Bosch GCM 8 SJL Original Instructions Manual page 226

Hide thumbs Also See for GCM 8 SJL:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 23
OBJ_BUCH-1736-003.book Page 226 Thursday, August 14, 2014 1:15 PM
226 | Қaзақша
Жинау
 Электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол
бермеңіз. Орнату кезінде және электр құралындағы
барлық жұмыстарда желі айыры тоққа қосылмауы
керек.
Жеткізу көлемі
Электр құралын алғашқы рет іске қосудан алдын төменде
жазылған бөліктердің жинақта барлығын тексеріңіз:
– Алдын ала ара дискісі орнатылған панельдік ара
– Бұрандалы қысқыш 29
– Алты қырлы кілт 34
Ескертпе: Электр құралын зақымданулар барлығына
тексеріңіз.
Электр құралын пайдаланудан алдын қорғағыш аспаптар
немесе аз зақымдалған бөліктерді әбден мінсіз және
дұрыс істеуін тексеріңіз. Жылжымалы бөлектер кедергісіз
істеуін және қысылмауын немесе бөліктер
зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс
орнатылған және кедергісіз жұмыс істеуді қамтамасыз
ететін пайдалану шарттарына сәй болуы керек.
Зақымдалған қорғағыш аспаптар мен бөліктер өкілетті
шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Қатты немесе икемді орнату
 Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.
Жұмыс аймағында орнату (A–B суретін қараңыз)
– Электр құралын сәйкес бұрандалармен жұмыс
аймағында бекітіңіз. Ол үшін 25 ойықтары көмектеседі.
немесе
– Электр құралының аяқтарын стандартты бұрандалы
қысқышпен жұмыс аймағында бекітіңіз.
Bosch жұмыс үстелінде орнату
Bosch фирмасының GTA жұмыс үстелдері электр
құралдарын биіктігі реттелетін аяқтары арқылы кез келген
табанда бекітеді. Жұмыс үстеліндегі дайындама
тіреуіштері ұзын дайындамаларды тіреуге арналған.
 Жұмыс үстелі жинағындағы барлық ескертулер мен
нұсқаулықтарды оқыңыз. Ескертпелер мен нұсқау-
лықтарды сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе
ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
 Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін
дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін
мінсіз құру маңызды болып қалады.
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
орнатыңыз.
Икемді орнату (ұсынылмайды!)
(C суретін қараңыз)
Ерекше жағдайларда электр құралын тегіс тұрақты жұмыс
аймағында орнату мүмкін болмаса, көмекші ретінде
құлаудан сақтағышын орнату керек.
 Құлаудан сақталмаған электр құралы тұрақты
тұрмай, максималды қисайту бұрышындағы аралау
кезінде құлауы мүмкін.
1 609 92A 0XG | (14.8.14)
– Құлаудан сақтауды 22 электр құрал дәл жұмыс
аймағында тұрғанша бұраңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа
зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайда-
ланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық
реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының
ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының
шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат,
ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есепте-
леді. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі
керек.
– Әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып
қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаңсору үшін жоңқа шығатын жерге 2 шаңсорғыш
шлангін (Ø 35 мм) қосу мүмкін.
– Шаңсорғыш шлангін жоңқа шығатын жерге 2 қосыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Аралау дискісін алмастыру
(D1–D4 суреттерін қараңыз)
 Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті
ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз өң-
дейтін материалға сәй аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Аралау дискісін шешу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Алы қырлы бұранданы 45 жинақтағы алты қырлы
дөңбек кілтпен (5 мм) 34 бұрап, шпиндель бекіткішін
44 тірелгенше бірдей басыңыз.
– Шпиндель бұғаттауын 44 басып ұстап бұранданы 45
сағат тілімен бұрап шығарыңыз (сол жақтық бұранда!).
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents