Hilti TE DRS-5 Manual page 190

Hide thumbs Also See for TE DRS-5:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 15
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
Еш жағдайда желдету саңылаулары бітелген аккумуляторды қолданбаңыз. Желдету саңылауларын
құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
Аккумуляторға шаңның немесе кірдің қажетсіз тиюіне жол бермеңіз. Аккумуляторға қатты ылғалдың
тиюіне ешқашан жол бермеңіз (мысалы, суға батыру немесе жаңбыр астына қою арқылы).
Аккумулятор су болса, оны зақымдалған аккумулятор ретінде қарастырыңыз. Оны тұтанбайтын
контейнерге оқшаулап, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Аккумуляторды бөгде май мен майлағыштан таза ұстаңыз. Аккумуляторда шаң не кірдің қажетсіз жи-
налуына жол бермеңіз. Аккумуляторды құрғақ, жұмсақ қылшақпен немесе таза, құрғақ шүберекпен
тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар пластик
бөліктерге зақым келтіре алады.
Аккумулятордың контактілеріне тимеңіз және зауыттан тыс қолданылған майды контактілерден
кетіріңіз.
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
Көзге көрінетін барлық бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда, оны пайдаланушы болмаңыз. Өнімді
міндетті түрде Hilti қызмет көрсету орталығында жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, олардың ақаусыз жұмыс істегенін тексеріңіз.
Қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен шығын
материалдарын қолданыңыз. Hilti мақұлдаған қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен
өнімге арналған керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді:
www.hilti.group
6.1
Шаң жинағышты босату
1. Монтаждалған шаңсорғыш модульді көлденең ұстап тұрыңыз.
2. Шаң жинағыштағы шаң қалдығын сорып алу үшін перфоратордағы ажыратқышты бірнеше рет
басыңыз.
3. Шаңсорғыш модульді бөлшектеңіз. → Бет 183
4. Шаң жинағыштың босату түймесін басып тұрыңыз.
5. Шаң жинағышты шаңсорғыш модульден алға қарай тартыңыз.
6. Шаң жинағыш қақпағының бекіткішін босатыңыз.
7. Шаң жинағыш қақпағын алып тастаңыз.
8. Шаң жинағышты босатыңыз.
9. Шаң жинағыш қақпағын, екі бекіткіш тірелгенше, шаң жинағышқа итеріңіз.
10. Шаң жинағышты шаңсорғыш модульге тірелгенше кіргізіңіз.
▶ Шаң жинағыштың шаңсорғыш модульге берік бекітілгенін тексеріңіз.
6.2
Сүзгіні алмастыру
1. Шаңсорғыш модульді бөлшектеңіз. → Бет 183
2. Шаң жинағышты босатыңыз. → Бет 184
3. Сүзгінің бекіткіштерін оймакілтекті бұрауышпен босатыңыз.
4. Сүзгіні шығарып, кәдеге жаратыңыз.
5. Жаңа сүзгіні, барлық бекіткіштері тірелгенше, шаң жинағышқа кіргізіңіз.
▶ Сүзгінің шаң жинағышқа берік бекітілгенін тексеріңіз.
6. Шаң жинағышты, босату түймесі тірелгенше, шаңсорғыш модульге кіргізіңіз.
▶ Шаң жинағыштың шаңсорғыш модульге берік бекітілгенін тексеріңіз.
6.3
Экстракциялық бастиекті алмастыру
1. Шаңсорғыш модульді бөлшектеңіз. → Бет 183
2. Экстракциялық бастиектегі босату түймесін басып тұрыңыз.
3. Экстракциялық бастиекті тереңдік шектегішінен жоғары қарай тартыңыз.
184
Қазақ
6
7
8
2354048
*2354048*

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents