Nissei WS-1011 Instruction Manual page 52

Digital blood pressure monitor
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 53
КҮТІМ ЖАСАУ, САҚТАУ, ЖӨНДЕУ ЖƏНЕ ӨТЕЛГЕ ШЫҒАРУ
1 Бұл аспапты жоғары ылғалдылықтан, тікелей түсетін күн сəулесінен, соққылардан, дірілден сақтау керек. АСПАП СУ ӨТКІЗБЕЙТІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ!
2. Аспапты жылытқыш аспаптар мен ашық отқа тым жақын жерде сақтамаңыз жəне пайдаланбаңыз.
3. Егер аспап қолайсыз температурада сақталған болса, пайдаланар алдында оны кем дегенде 1 сағат бөлме температурасында ұстау керек.
4. Егер аспап ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, ішіндегі қуаттау элементтерін бөлек алып қойыңыз. Өйткені, қуаттау элементтерінен сұйық ақса, аспапты
зақымдайды. ҚУАТТАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛЫ ЖЕТПЕЙТІН ЖЕРДЕ САҚТАҢЫЗ!
5. Аспапты кірлетпей ұстаңыз, оны шаңнан қорғаңыз. Аспапты тазалау үшін құрғақ жұмсақ матаны пайдаланыңыз.
6. Аспаптың жəне оның бөлшектерінің сумен, ерітінділермен, спиртпен, бензинмен жанасуына жол бермеңіз.
7. Көмкермені өткір бұйымдардан аулақ ұстаңыз, сондай-ақ көмкермені созуға жəне сығуға болмайды.
8. Аспапты қатты соққылардан сақтаңыз жəне оны лақтырмаңыз.
9. Қажет болғанда аспапты тек мамандандырылған ұйымдарда ғана жөндетіңіз.
10. Белгіленген қызмет мерзімі бітерде аспаптың техникалық жағдайын тексерту үшін оны ауық-ауық мамандарға (мамандандырылған жөндеу ұйымдары) көрсетіп тұру
қажет.
11. Өтелге шығарған кезде сол уақытта Сіздің өңірде қолданыста болған ережелерді басшылыққа алыңыз. Өндіруші бұл аспапты өтелге шығарудың арнайы шарттарын
белгілемеген.
12. Көмкерме көп рет санитарлық зарарсыздандыруға төзімді. Көмкерменің матамен жабындалған ішкі жағын (тексерілушінің білегіне оралатын) сутек асқын тотығының
3%-дық ерітіндісіне шыланған мақта анжымен зарарсыздандыруға рұқсат етіледі. Ұзақ пайдаланған кезде көмкерменің мата жабынының түссізденуі мүмкін.
Көмкермені жууға, сондай-ақ ыстық үтікпен зарарсыздандыруға болмайды.
13. Аспапты желіге қосылған күйінде қараусыз қалдыруға болмайды.
Тұтынушылар талаптары мен тілектерін ресми импортердің мына мекенжайына жолдауға болады:
Қазақстан: 070010, Өскемен қ., Карбышев к., 24, "Казмедимпорт" ЖШС. Тел.: (7232) 55-89-97.
Компаниясының өнімі: Nihon Seimitsu Sokki Co., Ltd. (Нихон Сеймитсу Сокки Ко., Лтд.)
Мекенжайы: 2508-13 Nakago Shibukawa Gunma 377-0293 Japan (2508-13 Накаго Шибукава Гунма 377-0293 Япония).
Дайындаушы: Pt. Nss Indonesia (Пт. Нсс Индонезия)
Дайындаушының мекенжайы: Blok A-2 No. 29 St4a Kawasan, Berikat Besland Pertiwi, Kota Bukit Indah Purwakarta 41181, Indonesia (Блок А-2 №29 Ст4а Кавасан, Берикат
Беслатд Пертиви, Кота Букит Инда Пурвакарта 41181, Индонезия)
Экспорттаушы: Little Doctor International (S) Pte. Ltd. (Литл Доктор Интернешнл (С) Птe. Лтд.)
Экспорттаушының мекенжайы: Yishun Central P.O. Box 9293 Singapore 917699 (Йишун Централ П.О. Бокс 9293, Сингапур 917699)
52

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents