LG UB98 Series Owner's Manual page 84

Hide thumbs Also See for UB98 Series:
Table of Contents

Advertisement

12
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
ЕСКЕРТУ
Көру ортасы
y Көру қашықтығы
- 3D пішіміндегі бейнелерді экран диагоналінің ұзындығынан екі еселік қашықтықта көруді ұсынамыз.
3D мазмұнды көргенде ыңғайсыздықты сезінсеңіз, теледидардан алыстау отырыңыз.
Көру жасы
y Сәбилер/балалар
- 6 жастан төмен балалар үшін 3D мазмұнды пайдалану/көруге тыйым салынады.
- 10-нан төмен жастағы балалар шамадан тыс жауап береді және тым әсерленеді, өйткені олардың
көздері жетілуде (мысалы: экранды түрту әрекеті немесе оған секіру әрекеті. 3D мазмұнды көріп
отырған балаларға ерекше назар аудару керек.
- Балалардың 3D көрсетілімдердегі бинокулярлық диспараттығы үлкендерден жоғарырақ, өйткені
көздерінің арасындағы қашықтық үлкендердікінен қысқарақ. Сондықтан олар бір 3D кескіні үшін
үлкендермен салыстырғанда көбірек стереоскопиялық тереңдікті алады.
y Жасөспірімдер
- 19-дан төмен жасөспірімдер 3D мазмұндағы жарықтың әсерінен сезімталдықпен жауап беруі мүмкін.
Оларға шаршап тұрғанда 3D мазмұнды көруден ұстануға кеңес беріңіз.
y Қариялар
- Қариялар жастарға қарағанда азырақ 3D әсерін түйсінеді. Теледидарға ұсынылғаннан жақынырақ
қашықтықта отырмаңыз.
3D көзілдірігін қолдану кезіндегі ескертулер
y LG 3D көзілдірігін пайдаланыңыз. Әйтпесе, 3D бейнелерді тиісті түрде көрмеуіңіз мүмкін.
y 3D көзілдірігін қалыпты көзілдіріктің, күннен қорғайтын немесе қорғаныс көзілдірігінің орнына
пайдаланбаңыз.
y Өзгертулер енгізген 3D көзілдірікті пайдалану көзге жүктеме түсіруі немесе кескінді бұрмалауы мүмкін.
y 3D көзілдірігін қатты ыстық немесе суық температурада ұстамаңыз. Бұл деформациялануды тудырады.
y 3D көзілдірігі нәзік және оңай сызылады. Линзаларды сүрткенде әрқашан жұмсақ, таза шүберекті
пайдаланыңыз. 3D көзілдірігінің линзаларын өткір заттармен қырмаңыз немесе оларды химиялық
заттармен сүртпеңіз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents