Hilti DX 5 GR Original Operating Instructions page 90

Hide thumbs Also See for DX 5 GR:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 22
5.3
Қуатты орнату
3
1. Қуат реттегішінің босату құралын басыңыз.
2. Қуатты реттеу дискісін бұрап, қалаулы қуатты орнатыңыз.
3. Қондыру сапасын Hilti стандарттарына сай тексеріңіз.
Картридж қуаты мен қуат реттеуін тапсырмаға сай таңдаңыз.
Аспаппен әлі еш жұмыс орындалмаған жағдайда, әрдайым ең төмен қуаттан бастаңыз.
5.4
Жеке қондыру құралымен бекіту элементтерін қондыру
1. Аспапты орналастырыңыз.
2. Аспапты жұмыс бетіне қарай тіке ұстап, тікбұрышты басыңыз.
3. Элементті қондыру үшін ажыратқышты басыңыз.
5.5
Жеке қондыру құралын шығару
1. Картриджді аспаптан шығарыңыз.
2. Бекіту элементін аспаптан шығарыңыз.
5.6
Тазалау индикаторын бастапқы қалпына келтіру
▶ Тазалау индикаторын бастапқы қалпына келтіру үшін, батырманы 10-12 секунд басып тұрыңыз.
Тазалау индикаторы 5 діңгектен тұрады. Әр діңгек 500 қондыру әрекеті үшін жарамды.
5.7
X-FCM сақтандырғыш торын бекіту
1. Ирек оймалы шпильканы болат діңгекке орнатыңыз. Қарапайым орталықтандырылған бекітуді
қамтамасыз ету үшін, орталықтандыру төлкесін қолданыңыз. Калибрмен ену тереңдігін тексеру
арқылы болттың шығыңқы жерін (NVS) өлшеңіз.
2. X-FCM ұстағыш фланецін орналастырыңыз.
3. Ұстағыш фланецті бұрап бекітіңіз.
◁ Айналу моменті: 5-8 Нм
5.8
X-FCP кедір-бұдыр болатын бекіту
1. Кедір-бұдыр болатты тесіңіз немесе бұрғылаңыз.
Қажетті минималды қашықтықты сақтаңыз:
A = 18-20 мм (0,70''-0,7'')
B ≥ 25 мм (≥ 0,98'')
2. Ирек оймалы шпильканы алдын ала әзірленген саңылауға қондырыңыз. Калибрмен ену тереңдігін
тексеру арқылы болттың шығыңқы жерін (NVS) өлшеңіз.
3. X-FCP ұстағыш фланецін орналастырыңыз.
4. Ұстағыш фланецті бұрап бекітіңіз.
◁ Айналу моменті: 5-8 Нм
5.9
X-GR торын бекіту
1. Элементті болт бағыттауышына қондырыңыз.
2. Элементті тор арқылы болат ішіне енгізіңіз.
3. Элементті берік бұрап бекітіңіз.
◁ Айналу моменті: 3-5 Нм
5.10
Жарылыс қаупі
1. Аспапты жұмыс бетіне 30 секунд бойы басулы ұстаңыз.
2. Картридж сонда да оталмаса, оны жұмыс бетінен алып тастаңыз. Оның өзіңізге немесе басқа
адамдарға бағытталмағанына көз жеткізіңіз.
82
Қазақ
Printed: 02.08.2018 | Doc-Nr: PUB / 5433085 / 000 / 01
5
6
7
8
4
2211872
*2211872*

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents