Panasonic NN-SM332W Operating Instructions Manual page 79

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 3
Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар
Орнату және қосу
Назар аударыңыз!
Бұл өнім қауіпсіздік жерге қосу сымы
бар (үшінші) айнымалы ток розеткасына
қосуға арналған. Қауіпсіздік үшін бұл
қауіпсіздік жерге қосу сымын ескеріңіз,
өйткені елемеген жағдайда бұл өнім өнімнің
дизайнымен қарастырылған ток соғуынан
қорғау жағдайларын қамтамасыз етпейді.
Білікті маманнан қажет розетканы суретте
көрсетілгендей орнатуын сұрау керек.
Жерге қосу туралы нұсқаулар
МАҢЫЗДЫ: ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН БҰЛ
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТИІСТІ ТҮРДЕ ЖЕРГЕ ҚОСУ КЕРЕК.
Егер айнымалы ток розеткасы жерге
қосылмаған болса, тиісті түрде жерге қосылған
розеткаға ауыстырғызу тұтынушының жеке
жауапкершілігі болып табылады.
Жұмыс кернеуі
Кернеу пеш жапсырмасында көрсетілгенмен
бірдей болуы керек. Егер көрсетілгеннен
жоғарырақ кернеу пайдаланылса, бұл өртке
немесе басқа зақымдарға әкелуі мүмкін.
Пешті орналастыру
Бұл құрылғы үйде немесе мыналар сияқты
ұқсас қолданыстарда пайдалануға арналған:
• дүкендердегі, кеңселердегі және басқа
жұмыс орталарындағы қызметкерлердің асүй
аумақтары;
• ферма үйлері;
• қонақ үйлердегі, мотельдердегі және басқа
тұрғын орталардағы клиенттер;
• төсек және таңғы ас түріне жататын орталар.
1. Пешті еденнен 85 см-ден биік, тегіс және
тұрақты бетке қойыңыз.
Құрылғы бөлек тұратын түрге жатады және
оны шкаф ішіне қоймау керек.
2. Бұл пешті ашаны тартып суыру немесе
автоматты ажыратқышты іске қосу арқылы
құрылғыны электр көзінен оңай оқшаулауға
болатындай орнату керек.
3. Дұрыс жұмыс істеуі үшін пешке жеткілікті
ауа айналымын қамтамасыз етіңіз.
Үстелше бетін пайдалану:
a. Пештің жоғарғы жағынан 15 см,
жер
бейтарап
b. Егер пештің бір жағы қабырғаға тақап
фаза
жер
фаза
бейтарап
жер
Үстелше беті
4. Бұл пешті электр немесе газ плита
ауқымының жанына қоймаңыз.
5. Табандарды алмау керек.
6. Бұл пеш тек үйде пайдалануға арналған.
Сыртта пайдаланбаңыз.
7. Микротолқынды пешті жоғары ылғалдылық
болғанда пайдаланбаңыз.
8. Қуат сымы пештің сыртына тимеуі керек.
Сымды ыстық беттерден аулақ ұстаңыз.
Сымның үстелдің немесе жұмыс бетінің
жиегінен салбырауына жол бермеңіз. Сымды,
ашаны немесе пешті суға батырмаңыз.
9. Пештің үстіндегі және артындағы ауа
саңылауларын жаппаңыз. Егер жұмыс кезінде
бұл саңылаулар жабық болса, пеш қызып
кетуі мүмкін. Бұл жағдайда пеш қауіпсіздік
құрылғысымен қорғалады және жұмысты тек
салқындаудан кейін жалғастырады.
10. Бұл құрылғы сыртқы таймер немесе
бөлек қашықтан басқару жүйесі арқылы
басқаруға арналмаған.
Ka-3
артында және екі бүйірінде 10 см бос
орын қалдырыңыз.
орналастырылса, екінші жағы немесе
жоғарғы жағы жабылып қалмауы керек.
15 см
5 см
Ашық
10 см

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Nn-st342w/m

Table of Contents