Philips HF3431 User Manual page 24

Eu luminaires
Hide thumbs Also See for HF3431:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

ҚАЗАҚША
24
Кіріспе
Philips өнімін сатып алуыңызбен құттықтаймыз! Philips компаниясы
көрсететін толық қолдауды алу үшін өнімді www.philips.com/
welcome веб-сайтында тіркеңіз.
Philips құрылғысын пайдалану алдында осы
пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз.
Пайдалану мақсаты
Осы Philips компаниясының EnergyUp Intense Blue құрылғысы өмірлік
тонусты көтереді, тәуліктік биоритмді реттейді, қысқы мұңды кетіреді.
Жарық — табиғи энергия көзі
Бүгінгі күннің өмірлік ритмі күні бойы ең жоғары өнімділікті талап
етеді. Дегенмен, уақыт өте дені сау адам да шаршағандықты және
әлсіреуді сезеді, әсіресе табиғи күндізгі жарық болмағанда, мысалы, қыс
айларында кеңседе отырғанда қиналады. Күндізгі жарық сау тамақтану
және тұрақты жаттығу сияқты жақсы хал-жай мен көңіл күйі үшін
қажет. Осы Philips құрылғысының EnergyUp Intense Blue арнайы көру
рецепторларына жағдай жасап, табиғи шуақты күн жарығын
имитациялайды және тонусты, көңіл күйі мен зейін қоюды арттыру
арқылы ағзаның қарсы реакциясын іске қосады.
Тәуліктік биоритм және ұйқы тәртібі
Ағза кейбір ішкі функцияларды реттеу үшін жарық белгілерін
пайдаланады. Дәл реттелген биоритмдер энергия деңгейін, көңіл-
күйді, ұйқыны, тәбетті және ас қорытуды реттейді. Тәуліктік
биоритмдер деп аталатын осы күнделікті циклдер кейде жаңылысып,
табиғи циклмен байланысты жоғалтады, ал ол көңіл-күйге теріс әсер
етеді. Табиғи белгілер енді заманауи өмір салтымызды басқармайды:
күн енді күннің шығуымен басталмайды және күннің батуымен
аяқталмайды, жұмыс күндері ұзағырақ болуда және көп адамдар
кезекпен жұмыс істейді. Кейде жұмысты түнде де жалғастырамыз.
Ұйқы қанбаса, күндіз қуат деңгейіміз азайғанын сеземіз. Осы Philips
компаниясының EnergyUp Intense Blue құрылғысын күннің дұрыс
уақытында пайдалану тәуліктік биоритмдерді реттеуге және
тұрақтандыруға көмектеседі.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hf3431/70

Table of Contents