BRAYER BR1201 Instruction Manual page 16

Table blender
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
30
kz
ҚаУІПСІЗдІК ШараЛарЫ жӘне ПаЙдаЛанУҒа
БерУ жӨнІндеГІ нҰСҚаУЛЫҚ
Құралды пайдалану алдында пайдалануға беру
жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз,
оқыған соң, болашақта пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
• Құралды осы нұсқаулықта баяндалғандай оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
• Құралды дұрыс қолданбау оның бұзылуына,
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкеп соғуы мүмкін және кепілдік жағдайы
болып саналмайды.
• Заттаңбада көрсетілген құралдың жұмыс кернеуі
электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне көз
жеткізіңіз.
наЗар аУдарЫҢЫЗ! Блендердің үздіксіз жұмыс
істеу уақыты 30 секундтан аспауы керек, одан
кейін 1 минуттан кем емес уақытқа үзіліс жасау
керек.
• Құралды тегіс, құрғақ және тұрақты бетте орнала-
стырыңыз және пайдаланыңыз.
• Блендердің жеткізілім жиынтығына кіретін бөлшек-
терін ғана қолданыңыз.
• Азықтарды блендердің тостағанына құралды
қосқанға дейін салыңыз, блендер тостағанының
ішінде азық болмаған кезде құралды қосуға тый-
ым салынады.
• Ыстық азықтарды блендер тостағанына салғанға
дейін суытып алу керек.
• Блендер тостағанына салынған азықтардың
мөлшері мен құйылған сұйықтықтың деңгейін жіті
бақылаңыз.
• Құралды пайдалану алдында блендер тостаға-
нының дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Егер
блендер тостағанының қақпағы орнатылмаған
болса, онда құралды қосуға болмайды.
• Пышақтар блогының кесетін жиектері үшкір бола-
ды және қауіп төндіреді, блендер тостағанынан
өңделген азықтарды алған кезде және блендер
тостағанын тазалау кезінде пышақтарға абай
болыңыз.
• Егер жұмыс кезінде пышақтардың айналуы тоқта-
са, құралды өшіріңіз, розеткадан желілік баудың
айырын шығарыңыз, блендер тостағанының
қақпағын шығарыңыз және пышақтардың айна-
луына кедергі келтірген өнімді алып тастаңыз.
Пышақтардың айналуы қиындаған кезде блендер
тостағанына су, шырын, сорпа ж.с.с. қосуға кеңес
беріледі.
• Құралды өшіріп, оны электрлік желіден өшіргеннен
кейін ғана блендер тостағанынан азықты шығару,
блендер тостағанынан сұйықтықты төсу, блендер
тостағанын, резервуар және ұсақтағыш ыдысын
моторлық блоктан шығару керек.
• Құралды үй-жайдан тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
• Найзағай кезінде құралды пайдалануға кеңес
берілмейді.
• Құралды соққыдан, құлаудан, дірілден және басқа
да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
• Желіге қосылған құралды қараусыз қалдырмаңыз.
• Құралды жылытатын аспаптардың, ашық оттың
немесе жылу көздерінің тікелей қасында пайдала-
нуға болмайды.
• Құралды аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға
тыйым салынады.
• Құралды ас үй раковинасына жақын, жуына-
тын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су
толтырылған сыйымдылықтарға жақын жерде
пайдалануға болмайды.
• Егер құрал суға құлаған болса, онда дереу желілік
баудың айырын электр розеткасынан суырып,
содан кейін ғана құралды судан алып шығу керек.
• Желілік баудың ыстық беттерге және жиһаздың
өткір жиектеріне тиюіне жол бермеңіз.
• Құралды пайдаланып болғаннан кейін немесе
тазалау алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Құралды электр желісінен ажыратқан кезде тек
желілік баудың айырынан ұстаңыз және оны
электр розеткасынан абайлап шығарыңыз, желілік
баудан тартпаңыз — бұл оның зақымдануына әке-
луі және қысқаша тұйықталуын тудыруы мүмкін.
• Құрал корпусын, желілік бауды немесе желілік
баудың айырын су қолмен ұстамаңыз.
kz
• Балалардың қауіпсіздігі үшін қаптама ретінде
пайдаланылатын полиэтилен пакеттерді қадағала-
усыз қалдырмаңыз.
наЗар аУдарЫҢЫЗ!
Балаларға полиэтилен пакеттерімен немесе қап-
тама үлдірімен ойнауға рұқсат етпеңіз. Тұншығу
қаупі бар!
• Құрал балалардың пайдалануына арналмаған.
• Құралдың ойыншық ретінде пайдалануын болдыр-
мау үшін балаларды қадағалаңыз.
• Балаларға құрал жұмыс істеп тұрғанда құралдың
корпусына, жұмыс бетіне, желілік бауға немесе
желілік бау айырына қол тигізуге рұқсат бермеңіз.
• Егер жұмыс істеп тұрған құралдың маңында
балалар немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдар
жүрген болса, онда ерекше мұқият болыңыз.
• Жұмыс істеу уақытында және жұмыс циклдері
арасындағы үзілістерде құралды балалардың
қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
• Дене, жүйке немесе сана мүмкіндіктері төмен-
детілген тұлғалардың (балаларды қоса) немесе
оларда тәжірибесі немесе білімі болмаса, егер
олар бақыланбаса немесе олардың қауіпсіздігі
үшін жауап беретін тұлғамен аспапты пайдалану
туралы нұсқаулықтар берілген болмаса, аспап
олардың пайдалануына арналмаған.
• Желілік баудың бүтіндігін жүйелі түрде тексеріп
отырыңыз.
31

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents