Makita RP1800 Instruction Manual page 31

Hide thumbs Also See for RP1800:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

ҚҰРАСТЫРУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралмен жұмыс істемес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және
ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
Ұштықты орнату және алып тастау
► Сурет7: 1. Білік құлпы 2. Кілт
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Ұштықты мықтап орнатыңыз. Әрдайым құрал
жиынтығында бар кілтті ғана пайдаланыңыз.
Бос немесе қатты бекітілген ұштық қауіпті
болуы мүмкін.
Әрдайым ұштықтың артқы ілмек диаметріне
сәйкес келетін цанганы пайдаланыңыз.
Ұштықты енгізбей цанга сомынын бекітпеңіз
және цанга патронын қолданбай артқы ілмегі
шағын ұштықтарды орнатпаңыз. Осы екі әрекет
цанга конусының сынуына әкелуі мүмкін.
Тек максималды жылдамдығы ұштықта
көрсетілгендей фрезердің максималды
жылдамдығынан асатын фрезер ұштықтарын
пайдаланыңыз.
Ұштықты толығымен цанга конусына енгізіңіз. Біліктің орнықты
болуы үшін білік құлпын басыңыз және цанга сомынын берік
бекіту үшін кілтті қолданыңыз. Артқы ілмек диаметрі қысқа
фрезер ұштықтарын қолдану кезінде ең алдымен сәйкес
келетін цанга патронын цанга конусына енгізіңіз, содан кейін
ұштықты жоғарыда көрсетілгендей орнатыңыз.
Ұштықты алып тастау үшін, орнату процедурасын
кері ретпен орындаңыз.
ПАЙДАЛАНУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Жұмысқа кіріспес бұрын құрал корпусының
жоғарғы шекке автоматты түрде көтерілуін
және құлыптау тетігі босатылған кезде
ұштықтың құрал табанынан шығып тұрмауын
қадағалаңыз.
Жұмыс жасамай тұрып жоңқа
шағылдырғышының дұрыс орнатылғанын
үнемі тексеріп тұрыңыз.
► Сурет8
Әрқашан екі тұтқаны да пайдаланыңыз және
олардың екеуімен құралды мықтап ұстаңыз.
Құрал табанын кесілуі қажет өңделетін бөлшекке ұштық
жанаспайтындай қойыңыз. Содан кейін құралды қосып,
ұштық толық жылдамдыққа жеткенше күтіңіз. Құрал
корпусын төмен түсіріңіз және оны өңделетін бөлшек
бетімен табанын беттестіру арқылы кесу аяқталғанға
дейін алға қарай тегістеп жылжытып отырыңыз.
Жиектерді кесу кезінде өңделетін бөлшек беріліс
бағытында ұштықтың сол жағында болуы тиіс.
► Сурет9: 1. Өңделетін бөлшек 2. Ұштықтың айналу
бағыты 3. Құралдың жоғарғы жағынан
қарағандағы көрініс 4. Беріліс бағыты
ЕСКЕРТПЕ:
Құралды алға қарай өте тез сырғыту кесудің
сапасын төмендетуі немесе ұштықты не
моторды зақымдауы мүмкін. Құралды алға
қарай өте баяу сырғыту кесілетін жерді
күйдіруі немесе бүлдіруі мүмкін. Тиісті
беріліс жылдамдығы ұштықтың өлшеміне,
өңделетін бұйым түріне және кесу тереңдігіне
байланысты болады. Нақты өңделетін
бөлшекті кесуден бұрын ағаш бөлігінде кесу
сынағын орындаған жөн. Бұл әрекет кесілетін
жердің соңғы көрінісін білуге, сондай-ақ
өлшемдерді тексеруге мүмкіндік береді.
Тік бағыттауышты немесе триммер
бағыттауышын қолданған кезде оны беріліс
бағытының оң жағына орнату керек. Бұл
әрекет оны өңделетін бөлшектің бүйірімен
беттестіруге мүмкіндік береді.
► Сурет10: 1. Беріліс бағыты 2. Ұштықтың айналу
бағыты 3. Өңделетін бөлшек 4. Тік
бағыттауыш
Тік бағыттауыш
► Сурет11: 1. Тік бағыттауыш 2. Микрометрлік
бұранда 3. Бекіткіш бұранда (B)
4. Бекіткіш бұранда (A) 5. Бағыттауыш
ұстағышы
Тік бағыттауышты жиекті дөңгелектеу немесе ойық
кесу кезінде түзу кесуде қолданған тиімді.
Бүрлеуленген бекіткіш бұранданы (B) қолданып, тік
бағыттауышты бағыттауыш ұстағышына орнатыңыз.
Бағыттауыш ұстағышын құрал табанындағы
саңылауларға енгізіңіз және бүрлеуленген
бекіткіш бұранданы (A) бекітіңіз. Ұштық пен тік
бағыттауыштың ара-қашықтығын реттеу үшін
бүрлеуленген бекіткіш бұранданы (B) босатыңыз
және микрометрлік бұранданы бұраңыз (әрбір
бұраған сайын 1,5 мм). Қажетті арақашықтықта тік
бағыттауышты бекіту үшін бекіткіш бұранданы (B)
бұрап бекітіңіз.
► Сурет12
Құралды ірі ағаш бөліктерінде бекіту мақсатында тік
бағыттауышты қажетінше созу үшін бағыттауыштағы
сәйкес саңылауларды қолдануға болады.
► Сурет13: 1. 15 мм-ден астам 2. Тік бағыттауыш
3. Ағаш
Диаметрі үлкен ұштықты қолдану кезінде ұштықтың
тік бағыттауышпен соғылуын болдырмау үшін ағаш
бөліктерін қалыңдығы 15 мм шамасынан асатын тік
бағыттауышқа бекітіңіз.
Кесу барысында құралды тік бағыттауышы өңделетін
бөлшектің бүйір жағымен беттесетіндей етіп
жылжытыңыз.
Егер өңдеу бөлшегінің бүйірі мен кесу күйінің
арасындағы арақашықтық тік бағыттауыш үшін
тым кең болса немесе өңдеу бөлшегінің бүйірі тік
болмаса тік бағыттауышты пайдалануға болмайды.
Мұндай жағдайда, тік панельді өңделетін бөлшекке
мықтап бекітіп, оны триммер табанына қарсы
бағыттаушы ретінде пайдаланыңыз. Құралды
көрсеткі бағытында апарыңыз.
► Сурет14
31 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Rp1800fRp1801Rp1801fRp2300fcRp2301fc

Table of Contents