Philips AQUA 8000 Series Manual page 184

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қазақша
186
-
Металл ылғалды лентаны өткір затпен тазаламаңыз, себебі ол лентаның зақымдалуына әкелуі
мүмкін. Ылғалды лентаны ағынды сумен шаю арқылы ғана тазалаңыз. Ылғалды лентаны тазалау
мүмкін болмаған кезде оны ауыстырыңыз.
-
Ылғалды лентаны түпнұсқалы лентамен ауыстырыңыз.
-
Құрылғы мен су ыдысының дұрыс жұмысын және жақсы тазалау нәтижелерін қамтамасыз ету үшін,
үнемі түпнұсқалы Philips тазалау төсемелерін пайдаланыңыз.
-
Су ыдысын нұсқауларға сәйкес тазалаңыз. Су ыдысын ыдыс жуатын машинада жумаңыз.
-
Aqua Boost тепкісін (сурет 4) тазалау үшін агрессивті тазалау агенттерін немесе құралдарын
пайдаланбаңыз.
-
Еденді жуғаннан кейін құрылғыны тіркелген су ыдысымен бірге зарядтау станциясына тіркелген
күйде сақтамаңыз. Бұлай істеген жағдайда сулы еден жуу төсемесі қабырғаға тиіп, зақым келтіруі
мүмкін. Құрылғыны сақтау алдында су ыдысын үнемі алыңыз.
Батареяның қауіпсіздік нұсқаулары
-
Бұл өнімді осы пайдаланушы нұсқаулығында сипатталғандай тек осы арнайы мақсатына
пайдаланыңыз және жалпы және батарея қауіпсіздігі нұсқауларын орындаңыз. Бұрыс пайдалану
электр тоғын соғуға, күйікке, өртке және басқа қауіптерге немесе жарақаттарға себеп болуы мүмкін.
-
Батареяны зарядтау үшін өніммен берілген алынбалы қуат құрылғысын ғана (ZD12D300050EU)
пайдаланыңыз. Ұзартқышты қолданбаңыз.
-
Өнімді тек 5 °C және 40 °C аралығындағы температурада зарядтаңыз, қолданыңыз және сақтаңыз.
-
Өнім толығымен зарядталған кезде оны үнемі розеткадан ажыратыңыз.
-
Өнімдер мен батареяларын жағуға болмайды және оларды тікелей күн сәулесі немесе жоғары
температура әсеріне ұшыратуға болмайды (мысалы, ыстық көліктердің іші немесе ыстық пештердің
жаны). Батареялар шамадан тыс қызып кетсе, жарылып кетуі мүмкін.
-
Егер бұйым қатты қызып кетсе, одан біртүрлі иіс шықса, түсі өзгерсе немесе әдеттегіден ұзақ
зарядталса, бұйымды қолдануды және зарядтауды тоқтатыңыз да, еліңіздегі Philips тұтынушыларға
қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.
-
Өнімдерді және батареяларын микротолқынды пештерге немесе индукциялық плитаға салуға
болмайды.
-
Бұл өнімде ауыстырылмайтын, қайта зарядталатын батарея бар. Қайта зарядталатын батареяны
ауыстыру үшін өнімді ашпаңыз.
-
Батареяларды қолданған кезде қолыңыз, өнім және батареялар құрған екендігіне көз жеткізіңіз.
-
Батареяларды қызудан немесе улы не қауіпті заттардың шығуынан болдырмау үшін өнімдер мен
батареяларды өзгертуге, тесуге немесе зақымдауға болмайды және батареяларды бөлшектеуге,
қысқа тұйықтауға, артық зарядтауға немесе кері зарядтауға болмайды.
-
Батареяларды алғаннан кейін кездейсоқ қысқа тұйықталуын болдырмау үшін батарея
клеммаларының металл нысанмен (мысалы, тиындар, қыстырғыштар, сақиналар) байланысуына
мүмкіндік бермеңіз. Батареяларды алюминий фольгаға орауға болмайды. Батарея клеммаларын
қоқысқа тастау алдында орауға немесе пластик қалтаға салуға болмайды.
-
Батареялар зақымдалса немесе кемісе, теріге немесе көзге тигізбеңіз. Осы орын алса, бірден
сумен жақсылап шайып, медициналық көмекке жүгініңіз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен
ережелерге сәйкес келеді.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Aqua xc8149/01Aqua xc8147/01

Table of Contents