тостағанға батырыңыз. Жұмысты
төмен жылдамдықтан бастаңыз.
ЖҰМЫСЫ
Дұрыс әрі тиісті түрде құрастырылғанына көз жеткізіңіз.
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
Импульстік режим түймесін басып ұстап тұрыңыз.
www.scarlett.ru
11
IM021
SC-HB42F63

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents