Жұмысқа Дайындау - Scarlett Silverline SL-HB43K01 Instruction Manual

Food processors-blender
Hide thumbs Also See for Silverline SL-HB43K01:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
• Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2 сағат
бөлме температурасында ұстау керек.
• Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
• Ең алғаш рет пайдаланар алдында барлық алмалы бөліктерді жуғыш зат қосылған жылы сумен жуыңыз да,
әбден құрғатыңыз. Қозғалтқыш бөліктің сыртын сәл дымқыл жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
• Қозғалтқыш бөлікті кез келген сұйық заттарға батыруға және оны сумен жууға тыйым салынады.
БАТЫРЫЛАТЫН БЛЕНДЕР
• Блендер езбе көжелерді, түрлі тұздықтар мен асқатықтарды, сондай-ақ балалар тағаын дайындау үшін, сан
алуан түрлі коктейльдерді араластыру үшін аса қолайлы.
• Қоспаның шашырауына жол бермеу үшін блендерді іске қосар алдында оны араластырылатын
тағамдарға батырыңыз.
• Ағытып алу үшін батырылатын блендерді сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІН ҰСАҚТАУҒА АРНАЛҒАН ПЫШАҚ / ШАҒЫН УАТҚЫШ
• Шағын уатқыш асшөп пен көкөністі, ірімшікті, жаңғақ түрлерінің көпшілігін, кептірілген жеміс-жидекті ұсақтау
үшін са қолайлы. Ет, ірімшік, пияз, сәбіз сияқты ірі өнімдерді алдын ала турап алу керек. Жаңғақтың қабығын
аршу керек, етті сүйегі мен сіңірінен ажыратып алу керек.
• Уатқыш мұзды жару үшін, кофе дәндері, мускат жаңғағы, дәнді дақылдар сияқты аса қатты азық өнімдерін
ұсақтауға жарамайды.
• Ескерту! Ұсақтауға арналған пышақтың жүзі өте өткір! Тек үстіңгі пластмасса бөлігінен ғана ұстаңыз!
• Ұсақтауға арналған пышақты шараның ортаңғы істігіне орнатыңыз.
• Шараға азық өнімдерін салыңыз.
• Шараны шара жетегімен жабыңыз.
• Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне бекігенше кіргізіңіз.
• Ұсақтау кезінде бір қолыңызбен қозғалтқыш бөлікті, екінші қолыңызбен ұсақтауға арналған қондырманың
шарасын ұстаңыз.
• Пайдаланып болғаннан кейін ең бірінші кезекте қозғалтқыш бөлікті ажыратыңыз.
• Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне кіргізіңіз, қозғалтқыш бөлікті түймешіктің (4) көмегімен бекітіңіз.
• Пайдаланып болғаннан кейін ең бірінші кезекте қозғалтқыш бөлікті түймешікті (4) басып ағытыңыз.
• Содан кейін шараның жетегін ажыратыңыз.
• Ұсақтауға арналған пышақты еппен шығарып алыңыз.
• Тек содан кейін ғана ұсақталған азық өнімдерін ұсақтауға арналған шарадан басқа ыдысқа салып алыңыз.
АЛМАЛЫ ПЫШАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ДИСКІ
• Пышақтары бар әмбебап дискі көкөністі, мысалы, қиярды, сәбізді, картопты, порей пиязды және домалақ
пиязды, сондай-ақ ірімшіктің кейбір сұрыптарын тілімдеп кесуге (11) және ұсақтап турауға (10,9) арналған.
• Алмалы пышақтардың бірін дискіге орнатыңыз.
• ЕСКЕРТУ: Алмалы пышақтар аса өткір! Оларды үлкен сақтықпен қолданыңыз!
• Пышақты дискідегі саңылауға орнату үшін пышақтың бекіткіштері саңылаудың жиегіне ілінетіндей етіп оның
үстінен басу керек.
• Дискіні оське тығыздап отырғызыңыз.
• Шараға жетекті кигізіңіз.
• Қозғалтқыш бөлікті шараның жетегіне орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ: Азық-түлікті тек итергіш арқылы ғана салыңыз, оның үстінен шамалап басыңыз. Қатты басқан сайын
өңдеу нәтижесі сапасыз болады.
МИКСЕР
• Шайқауға арналған қондырма (13) вафля мен жұқа шелпектерге арналған қамырды шайқап араластыру үшін,
сұйық тұздықтарды, кремдерді, шайқалған кілегейді, картоп езбесін дайындауға арналған жұмыртқаның ағын
көпіршіту үшін қолданылады.
• Қамыр илеуге арналған қондырма (14) ашыған қамырды илеу үшін қолданылады.
• Корпусқа қондырмаларға арналған өтпелік сағат тіліне қарсы тығыздап ораңыз.
• Сәл бұрай, ауысымды саптамаларды бекіту ұясына салыңыз.
• Саптамаларды араластырылған өнімдерге батырыңыз.
ЖҰМЫС
• Жинақтауды толық әрі тиісті түрде іске асырғаныңызға көз жеткізіңіз.
• Процессорды электр желісіне қосыңыз.
• Импульстік режимнің батырмасын басыңыз да, ұстап тұрыңыз – процессор осы батырма басулы тұрғанша
жұмыс істейтін болады.
www.scarlett-europe.com
23
IM011
SL-HB43K01

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents