Nissei WS-1011 Instruction Manual page 38

Digital blood pressure monitor
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 53
АРНАЛУЫ ЖƏНЕ ЖАЛПЫЛАЙ СИПАТТАЛУЫ
Арналуы
WS-1011 аспабы білекке көмкерме кигізу арқылы 15 жастан асқан адамдардың күретамырының ең жоғарғы жəне ең төменгі қан қысымын
өлшеуге жəне тамыр соғу жиілігін анықтауға арналған. Аспап күретамырдың қан қысымы ауытқып тұратын (тұрақсыз) немесе белгілі күретамыр
гипертензиясы бар адамдарға медициналық бақылауға қосымша үй жағдайында пайдалану үшін ұсынылады. Көмкерме шеңбер ұзындығы 12,5-
тен 22,5 см-ге дейінгі білекке дəл келеді. қан қысымы 20-дан 250 мм сынап бағанасына дейінгі диапазонда, ал тамырдың соғу жиілігі минутына
40-тан 160 бүлкілге дейін диапазонда өлшенеді.
Жұмыс істеу қағидаты
Аспап өлшеудің осциллометрикалық əдісті пайдаланады. Көмкерме электронды блокқа жалғанады да білекке оралады. START/STOP
түймешігін басқан кезде аспап сығымдауды автоматты түрде бастайды, сол кезде күретамырдың қан қысымы өлшенеді. Аспаптың сезімтал
элементі білектің күретамырының жүректің əрбір соғуына қарай кеңеюі мен тарылуынан пайда болатын көмкерме ішіндегі қан қысымының əлсіз
ауытқуын қалт жібермейді. Қан қысымы толқындарының тербелісі өлшенеді де ол сынап бағанасы миллиметрлеріне айналдырылып, сандық
мəн ретінде СК-дисплейге шығарылады. Аспаптың ырғақсыздық кейіптегіші, сондай-ақ əрқайсысында орташа мəнді есептей алатын 2 жад бар.
NISSEI жаңа технологиялары
Fuzzy Infl ation алгоритмі – көмкермеге үрленген ауа қысымын автоматты түрде таңдау алгоритмі. Аспап осы алгоритмді пайдалана отырып, адамның
жеке ерекшелігіне қарай көмкермеге қандай деңгейге дейін ауа үрлеу керектігін өзі анықтайды. Аспап Fuzzy Infl ation алгоритмінің арқасында пайдалануға
ыңғайлы, ал өлшеулер – оңтайлы да дəл бола бастады.
Аспап дисплейіндегі арнайы белгі – жүрек ырғағының бұзылуын көрсететін кейіптегіш жүрек соғуының ырғақсыздығынан хабардар
етеді, соның арқасында өлшеулер нəтижелері дұрыс болады.
Сенсорлық басқару – аспапты ыңғайлы сенсорлық басқару саусақ ұшын тигізумен ғана жүзеге асырылады.
Бөгеуілдерді анықтау – кейіптегіш өлшеу нəтижесіне əсер етуі мүмкін бөгде шуылдың бар екендігінен хабардар етеді.
Қан тамыры қысымы – аспап өлшеу нəтижесімен бірге дисплейге тамырдың қан қысымы шамасын да шығарады. Тамырдың қан
қысымы – ең жоғарғы жəне ең төменгі қан қысымы арасындағы айырмашылық.
M-Cuff көмкермесі – көмкерменің NISSEI компаниясы жасаған жəне патенттеген бірегей түрі. «М» үлгісіндегі көмкерме бір мезгілде
екі қан тамырындағы соғу толқынын сенімді түрде есептей алады.
38

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents