Moulinex Masterchef Essential Manual page 49

Hide thumbs Also See for Masterchef Essential:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 9
Безе
Ингредиенттер: 4 жұмыртқа ақуызы (120 г), 120 г құмшекер, 120 г қант ұнтағы
Пешті 95°С-қа дейін алдын ала қыздырыңыз. Жұмыртқа ақуызы мен құмшекерді араластырғыш
ыдысына салыңыз, содан кейін қақпақ пен бұлғауышты орнатыңыз. 6-жылдамдықпен
4 минут бойы араластырыңыз. Миксердің бастиегін көтеріп, 120 г қант ұнтағын қосыңыз.
6-жылдамдықпен тағы 2 минут шайқаңыз. Бұдырлағыш шүмегі бар кондитерлік қаптарға
толтырып, табаға салынған пісіру қағазының үстіне пішін жасай отырып сығыңыз.
95°C температурада 2 сағат пісіріңіз.
Кекстерге арналған ингредиенттер қоспасы
Ингредиенттер: 200 г қант, 200 г бөлме температурасындағы май, 4 жұмыртқа (200 г), 200 г ұн,
толған 2 шай қасық қопсытқыш (4 г).
Барлық ингредиенттерді ыдысқа салып, қақпақ пен бұлғауышты орнатыңыз. Құрылғыны
1-жылдамдықпен 30 секундқа, содан кейін 6-жылдамдықпен 2 минутқа қосыңыз. 2 минут 30
секундтан кейін араластырғыштың бастиегін көтеріп, ыдыстың қабырғаларын шпательмен
тазалап алыңыз; сұйық қамырды тағы 1 минут бойы 6-жылдамдықпен шайқаңыз. Қамырды
майланған және ұн себілген пісірмеге арналған қалыпқа құйып, алдын ала 180°C-қа дейін
қыздырылған пеште 1 сағат пісіріңіз.
Құймақ қамыры
Ингредиенттер: 250 г ұн, 500 г сүт, 4 жұмыртқа, 2 қап ванильді қант, 6 г тұз.
Жұмыртқа, ванильді қант пен сүтті ыдысқа салыңыз. Қақпақ пен баллонды бұлғауышты
орнатып, 6 жылдамдықта араластырыңыз. Қақпақтағы саңылау арқылы ұнды біртіндеп
қасықпен қосыңыз. Ұн қосылғаннан кейін оны 1 минутқа араластырып қойыңыз да, қоспаны
ұсақ електен өткізіңіз. Құймақты пісірмес бұрын, қамырды бөлме температурасында кем
дегенде 1 сағатқа қалдырыңыз.
Майонез
Ингредиенттер: 2 жұмыртқа сарыуызы, 20 г қыша, бір шөкім тұз, 250 мл май.
Араластырғышқа жұмыртқа сарыуыздарын, қыша мен тұзды салыңыз. Қақпақ пен баллонды
бұлғауышты орнатып, құрылғыны 6-жылдамдықта іске қосыңыз. Майды қақпақтағы
саңылаудан 3 минут бойы біртіндеп қосыңыз. Барлық май эмульсияға қосылғаннан кейін,
ыдыс пен бұлғауышты алыңыз. Ыдыстың қабырғаларын қолыңызбен тазалап алыңыз да, оны
майонезге қосу үшін араластырыңыз. Үш-төрт араластыру жеткілікті. 24 сағат ішінде тұтыныңыз.
KK
Нан қамыры
Ингредиенттер: 30°C шамасындағы 300 г жылы су, 500 г ұн, 10 г тұз, 1 қап кептірілген ашытқы (5 г).
Ұн, тұз және кептірілген ашытқыны араластырғыш ыдысына салыңыз. Қақпақ пен баллонды
бұлғауышты орнатып, араластырғышты 1-жылдамдықта іске қосыңыз. Майонез сияқты суды
1 минут бойы біртіндеп құйыңыз, содан кейін 10 минутқа илену үшін қалдырыңыз. Қамырды
жауып, 35°C температурада 1 сағатқа қалдырыңыз. Оның көлемі екі еселенуі керек. Нанды
пішінге келтіріп, оны тағы 1 сағат 35°C температурасында тұрғызыңыз. Нанның көлемі екі
еселенуі керек. Алдын ала 220°C-қа дейін қыздырылған пеште, астына ылғалдылық жасау
үшін суы бар ыдысты салып, 30 минут пісіріңіз.
45

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents