Panasonic NN-SM332W Operating Instructions Manual page 80

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 3
Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар
Маңызды.
Егер ұсынылған әзірлеу уақыттары асырылса,
тамақ бүлінеді және төтенше жағдайларда
тұтануы және пештің ішін зақымдауы мүмкін.
Қысқа әзірлеу уақыты.
Микротолқындармен әзірлеу уақыттары басқа
әзірлеу әдістерінен әлдеқайда қысқарақ
болғандықтан, алдымен тамақты тексерусіз
ұсынылған әзірлеу уақыттарынан асырмау
маңызды.
Рецепттер кітабында берілген әзірлеу
уақыттары жуық болып табылады. Әзірлеу
уақыттарына әсер етуі мүмкін факторлар: қажет
әзірлеу дәрежесі, бастапқы температура, биіктік,
көлем, тамақтардың және пайдаланылатын
аспаптардың өлшемі мен пішіні. Пешпен
танысқанда осы факторларды реттей аласыз.
Тамақтарды артық әзірлеуден жеткіліксіз
әзірлеген жақсырақ. Егер жеткіліксіз әзірленсе,
тамақты әрқашан одан әрі әзірлеу үшін пешке
қайтаруға болады. Егер тамақ артық әзірленсе,
ештеңе істеу мүмкін емес. Әрқашан ең аз
әзірлеу уақыттарымен бастаңыз.
Тамақтың шағын мөлшерлері.
Тамақтың шағын мөлшерлерін жылытқанда
абайлаңыз, өйткені олар тым ұзақ әзірленсе
оңай күюі, кебуі немесе тұтануы мүмкін.
Әрқашан қысқа әзірлеу уақытарын орнатыңыз
және тамақты жиі тексеріп тұрыңыз.
Ылғалы аз тамақтар.
Ылғалы аз тамақтарды, мысалы, нандарды,
шоколадты, попкорнды, бисквиттерді және
кондитерлік өнімдерді қыздырғанда абайлаңыз.
Тым ұзақ әзірленсе, олар оңай күюі, кебуі
немесе тұтануы мүмкін. Попкорн немесе
пападам сияқты ылғалы аз тамақтарды қыздыру
ұсынылмайды.
Бұл пеш тамақ әзірлеуге пайдалану үшін
жасалған.
Оны бидай қаптары немесе ыстық су
бөтелкелері сияқты заттарды қыздыру үшін
пайдалану ұсынылмайды.
Қайта қыздыру.
Қайта қыздырылған тамақты ыстық күйде беру
маңызды.
Тамақты пештен алыңыз және оның ыстық екенін,
яғни, барлық бөліктерден бу шығып жатқанын
және соус көпіршіктеніп жатқанын тексеріңіз.
(Қаласаңыз, тамақ термометрімен тамақтың
72 ˚C температурасына жеткенін тексере аласыз
— бірақ бұл термометрді қысқа толқынды пеш
ішінде пайдаланбауды есте сақтаңыз.)
Лазанья, ет бар картоп көмеші сияқты
араластыру мүмкін емес тамақтар үшін
жақсы қыздырылғанын тексеру үшін ортасын
пышақпен кесу керек. Тіпті өндірушінің
орамадағы нұсқаулары орындалса да, әрқашан
беру алдында тамақтың ыстық екенін тексеріңіз
және күмәніңіз болса, тамақта одан әрі қыздыру
үшін пешке қайтарыңыз.
Тұру уақыты.
Тұру уақыты әзірлеу немесе қайта қыздыру
соңындағы, тамақ жеу алдында қалдырылатын
кезеңді білдіреді, яғни, бұл тамақтағы жылудың
ортаға өтуіне мүмкіндік беріп, осылайша салқын
тұстарды кетіретін тұру уақыты.
Қақпақтар.
Микротолқындармен қыздыру алдында әрқашан
банкалардың және ыдыстардың және өзімен
алып кететін тамақ ыдыстарының қақпақтарын
алыңыз. Олай етпесеңіз, ішінде бу мен қысым
жиналуы мүмкін және тіпті қысқа толқынды
әзірлеу тоқтағаннан кейін де жарылысты
тудыруы мүмкін.
Нәресте бөтелкелері және тамақ
банкалары.
Сәбилердің бөтелкелерін жылытқанда әрқашан
жоғарғы жағын және емізікті алыңыз. Бөтелкенің
жоғарғы жағындағы сұйықтық төменгі жағынан
әлдеқайда ыстық болады және температураны
тексеру алдында оны мұқият шайқау керек.
Күйіктерді болдырмау үшін мұны тұтыну
алдында орындау керек. 21-бетті қараңыз.
Ka-4

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Nn-st342w/m

Table of Contents