Download Print this page

Аккумуляторды Қуаттаңыз - Stihl AL 301-4 Instruction Manual

Hide thumbs Also See for AL 301-4:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 18
қазақ
6.2
Аккумуляторды қуаттаңыз
Қуаттағыш ең көбі төрт аккумуляторды дәйекті түрде
қуаттай алады. Қуаттау барысы бірінші болып салынған
аккумуляторға байланысты көрсетілген бірізділік
бойынша жүзеге асырылады. Аккумуляторлардың бірі
қуаттала алмаса, қуаттау процесі келесі аккумуляторға
дейін жалғаса береді.
Қуаттау уақыты әртүрлі факторларға, мысалы,
аккумулятордың температурасына немесе қоршаған
ауаның температурасына байланысты болады.
Аккумуляторды қуаттаудың нақты уақыты көрсетілген
қуаттау уақытынан ерекшеленуі мүмкін. Қуаттау уақыты
төменде www.stihl.com/charging-times көрсетілген.
Егер штепсельді айыр розеткаға қосылса және
аккумулятор қуаттағышқа орнатылса, қуаттау автоматты
түрде басталады. Аккумулятор толығымен қуатталған
кезде, қуаттағыш автоматты түрде сөнеді.
Қуаттау барысында аккумулятор мен қуаттағыш қызады.
Қуаттағышта кіріктірілген аккумулятор бар, ол қуаттау
барысында автоматты түрде қосылып, сөнеді.
278
6 Аккумуляторды қуаттау және жарық диодтары
1
2
3
► Штепсельді айырды (6) бос розеткаға (7) салыңыз.
Қуаттағыш (3) өз-өзін диагностикадан өткізеді. Барлық
жарықдиодтар (4) шамамен 1 секунд бойы жасыл
түспен және шамамен 1 секунд бойы қызыл түспен
жанады.
► Біріктіруші сымды (5) салыңыз.
► Аккумуляторды (2) салыңыз.
Тиісті аккумулятор шахтасының (4) жарықдиоды
жасыл түспен жанады. Аккумулятордағы (1)
жарықдиодтар жасыл түспен жанады, ал
аккумулятор (2) қуатталады.
► Егер тиісті аккумулятор шахтасының (4)
жарықдиодтары және аккумулятор (1) жарықдиодтары
жанбаса: аккумулятор (2) толық қуатталған және
қуаттағыштан (3) толығымен алып шығарылуы мүмкін.
► Егер құаттағыш (3) енді пайдаланылмайтын болса:
штепсельді айырды (6) розеткадан (7) суырыңыз.
4
7
6
5
0458-829-9921-A

Advertisement

loading