Hotpoint Ariston H6V530 RU Operating Instructions Manual page 36

Cooker and oven
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Қосу және пайдалану
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос
KZ
күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада
кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті
өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің
жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде
қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне
байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
! Өнімді пайдаланбас бұрын құрылғының
бүйірлеріндегі барлық пластикалық үлдірлерді алып
тастаңыз.
Пешті қосу
1. ТАҢДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз.
2. ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы пісіру
режиміне ұсынылған температураны немесе қажетті
температураны таңдаңыз.
Тағам дайындау режимдері және ұсынылған тағам
дайындау температуралары туралы мәліметті
қамтитын тізімді тиісті кестеден табуға болады
(«Пеште тағам дайындау бойынша кеңестер»
кестесін қараңыз).
Тағам дайындау кезінде әрқашан мына әрекеттерді
орындауға болады:
• ТАҢДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін өзгерту.
• ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы
температураны өзгерту.
• Толық пісіру уақытын және пісіруді аяқтау уақытын
орнату (төмендегі мәтінді қараңыз).
• РЕТТЕУ тұтқасын «0» позициясына бұрап, тағам
дайындауды тоқтату.
! Ешқашан пештің астына зат қоймаңыз; бұл эмальді
қабаттың зақымдануын болдырмайды. Гриль-бар
істігімен пісірген кезде пеште тек 1-позицияны
қолданыңыз.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.
ТЕРМОСТАТ индикатор шамы
Бұл шам жанып тұрса, демек пеш қызуда. Пештің
іші таңдалған температураға жеткенде ол сөнеді.
Бұл кезде шам жанып өшіп тұрады, сөйтіп термостат
жұмыс істеп тұрғаны және температураны бір
қалыпта ұстап тұрғаны көрсетіледі.
*
Тек белгілі модельдерде болады.
36
Пеш шамы
ТАҢДАУ тұтқасы «0» қалпынан басқа кез келген
қалыпқа бұралғанда ол жанады. Пеш жұмыс істеп
тұрған кезде ол жанып тұрады. Тұтқаның көмегімен
параметрін таңдағанда ешбір қыздыру элементі
қосылмай, шам жанады.
Салқындату желдеткіші
Пештің сыртқы температурасын салқындату үшін
салқындату желдеткіші басқару тақтасы мен пеш
есігінің арасында салқын ауа ағынын өткізеді.
! Пісіріп болғаннан кейін де пеш толық
салқындағанша желдеткіш жұмыс істеп тұрады.
ЕСКЕРТУ! Пеш тартпаларды алып шығуға
арналған және пештен шығып кетуіне жол
бермейтін шектегіш жүйемен жабдықталған
(1). Сызбада көрсетілгендей, толығымен
шығарып алу үшін тартпаларды алдыңғы
шетінен ұстап көтеріп, тартсаңыз (2) болғаны.
Сақтандырғыш шынжыр
! Құрылғы байқаусызда түсіп кетпеуі үшін, мысалы
бала пеш есігіне шыққан жағдайда, бірге берілген
қауіпсіздік шынжыры орнатылуы ТИІС!
Пеш қауіпсіздік шынжырымен жабдықталған; оны
құрылғының артындағы қабырғаға, шынжыр құрылғыға
бекітілген биіктікте бұрандамен (пешпен бірге
берілмейді) бекіту қажет.
Бұранда мен бұранда анкерін құрылғы артындағы
қабырға материалына сәйкес таңдаңыз. Бұранда басы
9 мм-ден кіші болса, тығырық қолданылуы тиіс. Бетон
қабырғаға кем дегенде диаметрі 8 мм және ұзындығы
60 мм бұранда керек.
Шынжыр пештің артқы жағына және қабырғаға
суретте көрсетілгендей, орнатылғаннан кейін
жермен параллель күйде тартылып тұратындай
бекітіңіз.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents