Samsung KINO KIT VG-SWD1000 User Manual page 23

Wireless pc mirroring adapter
Hide thumbs Also See for KINO KIT VG-SWD1000:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Ұсынылатын қашықтық кедергілерге (мысалы, адамның денесі, темір
заттар немесе қабырғалар) немесе электрмагнитті ортаға байланысты
әр түрлі болуы мүмкін. Тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін
құралды да сол жерде ұстауды ұсынамыз.
КИНO TV (немесе Теледидармен компьютердi байланыстыратын
функциясы)* функциясын пайдалану
Теледидармен компьютердi байланыстыратын функциясы VG-SWD1000 құралы
тоққа қосылғанда немесе құралдың түймешігі басылған кезде басталады.
• Теледидармен компьютердi байланыстыратын функциясы-н
бастау үшін
1. VG-SWD1000 құралын жалғағыңыз келген Samsung ТД-ын қосыңыз.
2. VG-SWD1000 құралын ноутбуктің HDMI портына жалғаңыз. Содан
кейін, жинақпен бірге берілген USB сымын VG-SWD1000 құралының
және ноутбуктің USB порттарына жалғаңыз. Тоққа қосылғаннан кейін
көк LED шамы жанады.
3. Тоқ көзіне қосқаннан кейін VG-SWD1000 автоматты түрде ТД-мен
байланыс орнатады. Осы кезде көк LED жыпылықтайды. Шамалы
уақыттан кейін ТД экранында қосылымның орнағанын растау хабары
пайда болады (екінші рет қосқан кезде құралдар растау хабарын
көрсетпей-ақ, автоматты түрде қосылады).
4. ТД-дан "Рұқсат ету" параметрін таңдаңыз. ТД деректерді жүктейді,
содан кейін ноутбуктің экраны көрсетіледі. VG-SWD1000 құралының
көк LED шамы жанады.
* Теледидармен компьютердi байланыстыратын функциясы / КИНО TV
/ КИНО KIT бір технологияны пайдаланады, бірақ атаулары аймаққа
байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
[VG-SWD1000-CIS-IB]Rev1.2L04.indb 23
• Теледидармен компьютердi байланыстыратын функциясы-н
қайта бастау үшін
1. ТД-ды қарау режиміне ауысқыңыз келуі немесе Теледидармен компьютердi
байланыстыратын функциясы жұмыс істеп тұрғанда ТД-ды сөндіріп, содан
кейін қайта қосып, содан кейін функцияны қайта бастауға болады.
2. Функцияны қайта бастау үшін VG-SWD1000 құралының артқы жағындағы
түймешікті қысқа басыңыз. Құрал ТД-ға қайта қосылып, Теледидармен
компьютердi байланыстыратын функциясы басталады.
• Егер құрал ТД-ға қосылмаса
1. Қашықтан басқару құралының Сигнал көзі → Таңдау түймешігін
басып, сигнал көзін ТД-да "Экранның айналық көшірмесі" қалпына
қойыңыз. Содан кейін VG-SWD1000 құралынан Теледидар мен
компьютердi сымсыз байланыстыру функциясын қосыңыз.
2. Сонымен қатар, ТД-дың құрал атауын қарау үшін (мысалы, "[TV]
UE48J5500") ТД-дан Мәзір → Желі → Құрылғы аты параметрін
таңдаңыз. Содан кейін, VG-SWD1000 құралының жүйе параметрін
орнату терезесіне "[TV] UE48J5500" енгізіңіз. VG-SWD1000 тек
таңдалған ТД-ға ғана қосылады. Құралды басқа ТД-ға қосу үшін
ағымдық ТД-ды таңдамаңыз немесе VG-SWD1000 құралынан басқа
ТД-ға ауыстырыңыз.
Құралдың параметрлері
Параметрлерді VG-SWD1000 құралы үшін теңшеу үшін әуелі параметрлер
режиміне ауысып, ноутбукпен сымсыз байланыс орнатыңыз.
Қолжетімді параметр элементтеріне құрылғы ақпараты, ТД таңдау, іздеу
ақпараты, бағдарламалық жасақтаманы жаңарту және бастапқы қалпына
қою кіреді.
Казақ-23
2015-04-08 오후 1:39:42

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents