Bosch UniversalChain 35 Original Instructions Manual page 210

Hide thumbs Also See for UniversalChain 35:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 13
210 | Қазақ
– Шынжырды керу шығыршығы (11) лайықты
шынжырлы кернеу орнатылғанша дейін сағат тілі
бағытымен бұрып бекітіңіз. Тоқтату механикасы
шынжыр тартылуы босап кетпеуін қамтамасыз етеді.
Шынжырды керу шығыршығының (11) тартылуы ауыр
болған жағдайда тоқтатқыш түймешігін (12) сағат
тіліне қарсы бағытта әрі қарай бұра отырып босату
керек. Тоқтатқыш түймешігінің (12) шынжырды керу
шығыршығымен бірге айналуы шынжырды керу
шығыршығы (11) лайықты түрде орнатылып қойылған
жағдайда рұқсат етіледі. Тоқтатқыш түймешігін (12)
орнында ұстап тұрып, шынжырды керу шығыршығын
(11) орнату барсында екі қолыңызбен әрекет ету
керек болуы мүмкін.
– Ара шынжыры (8), оны ортасынан шам. 3–4 мм ғана
көтере алу мүмкін болғанда, дұрыс тартылған деп
саналады. Бұл әрекет ара шынжырын шынжырлы
араның өз салмағына қарсы бір қолмен жоғарыға
қарай тарту арқылы өткізілуі лазым.
– Ара шынжыры (8) тым қатты тартылған жағдайда
шынжырды керу шығыршығын (11) сағат тілі
бағытына қарсы бұраңыз.
– Керіліп қойылған ара шынжырында (8) шапқыны (9)
қысып бекіту әрекеті тоқтатқыш түймешігін (12) сағат
тілі бағытымен бұру арқылы өткізіледі. Бұл әрекет
ешбір құралды қолданбай-ақ өткізіледі.
Ара шынжырын майлау (C1 суретін қараңыз)
Нұсқау: Сатылғанда немесе жеткізіп берілгенде
шынжырлы ара арнайы ара шынжыр майымен
толтырылмаған. Шынжырлы араны қолдану алдынан
оның маймен толтырылған болуы маңызды. Шынжырлы
араны ара шынжыры үшін арналған арнайы майсыз
қолдануы немесе бар болған май көлемі керекті
деңгейден төмен болғаны шынжырлы араның бұзылуына
апарады.
Ара шынжырының қызмет өмірі мен кесу өнімділігі оның
майлану үйлесімділігіне байланысты. Сондықтан ара
шынжыры май бүріккіші (22) арқылы іске қосылып
қолданылған уақытта автоматты түрде ара шынжыры үшін
арналған арнайы майымен майланып отырады.
Май резервуарын толтыру үшін төмендегідей әрекет
етіңіз:
– Шынжырлы араны май резервуары қақпағымен (14)
лайықты төсем үстінен жоғарыға қарай қаратып
қойыңыз.
– Май резервуары қақпағының (14) айналасын
шүберекпен тазалап алып, қақпағын бұрап отырып
шығарып алыңыз.
– Май резервуарына Bosch компаниясы арқылы ара
шынжырлары үшін шығарылған арнайы, биологиялық
тұрғыдан бөлшектеніп ажырай алатын майын, май
деңгейі май көлемін бақылау саңылауы арқылы (26)
көрілгенше дейін толтырыңыз.
– Май резервуарына лас пен кірдің түсіп қалуын
болдырмау үшін абай бола отырып әрекеттеніңіз. Май
F 016 L81 829 | (31.10.2019)
резервуары қақпағын (14) бұра отырып қайтадан
толығымен жауып қойыңыз.
Нұсқау: Шынжырлы араның зақымдануын болдырмау
үшін тек қана биологиялық тұрғыда тез бөлшектеніп
ажырай алатын шынжырлы майлау заттарын (RAL-UZ48
ережелеріне сай) қолданыңыз. Ешқашан пайдаланған
майды немесе ескі майды пайдаланбаңыз. Рұқсат
етілмеген майды пайдалансаңыз кепілдік жарамсыз
болады.
Нұсқау: Май фильтрі май резервуары ішіне
құрастырылып орнатылған. Техникалық қиыншылықтар
бойынша немесе тазалау сұрақтары бойынша Bosch
компаниясының техникалық қызмет көрсету
орталығымен хабарласыңыз.
Нұсқау: Bosch компаниясы арқылы ара шынжырлары
үшін шығарылған арнайы, биологиялық тұрғыдан
бөлшектеніп ажырай алатын майын қолдануыңыз лазым.
Осы май туралы мәліметтерді құрамдас бөлшектер
бағдарламасында таба аласыз.
Нұсқау: Төмен температураларда май тұтқыр болып
кетіп, осының салдарынан май өнімділігінің деңгейі
төмендеп кетеді.
Пайдалану
Іске қосу
Желі кернеуіне назар аударыңыз! Электр тоқ беру
u
ауызының кернеуі электр бұйымның тақташасындағы
техникалық мәліметтеріне сай болуы тиіс.
Қосу/Өшіру
Кері соққыдан қорғау тежеуішін белсендіру үшін
тұтқасын/құрсаулау құрылғысын (4) ➋ позициясынан
➊ позициясына, алдыңғы тұтқа бағытына қарай
тартыңыз(3). Кері соққыдан қорғау тежеуішін
белсендіру үшін тұтқасын/құрсаулау құрылғысын (4)
баспағаныңызда, кері соққыдан қорғау тежеуіші
құралды қолдану алдынан істен шығарылмай қалып,
шынжырлы ара іске қосылмай қалатын болады. (E
суретін қараңыз)
Шынжырдың қоршау бөлшегін (7) шығарып алыңыз.
Шынжырлы араны "Шынжырлы арамен жұмыс істеу"
тарауында көрсетілгендей ұстаңыз.
Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосуды
құрсаулау қосқышын (15) басып, одан кейін Қосу/Өшіру
(2) басып және оны әрі қарай баса тұрыңыз.
Электр бұйым іске қосылып жұмыс істеп тұрғанда іске
қосуды құрсаулау қосқышын босатуыңызға болады.
Электр құралды өшіру үшін Қосу/Өшіру қосқышын (2)
жіберіңіз.
Нұсқау: Қауіпсіздік себептерінен Қосу/Өшіру қосқышын
(2) құрсаулауға болмайды, ол жұмыс барысында
басылған қалыпта қала беруі тиіс.
Нұсқау: Шынжырлы араны кері соққыға қарсы тежеуішті
(4) басу арқылы тежемеңіз.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Universalchain 40

Table of Contents