Қауіпсіздік Ережелері; Дұрыс Пайдалану - MSA OptimAir 3000 Operating Manual

Turbo filter device
Hide thumbs Also See for OptimAir 3000:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.
Қауіпсіздік ережелері
1.1.
Дұрыс пайдалану
OptimAir 3000 құрылғылары тыныс алу жолдарын қорғауға арналған
турбиналы сүзгілеу құрылғыларының санатына жатады. Олар қоршаған
ортадағы ауадан белгілі улы заттектерді (қатерлі газдар, булар не ұсақ
бөлшектер) сүзеді.
Олардың ауқымы əр түрлі үлгілерді қамтиды:
OptimAir 3000 – ластанған қоршаған ауада пайдалану үшін
OptimAir 3000A – ең үлкен ағын қажет болғанда пайдалану үшін
(мысалы: асбестпен ластанған бөлме ауасында пайдалану үшін)
OptimAir 3000EX – ықтимал жарылыс қаупі бар атмосфераларда
пайдалану үшін.
OptimAir 3000A құрылғыларын ТЕК OptimAir 3000 (art. no. 100 518 10)
тыныс жолдарын қорғауға арналған тұтас беттік маскаларымен жəне
OptimAir 3000 (art. no. 100 496 32) бөлшек сүзгілерімен пайдалануға
рұқсат етіледі. Барлық басқа тыныс алу қосылымдарын немесе
сүзгілерді таңдауға рұқсат жоқ.
OptimAir 3000 ауқымын пайдаланған кезде міндетті түрде осы пайдаланушы
нұсқаулығын оқып шығып, талаптарын орындау керек. Атап айтқанда,
қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды жəне киімді жұмысқа пайдалану туралы
ақпаратты мұқият оқып шығып, оны орындау керек. Тыныс алу
қосылымдары, сүзгілер жəне батареяның зарядтау құралдарының сəйкес
пайдалану нұсқаулықтарын оқып, талаптарын орындау керек. Сонымен
бірге, пайдаланушының тұратын мемлекетіндегі қолданыстағы ұлттық
ережелер ықтимал жарылғыш атмосфералардағы жұмыстар үшін арнайы
ресми талаптарды қоса қауіпсіз пайдалану үшін назарға алынуы керек.
Басқа мақсатта немесе осы техникалық сипаттамадан тыс пайдалану
нұсқауларды орындамағандық деп саналады. Бұл талап сондай-ақ, аспапты
рұқсатсыз өзгертуге жəне MSA компаниясы немесе оның өкілетті тұлғалары
іске асырмаған іске қосу-баптау жұмыстарына да қатысты қолданылады.
Қауіпті!
Бұл өнімдер өмір мен денсаулықты қорғауға арналған. Дұрыс
пайдаланбау, күтіп ұстамау немесе қызмет көрсетпеу
құрылғының жұмысына əсер етіп, сол арқылы қолданушының
өміріне қатер төндіруі мүмкін.
Пайдаланбас бұрын өнімнің жұмысқа жарамдылығын тексеру
керек. Егер жұмысқа жарамдылық сынағы сəтсіз болса, бұзылған
болса, білікті қызмет көрсетілмесе/күтіп ұсталмаса, түпнұсқалық
MSA қосалқы бөлшектері қолданылмаған болса, өнімді
пайдалануға болмайды.
168
OptimAir 3000, 3000A жəне 3000EX
MSA
KZ

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Optimair 3000aOptimair 3000ex

Table of Contents