Hotpoint Ariston H6V530 RU Operating Instructions Manual page 37

Cooker and oven
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Тағам дайындау режимдері
! Температура мәнін төмендегі режимдерден басқа
барлық пісіру режимдері үшін 60 °С мен Макс.
аралығына орнатуға болады
• ҮСТІҢГІ ПЕШ және ГРИЛЬ (ұсынылған: тек МАКС
қуат деңгейін орнатыңыз).
• ГРАТИН (кеңес: 200°C-тан асырмаңыз).
TRADITIONAL OVEN (ДАҒДЫЛЫ ПЕШ) режимі
Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері
қосылады. Тағам дайындаудың дағдылы режимін
пайдаланғанда тек бір тағам дайындау тартпасын
қолданған дұрыс болады. Бірден көп тартпа
қолданылғанда пеш ішіндегі температура бірдей
болмауы мүмкін.
MULTILEVEL (КӨПДЕҢГЕЙЛІ) режимі
Барлық қыздыру элементтері (үстіңгі, астыңғы және
айналмалы) қосылады және желдеткіш жұмыс істей
бастайды. Пештің қызуы тұрақты болғанда ауа
тағамды біркелкі қызартып пісіреді. Бір уақытта ең
көбі екі тартпаны пайдалануға болады.
ҮСТІҢГІ ПЕШ режимі
Жоғарғы қыздыру элементінің ортаңғы бөлігі
қосылады. Грильдің жоғары және тікелей жететін
температурасын беттік температураның жоғары
болуын қажет ететін тағамдар үшін қолданған жөн
(бұзау мен сиыр еті, филе, стейк, антеркот). Бұл
пісіру режимі шектеулі қуат көлемін қолданады және
кіші тағамдарды грильде пісіруге қолайлы. Тағамды
тартпаның ортасына қоййыңыз, әйтпесе бір бұрышқа
қойсаңыз, ол дұрыс піспейді.
GRILL (ГРИЛЬ) режимі
Жоғарғы қыздыру элементінің ортаңғы бөлігі
қосылады. Грильдің жоғары және тікелей жететін
температурасын беттік температураның жоғары
болуын қажет ететін тағамдар үшін қолданған жөн
(бұзау мен сиыр еті, филе, стейк, антеркот). Бұл
пісіру режимі шектеулі қуат көлемін қолданады және
кіші тағамдарды грильде пісіруге қолайлы. Тағамды
тартпаның ортасына қоййыңыз, әйтпесе бір бұрышқа
қойсаңыз, ол дұрыс піспейді.
ГРАТИН режимі
Үстіңгі қыздыру элементі мен желдеткіш жұмыс
істей бастайды. Осы мүмкіндіктердің жиыны пештегі
ауаның күшейтілген айналымы арқылы қыздыру
элементтерінің көмегімен қамтамасыз етілетін бір
бағытқа жылылық бөлінудің тиімділігін арттырады.
Бұл тағамның күйіп кетуін болдырмауға көмектеседі
және жылудың тағамның ішкі жағына енуіне
мүмкіндік береді.
! ҮСТІҢГІ ПЕШ, ГРИЛЬ және ГРАТИН пісіру
режимдерін қосқан кезде пеш есігі жабық болуы тиіс.
! ҮСТІҢГІ ПЕШ және ГРИЛЬ пісіру режимдерін
қолданған кезде тартпаны 5-позицияға қойыңыз, ал
тағам пісіру қалдықтарын жинау (май және/немесе
тоң май) үшін май жинайтын табаны 1-позицияға
орналастырыңыз. ГРАТИН режимін қолданған кезде
тартпаны 2- немесе 3-позицияға орналастырыңыз,
ал тағам пісіру қалдықтарын жинау үшін май
жинайтын табаны 1-позицияға қойыңыз.
Бірнеше сөреде бір уақытта тағам дайындау
Екі тартпаны қолдану қажет болса, КӨПДЕҢГЕЙЛІ
пісіру режимін пайдаланыңыз, себебі ол тағам
дайындаудың бұл түріне қолайлы жалғыз пісіру
режимі. Сондай-ақ, төмендегілерді орындауды жөн
санаймыз:
• 1- және 5-позицияларды қолданбау керек.
Себебі, тым қатты тура бағытталған қызу ыстыққа
сезімтал тағамды күйдіріп жіберуі мүмкін.
• 2- мен 4-позиция қолданылады және көбірек
қызуды қажет ететін тағам 2-позициядағы
тартпаға қойылады.
• Пісіру уақыты мен температурасы әр түрлі
тағамдарды пісірген кезде ұсынылған екі
температураның («Пеште тағам дайындау
бойынша кеңестер» кестесін қараңыз) орташа
мәнін орнатыңыз және азырақ қызуды қажет
ететін тағамды 4-позицияға қойыңыз. Алдымен,
жылдамырақ пісетін тағамды алып шығыңыз.
• Температураны 220 °С-қа орнатып бірнеше
тартпада пицца пісірген кезде пеш 15 минут
алдын ала қыздырылады. Жалпы айтқанда,
4-позициядағы тартпада пісіру ұзағырақ болады:
алдымен, төменгі тартпа позициясындағы
пиццаны алып, одан бірнеше минуттан кейін
4-позициядағы пиццаны алып шыққан жөн.
• Май жинайтын табаны астыңғы жаққа, ал
тартпаны үстіңгі жаққа орнатыңыз.
Пеш бағдарламаларының бірін таңдағаннан кейін
өнім параметрлерін орнату іске қосылады. Ол пісіру
тиімділігін оңтайландырады, бірақ желдеткіш пен
қыздыру элементтерінің кешігіп қосылуына себеп
болады.
KZ
37

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents