Hilti DX 76 Manual page 156

Hide thumbs Also See for DX 76:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 22
▶ Қолайсыз қалыпта жұмыс істемеңіз. Әрқашан тік, сенімді ұстаныңыз және тепе-теңдікті сақтаңыз.
▶ Қондыру құралын іске қосу сәтінде қолыңызды созып емес, бүгіп ұстаңыз.
▶ Жұмыс аймағында бөгде адамдардың, әсіресе балалардың болуына тыйым салынады.
Электр құралына күтіммен қарау және оны дұрыс пайдалану
▶ Қондыру құралын тек мақсатына сай және ақаусыз күйінде пайдаланыңыз және құрал жарамайтын
мақсаттар үшін пайдаланбаңыз.
▶ Қондыру құралын өрт және жарылыс қаупі бар жерлерде пайдаланбаңыз.
▶ Бекіту элементтерін қондыру алдында бекіту элементтері қондырылатын құрылыс бөлігінің
артындағы қондыру бағытында ешкім болмағанына көз жеткізіңіз. Тесіп өткен бекіту элементінен
болатын қауіп!
▶ Қондыру құралының шығыс саңылауы еш жағдайда өзіңізге немесе басқа адамдарға қарай
бағытталмағанына көз жеткізіңіз.
▶ Қондыру құралын тек ұстауға арналған беттерінен ұстаңыз.
▶ Ұстауға арналған беттерді құрғақ, таза және майсыз күйде сақтаңыз.
▶ Пистолеттің тартпасын қондыру құралы астыңғы бетке толықтай және тігінен басылған кезде ғана
басыңыз.
▶ Жұмыс істеу алдында таңдалған энергия реттеуін тексеріп шығыңыз.
▶ Үлгі ретінде бекіту элементтерін астыңғы бетке қондырыңыз → Бет 154.
▶ Қондыру құралын қондыру барысында әрдайым астыңғы бетке тік бұрышпен ұстаңыз. Осылайша
бекіту элементінің астыңғы бет материалынан ығысуына жол берілмейді.
▶ Hilti компаниясы ұсынбаған болса (мысалы, DX-Kwik), бар саңылаулардың ішіне ешқандай бекіту
элементтерін қондырмаңыз.
▶ Алдында қолданылған бекіту элементтерін қондырмаңыз - жарақат алу қаупі бар! Жаңа бекіту
элементін қолданыңыз.
▶ Жеткілікті терең енгізілмейтін бекіту элементін қайтадан қондыруға болмайды! Бекіту элементі
сынуы мүмкін.
▶ Толтырылған қондыру құралын ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
▶ Тазалау, қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын өткізу алдында, болт
бағыттауышын алмастырған кезде, жұмыс үзілістерінде және сақтау үшін қондыру құралының
(картридж бен бекіту элементтері) зарядын әрдайым босатыңыз.
▶ Қондыру құралын арнайы Hilti шабаданында тасымалдап сақтаңыз.
▶ Қолданылмайтын қондыру құралдарын босатып, оларды балалардың қолы жетпейтін құрғақ және
қауіпсіз жерге сақтауға қойыңыз.
▶ Қондыру құралын әрдайым астыңғы бетке толықтай тірелген жалпақ, тегіс және бос беттерге
орнатып қойыңыз.
▶ Қажетті жиектер аралығын және бекіту элементтерінің арасындағы қашықтықты сақтаңыз
(«Минималды қашықтықтар» тарауын қараңыз → Бет 152).
Термиялық сақтық шаралары
▶ Техникалық деректер бөлімінде ұсынылған максималды қондыру жиілігінен асырмаңыз.
▶ Егер қондыру құралы қызып кетсе немесе картридж таспасы деформацияланса немесе балқыса,
картридж таспасын алып тастаңыз және қондыру құралын суытыңыз.
▶ Қатты қызған қондыру құралын бөлшектемеңіз. Қондыру құралын суытыңыз.
Картриджерден жарылыс қаупі
▶ Қондыру құралы үшін жарамды немесе мақұлданған картридждерді ғана қолданыңыз.
▶ Үзіліс жасағанда, жұмысты аяқтаған соң немесе қондыру құралын тасымалдаған кезде картридж
таспасын алып тастаңыз.
▶ Бекіту элементтерін және/немесе картридждерді қорап таспасынан немесе қондыру құралынан
күшпен шығаруға әрекеттенбеңіз.
▶ Пайдаланылмайтын картридждерді ұнтақ жетегі бар қондыру құралдарына арналған картридждер
бойынша сақтау ережелеріне сәйкес (мысалы, құрғақ, температура 5°C және 25°C аралығында)
және қауіпсіз жерде сақтаңыз.
▶ Пайдаланылмайтын немесе ішінара пайдаланылатын картридж таспаларының шашылып жатуына
жол бермеңіз. Пайдаланылған картридж таспаларын жинап, картридж таспаларын жарамды әрі
қауіпсіз жерде сақтаңыз.
▶ Картридждің қауіпсіздік төлқұжатындағы қауіпсіздік, күтім көрсету, сақтау бойынша нұсқауларды
орындаңыз.
150
Қазақ
282470
*282470*

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents